Кіріспе
Қазақ емлесі (орфография) тарихында
өзіндік орны бар ғалымдардың бірі – Елдес Омарұлы. Ғалымды А.Байтұрсынұлынан кей- ін
бұл мәселемен ғылыми
деңгейде айналысқа алғашқы
есімдердің бірі ретінде тануға лай- ықты негіз бар. Бүгінде тілші ғалымдарға Елдес Омарұлының
есімі белгілі, А.Байтұрсынұлы- ның төл шәкірті, лингвистикалық мектебінің өкілі екені баршаға мәлім. Алайда ғалымның
ғылыми мұралары тыңғылықты зерттеліп, қа- зақ тіл білімінде алар орны айқындалмай ке- леді. Бұл – ғалым мұраларына бүгінгі ғылым биігінде лайықты баға бере алатын тіл ма- мандарының мойнындағы жауапты міндеті. Десе де ғалым мұраларын зерттеуде оның А.Байтұрсынұлымен ғылыми байланысына назар аудармау – тыңғылықты тұжырымға әкелмейтінін қаперден шығармаған жөн. Қазірге мәлім деректерге қарағанда, А.Бай- тұрсынұлы мен М.Дулатұлы Омарұлы Елдеспен 1914 жылдың өзінде пікірлес болып, оны қазақ жастарының ішіндегі пікірі салмақты, талабы мен таланты оқшау талапкер ретінде бағалайтыны айтылады. Е.Омарұлы бұл жыл- дарда жазу, емле мәселесімен тыңғылықты айналысқан жоқ. Оның тіл білімі саласындағы өнімді қызметі А.Байтұрсынұлымен бірге ҚР Оқу комиссарияты құрамында болған кезең- нен басталады.
Е.Омарұлына дейін де қазақ емлесінің қалыптасып дамуы
жолында талпынған қа- зақ оқығандары болды. Олардың
қатарын- да Шәкәрім Құдайберді, Ғабдулғазы Муса, Ишанғали Бейсенұлы,
Хасен Ғали (ноғай), Шаһзаман, Нығыметолла Күзембаев, А. Бекмұхаммедов т.б. бар.
1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесі» («Оқу құра- лы») жарық көргеннен
кейін аты аталған ав- торлардың қатысуымен қазақ емлесінің бұл жаңа беталысы
қазақ және ноғай (татар) тіл- ді басылымдар арқылы көптеп талқыланды. Десе де
А.Байтұрсынұлы мен аталған автор- лардың емле туралы білігін салыстыруға да
келмейтін, сондықтан олар «Байтұрсынұлы емлесіне» ескерерлік ұсыныстар мен сын- дар айта алмады. «Байтұрсынұлы емлесін- де» кейбір олқылықтар болуына қарамастан,
1912-1922 жылдар аралығында қолданылды. Реформатор ғалым жасаған емле «Оқу
құра- лы» еңбегінен бұрын «Қазақ» газеті арқылы көпшілікке кеңінен танымал бола
бастаған- дықтан, «Қазақ емлесі» («Қазақ» газетінің емлесі) деп аталды. Осы
«Қазақ емлесінің» кемшін тұстарын жазу тәжірибесі кейіннен көрсетті, содан оны жетілдіру жолында іздені- стер
туындады. Бұл мәселені алғаш рет терең зерделеген ғалым Омарұлы Елдес болды. ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары қазақ тілінің емле, жазу мәселесі Елдестің меншікті
тақырыпта- рының біріне айналды.
Зерттеу әдістері
Мақалада Елдес Омарұлының қазақ ем-
лесі туралы тұжырымдары жеті тақырыпқа бөлініп талданады. Зерттеуде сипаттамалы
әдіс, тарихи әдіс, салыстыру, жинақтау, жүй- елеу тәсілдерді қолданылды.
Талқылау
Е.Омарұлы емле мәселесімен Қазақстан
Республикасы Оқу комиссарияты жанынан құрылған Білім кеңесінің хатшысы қызметін
атқарған кезеңнен бастап айналыса бастады. 1923 жылы Білім кеңесінің басшысы А.Байтұр-
сынұлының жетекшілігімен 13 баптан тұра- тын қазақ тілінің жаңа емле ережесі
дайын- далып, оған Кеңестің хатшысы ретінде Елдес Омарұлы, Оқу комиссары Нұғман
Залыұлы қол қойып бекіткен.
