Мұндай сөйлемге толықтауыш, бастауыш, баяндауыш (Т-Б-б) құрылымы тән. Мұнда басқа сөйлемдердегі сияқты, сөйлем толықтауыштан басталып тұрғандықтан, толықтауыш кейінгі айтылатын ойдың қайнар көзі болып табылады. Алғашқы сөйлемі толықтауыштан басталатын тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықтар публицистикалық стильде көп кездеседі:

Жастарды маңызды салаға жұмылдыруда Жамбыл, Ленин, Сергеев және Мәскеу аудандарында ізденісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Алғашқы екі ауданда жеті-жетіден қой өсіруші жастар бригадалары құрылған (“Лен.жас”).

Бұл - екі жай сөйлемнен құралған, өзара пысықтауыш - пысықтауыш қатынасында (Жамбыл, Ленин, Сергеев және Мәскеу аудандарында - алғашқы екі ауданда) байланысқан күрделі синтаксистік тұтастық.

Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 бет.