Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.
Буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай көрсетуге болады.
1. Ашық буын
Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Дыбыстық құрамы:
1) А:
а, ә, ана, әже, ене, оқы, өре, ұзақ, ұйыдыра, ыдысы.
2) ВА:
баласы, білімі, де, не, желі, та, тала, дала.
3) ВВА:
станок, стакан, стимул, гранат, графа, право, плакат.
4) ВВВА:
стратег, стратегия, стратификация, стратостат, стратосфера.
2. Тұйық буын
Тұйық буын – соңы дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын.
Дыбыстық құрамы:
1) АВ:
ат, ай, әндетті, ойланды, үй, ақтар, әлден.
2) АВВ:
ант, өрт, ұлт, өртте, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс, акт.
3) ВАВ:
бастар, бастық, тастай, бұлбұлдар, тақ-тақ.
4) ВАВВ:
қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, қарт.
5) ВАВВВ:
пункт, центр, Маркс, фильтр, текст.
6) ВВАВ:
шкаф, шлак, шлем, шлюз, крем, штаб, шпал, стаж, граф, хлор, шторм, сталь.
7) ВВАВВ:
спорт, старт, скетч, трест, стенд, штамп, крест.
8) ВВАВВВ:
спектр.
9) ВВВАВ:
штрек, штраф, штрих, шприц, стрелька, структура.
Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі тілдеріндегі сөздер негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 бет.