Бұл емле ереже сол тұста жарық көріп тұрған «Еңбекші қазақ»,
«Қазақ тілі» т.б. газеттерде қатар басылып, көпшілік- ке таныстырылған. Соңын
ала дәл осы ереже Түркістан Республикасы Халық
ағарту комис- сарияты жанындағы Білім комиссиясының да мақұлдауынан өтіп, Комиссия төрағасы Х.Досмұхаммед, мүшелері
М.Жұмабаев пен Ә.Диваевтің қол қоюымен, ереженің 5-бабы қысқарып, 12 баппен Халық ағарту комиссары С.Қожановтың ресми бұйрығымен
бекітіледі. Осылайша бұл емле ереже Түркістан ау- мағында да қолданысқа енеді.
Қысқарып қалған 5-бап ереже мынадай: «Ішінде «ﺥ» (х),
«ﺵ» (ч), «ﻑ» (ф), «ﻫ» (һ) дыбыстары бар жат сөз-
дер, мағынасы бұзылып
кетпейтін болса, ішін- дегі жат дыбыстары шығарылып,
орнына қа- зақ тіліндегі дыбыстар
қойылып, қазақ тілінің дыбыс қиынына үйлестіріліп
айтылып, һәм солай жазылады. Жоғарғы
төрт хәрф, ішіндегі жат дыбыстарды шығарып
тастағанда сөздің мағынасы бұзылып кететін болғанда гәнә, сол жат дыбыстарды
белгілеу үшін жазылады. Ондай сөздерді әркім әртүрлі жазып кетпей- тін болуы
үшін Білім кемесиесі жат сөздерді тізіп, лұғат жазып шығарады». Бұл баптың, аса
маңыздылығына қарамастан, Түркістан Республикасы аумағында қолданылмай себебі белгісіз. Мүскін оңтүстік өңірдің
тілі аталған дыбыстарды айтуға бейім, жазба тілінде кір- ме элементтер (өзбек, парсы) көп болуынан да болса керек.
Жоғарыда аталған 1923 жылғы емле ере-
женің жасалуына Елдес Омарұлының өзін- дік
үлесі бары даусыз. Елдестің бұл ережеге хатшы ретінде қол қоюшы ғана болмағанын
одан кейінгі әр жылдары емле тақырыбында
1. Жазу ұстанымдары (принциптері):
1924 жылы Орынборда «Қазақ білімпаз- дарының тұңғыш
съезі» (бұдан әрі – ҚБТС) өтіп, онда қаралған
басты мәселелердің бірі
«Қазақ тілінің емлесі» болғаны белгілі. Елдес айтқандай,
шынында да А.Байтұрсынұлы- ның емлесінде кейбір кемшіліктер бар еді. Қазақ
оқырмандарының тіл туралы білімі артып, жазу машығына
төселген сайын осы
кемшіліктер көріне бастады. Басылым бет- терінде түрлі
пікірлер айтылып, қазақ зи- ялылары арасында талас-тартыстар күшейе түсті.
Сондықтан бұл түйткіл, өзекті мәселе- лердің бірі ретінде, Білімпаздар съезінің
күн тәртібіне қойылды. Съезде емле мәселесі бойынша бас баяндамашы Е.Омарұлы
бол- ды. Емле мәселесінде А.Байтұрсынұлынан тәжірибелі, білікті ғалымның жоқ
екені кімге де болса түсінікті болғанымен, Съезде емле туралы баяндама
тізгінін Елдестің алуы күтіл-
меген міндет емес еді. Елдес ұзақ жылдар бойы А.Байтұрсынұлымен пікірлес, істес бола жүріп, оның тіл туралы ғылыми мұра-
ларын терең меңгерді және ол ашқан қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын
қорытындылай отырып, жазу тәжірибесінде ұтымды қолда- на білді. Сондықтан
Елдестің тіл турасындағы әрбір тұжырымдары мен ұстанымдарында А.Байтұрсынұлы
идеяларының айқын ны- шандары бар. Мұны екі ғалымды
салыстырып оқыған қырағы зерттеуші аңғарады. Елдестің мүмкіндігін бұрын
да, одан кейін де байқаған А.Байтұрсынұлы шәкірті ретінде емле мәсе- лесінде
Елдеске көп сенім артады. Елдестің емле мәселесіне тереңдеп
енгені соншама, кей тұстары А.Байтұрсынұлының өзі онымен
са- насатын болды. Есесіне
Елдес ұстазының емле турасындағы идеяларын дамытты және
қазақ емлесінің жетілуіне өзіндік үлес қосты.
Елдес Омарұлы ҚБТС-да жасаған
баянда-
масында емледегі түйткілдерді тақырып бой- ынша жүйелеп,
әрбірін жеке-жеке дәйектеді. Ең әуелі, жазу принциптеріне тоқталып, оның дыбыс жүйелі (фонетикалық
принцип), сөз жүйелі (морфологиялық
принцип) екі түрін атады. Жазу принциптерін ешкім қалағанын- ша таңдай
алмайтынын, оны тілдің табиғаты таңдайтынын баса айтты. Қазақ тілінің ұста-
нуға тиіс негізгі принципі «дыбыс жүйелі» (фонетикалық принцип) дей отырып, оны
қазақ тілін таза сақтаудың шарты есебінде көрсетті. Сондықтан жазуды қарапайым
қа- зақтың сөйлеу тіліне
жақындату керектігін қу- аттады. Ал бұл екі принциптің қазақ тіліндегі арақатынасы туралы: «Қазақша сөздің түбірі өзгермейтін болған соң, біздің дыбыс жүйесінше
жазғанымыз сөз жүйесінше де дұрыс болады», – дейді [1, 63 б.]. Соңғы
жылдарға дейін қазақ
Ол тағы: «Қазақша
жазудың сөз жүйесінше дұрыс болмайтын жерлері де бар», – дей келіп, мұның
дәлеліне «ы» дыбысының түбірден түсіп қалуын көрсетеді [1, 63 б.]. А.Байтұр-
сынұлының «Бітеу буын ережесі» бойынша түбір сөзде екі дауыссыз арасындағы «ы»
ды- бысы түсіріліп жазылатындықтан (М:
қорт), сол түбірден тараған туынды сөздің (М: қо- рытынды) түбірі (М:
қорыт) әуелгі түбірге ұқсамай шығатынын айтады. Бұл – жазу ере- жесімен
болған түбірдегі өзгеріс еді. Мұндай өзгерісті қалпына келтіруге болады
(қазіргі қолданыстағы емледе дұрыс жазылады). Ал тілімізде тілдің өз
заңдылығымен болатын түбірдегі өзгерістер де бер. Ол да осы «ы» ды- бысына
байланысты. Мысалы, «көрік» деген сөзге «і»
тәуелдік жалғауын жалғасақ, «көркі»
болады. Мұндағы екі түбір (көрік – көрк) ұқ-
сас емес. Бұл түзеу тілемейді, өйткені қателік емес. Мұны өзгертуге болмайды.
Сондықтан қазақ жазуында морфологиялық
принциптің де бұзылатын тұсы бар. Бұл бізге, ғалым ай- тқандай, фонетикалық
принцип бойынша жазу морфологиялық принцип бойынша да дұрыс болатынын, бірақ
бұлай болуы жазуы- мызда басты принцип морфологиялық де- генді білдірмейтінін
түсіндіреді. Шешуші сәтте фонетикалық принцип
морфологиялық принциптен үстем, оған жетекші болатынын көрсетеді.
ҚБТС-де қаралған емле ережелерін
сарап-
тау,
түсіндіру үшін Съезден кейін жазылған (1924 жылы) «Жазудың жаңа ережелері» атты мақаласында да ғалым жазу принциптеріне тоқталады. Мақалада
қазақ жазуының мор- фологиялық принципке қайшы тағы бір тұ- сын көрсетеді:
«Біздің сөз жүйесіне келмей жазылатын сөздеріміз аз. Бізде сөз жүйесінше
жазылмайтын сөздердің көбі «қ» пен «к»-ке тынатын түбірден болған туынды
сөздер. Он- дай сөздерге дауысты дыбыспен басталатын жалғау, жұрнақтар
жалғанғанда, «қ»-пен «к» өзгеріп, «ғ», «г» болады. Жазуымыз дыбыс жүйесінше
болған соң, біз ондай сөздерді түбіріне ұсатпай (ұқсатпай – Е.М.), естілуінше жазамыз. Мәселен,
бек, бақ сықылды түбірлер-
ден болған бегі, бағамын
деген сөздерді осылай, естілуінше жазамыз. Бұл сөздерді
сөз жүй- есінше жазсақ, бекі, бақамын болып
жазылар еді де, естілуі де, мағынасы да басқа сөздер- мен қатысып кетер еді»
[1, 84 б.]. Ғалымның мұнда айтып отырғаны – «Бітеу буын ереже- сі» сияқты,
жеңілдік үшін жасалған жасанды заңдылық емес, тілдің өз заңдылығы. Бұдан бөлек, біздің
байқауымызша, морфологиялық
принципке қайшы келетін сөздер біріккен, кіріккен сөздерде де кездеседі (М: тәңертең, бүгін т.б.). Дегенмен,
ғалым сөз жүйелі жазу- дың артықшылығы жазу мен оқудың анағұр- лым жеңіл,
автоматты болып, сөзді қаріптеп оқымай, сөз тұрқын (суретін) жаттап, тұтас
танып оқуға мүмкіндік беретіндігінде екенін айтады [1, 84 б.]. Осы айтылған
тұжырымнан, жазу принциптерінің өзіндік
артықшылықта- ры мен қатар,
жазудың автоматтылық мәселе- сі де аңғарылады.
1929 жылы жазылған «Емле
мәселесі» атты
мақаласында: «Қазақша жазудың
жолы дыбыс жүйесінше дейміз. Бірақ таза дыбыс жүйесін- ше болып шығатын
емле ешбір тілде де болған
емес. Ондай емленің
болуы мүмкін де емес. Біз өз емлемізді дыбыс жүйесінше дегенде,
оны басқа тілдердің емлесімен салыстырып, басқа емлелерге қарағанда дыбыс
жүйесінің жолы- на анағұрлым жуық болған соң,
сонымен ғана дыбыс жүйесінше
дейміз», – дейді [1, 169 б.]. Ғалым, қазақ жазуының дыбыс жүйелі екенін одан сайын дәйектеуіне қарамастан, бұл прин- ципке де қайшы тұстардың
бар екенін таниды (көк дөнен, қара өгіз). Күрделі құрамды сөздер- де сөздің түбірін сақтамай жазу сөзжасамның
аналитикалық тәсіліне оңтайлы болмайды. Себебі, мұндай жағдайда, түбір сөз бен
«сөз- жұрнақтардың» графикалық формасы көбей- іп қана қоймай, сөз тұрпаты тани
алмастай түрленіп кетеді. Сондықтан мұндай сөздерді сөз жүйесінше түбірін
сақтап жазу керектігін ғалым нақты айтты. Бұл қатарға дыбыс жүй- есімен
естілуінше жазғанда мағынасы өзгеріп кететін сөздерді де жатқыза келіп, принцип
алмасуға негізгі себеп «мағына» екенін айта- ды. Бұл морфологиялық принцип сияқты бо- лып көрінгенімен, мұндағы
негізгі ой ұшығы, ол кезеңдегі лингвистиканың деңгейі тани қоймаған, семантикалық, фонематикалық
1.
Тіл заңы
және оның жазумен байла- нысы:
Е.Омарұлы тіл заңдары туралы да өзекті ойлар айтады.
«Дұрысында, ешбір тілде де тастай қатқан тұрлаулы заң болмайды» [1, 78 б.], -
дей келіп, заңның заңдылыққа айналуын тіл дамуына жасалған мүмкіндік ретінде
қа- растырады. «Қазақ тілінде бұрын бар дыбы- стар қазір де бар. Бірақ жүре
келе қазақтың тіл жүйесі өзгерген, тіл заңдары
көбейген» [1, 43 б.], - дейді. «Дағдылы жол мен айлалы жол» атты
мақаласында тіл дамуын Дарвин- нің эволюциялық жолымен ұштастыра оты- рып, дағдылы жол (табиғи даму) және айлалы жол (жасанды даму) деген екі
түрлі даму жо- лын атайды. Мұнда тілдің дәуір салған табиғи өзгерісін елемеуге болмайтынын
айтады [1, 43 б.]. Сондай-ақ тіл заңына сүйене
отырып,
«айлалы жолмен» жасаған
өзгерістер де тіл-
ді
өңдеуге, байытуға себеп болатынын ескер- теді. Осы тұрғыда, емленің тілге,
сөйлеуге айтарлықтай әсері барын көрсетеді. Мұның дәлеліне соңғы жылдарда
жазудың әсерінен мәдәнійәт, мәктәб, кәсіп сөздері мәдениет, мектеп, кесіп болып өзгере бастағанын айтады [1, 44 б.]. Ғалым жазудың (айлалы
өзгерістің) тілге тигізер осындай өң әсерін пайдалана отырып, сол жылдарда өз
еңбектерінде қате, кітап, қазір,
дәстүр, құрмет, т.б. сөздерді мақ- сатты түрде кітеп, қата, кәзір (әзір), дәстір, күрмет деп қазақ тілінің буын үндестігі
заңы- на икемдеп бере бастайды. Бұл – тіл түзеуге жазудың күшін пайдалану еді.
Е.Омарұлы ҚБТС-дағы қорытынды сөзін- де: «Жазудың,
әдебиеттің қызметі – тілдің өз- герісіне әсер беру емес, сол өзгерістен қалмай еріп отыру, болған өзгерістерді хаттап, таңба- лап отыру.
Тілдің ескі түрін ұстап алып,
сонан айрылмай, жаңадан болған өзгерісті тілдің бұзылғаны деп түсініп,
қабыл алмай отырған жазу елдің тіліне салған бұғау есебінде бола- ды», - дейді
[1, 62 б.]. Ғалымның бұл ойлары тілді күшін жоғалтқан өткен ғасыр заңдары- на
таңа беру де дұрыс еместігін танытады. Керісінше, әр тілдің өзгеру,
даму заңдылықта-
рын, бағытын анықтап,
оның әрі қарай жедел-
деуіне амал қосу керектігін айтады. Бұл «төл заңдылыққа оралу» атымен өткен ғасырлар-
дың «тіл елегі» үшін жасалған талпыныстар- дың барлығы дұрыс бола бермейтінін,
кейде мұндай қадам тілдің түп заңынан туған жаңа заңдарына кедергі болатынын
түсіндіреді. Ға- лым тағы тілдің өзге тілдермен қатысқанда, өзін қорғайтын
иммунитеті болатынын айта- ды. Мұны «сақтық заң» деп атай келіп: «Тіл сақтық
заңына бағынып, өзінің дербес заңда- рын, өзіне ғана меншікті негізгі сырларын
жоғалтпай, аман сақтау жолымен басқа тіл- дермен қатысып, өңін бұзып жібермей,
өзге тілдерден өзгеше, өзіне ғана меншікті түрге түсу бағытымен өзгереді» [1,
45 б.]. Демек, тіл заңы аясында жазу мен тілдегі жаңа ұғымдар мен жаңа
өзгерістерге өріс ашу қажеттігін тани білген ғылымдардың бірі – Е.Омарұлы.
Е.Омарұлы емле ережелерін жасауда,
ең
әуелі, қазақ тілі дыбыстарын жіктеудің аса маңызды екенін айтады. Бұл ойын «Қазақша дыбыстардың жігі» мақаласында: «Дыбыс жүй- есінің де, сөз жүйесінің де түрлі ережелерінің тетігі – сол дыбыс жігінде» [1, 136 б.], - деп түй- індейді. Демек, дыбыстардың дұрыс жіктелуі дұрыс емленің жасалуына негіз болады. Сол себепті А.Байтұрсынұлы да, Е.Омарұлы да ем- леден бұрын, әуелі, дыбыстардың жіктелімін беріп отырған. Дыбыстар өзге дыбыстармен буын ішінде, буын жігінде, сөз бен қосымша жігінде, екі сөздің тіркес жігінде синтагмалық қатынасқа түсіп, өзара ықпалдасады (Елдесше айтқанда, «ымыраласады» – Е.М.). Ал дыбы- стардың мұндай функционалды ерекшелігі позиция қалыптастырады. Е.Омарұлы қазақ тілі дыбыстарының жігін дұрыс көрсету үшін дыбыстардың функционалды ерекшеліктерін мұқият зерделеген. Бұған ғалымның: «Қазақ тілінің кәбійнеті кәзір де дыбыс жүйесін тек- серіп, сөз ішіндегі дыбыстардың біріне-бірінің қалай жалғасатынын тексеріп жатыр» [1, 144 б.], - деген сөзі де дәлел. Елдеспен болған емле жайлы айтысында Ж.Аймауытұлы: «Жалғау- ларын, жұрнақтарын саусылдатып алып ке- леді»; «Елдес Тәшкенттегі жоғары мектепке оқытушы болғаннан бері бұрынғыдан да бе- тер дыбыстың түп-тұқиянын қазуға айналған көрінеді» [2, 3 б.], - деп жазатыны осыдан. Елдес Омарұлы – қазақ жазуы тарихында қазақ тілі дыбыстарының түрлері мен қасиетін, жі- гін тіркесім түрімен дәл анықтаған екінші ға- лым.
Кейбір беделді фонетист ғалымдардың зерттеулерінде бұл ХХ
ғасыр басы қазақ фо- нетикасы зерттелуінің «Интуициялық кезеңі» деп беріледі.
Бұл терминнің дефинициясын таратып айтсақ: «тіл дыбыстарын белгілі бір ғылыми
дәйекке емес, ішкі түйсікке сүйеніп, болжаммен, жорамалмен анықтау кезеңі»
дегенді білдірсе керек. Бүгінгі қазақ фонети- касының тұжырымдары тереңдегені
даусыз. Алайда қазақ тілінің
төл дыбыстарының саны 28-ге (24+4 жіңішке дауысты) тиянақталған,
дыбыстардың дауысты, дауыссыз, қатаң,
ұяң, үнді деген топтары,
тіпті әр тобының
саны мен түріне дейін дәл
анықталған, одан бері жүз жыл өтсе де, бұған ешкім өзгеріс енгізе ал- маған
классикалық кезеңді бұлай төмендету- ге болмас деген ойдамыз. Қалай дыбыстауды
әр сөйлеушінің өз ыңғайы білетін тиянақсыз артикуляцияға емес, сенімді тілдік
фактілер- ге (дыбыстар тіркесіміне) сүйеніп жасалған зерттеулердің нәтижелері мүлтіксіз тиянақты
болса керек.
1. Әріптердің (дыбыстардың) жазылы-
мы:
Елдес Омарұлы 1924 жылы жарық көрген
«Қазақша жазу жайы» атты мақаласында қол- даныстағы А.Байтұрсынұлы емлесінің
бірне- ше кемшіліктерін көрсетеді: бірінші кемшілік –
сүйеутаяқ («۱»). Бұл – түптамыры «соғды жазуына» тірелетін, берісі
«араб жазуынан» келе жатқан мың жылдан аса тарихы бар, сөз басында дауыстының
барлығын білдіретін белгі. 1912 жылы А.Байтұрсынұлы дауысты дыбыстарға жеке
таңба арнаса да, жазу дағ- дысын сақтап, оны әліпбиден бірден шығар- май,
қалдырған. Мұның қажет еместігін 1913 жылы жазылған «Жазу мәселесі» мақаласын-
да: «Оны керек қылғаным, халық жатсынбас үшін еді. Екіншісі басқа түріктерден
тым оқ- шау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі
бар деп өзім де айтпаймын», - деп, әу баста-ақ айтқан. Бұл мәселені Елдес Омарұлы
ҚБТС-да арнайы көтерді.
Нәтижесінде Елдестің тікелей түрткі болуымен
мың жылдық тарихы
бар сүйеутаяқ қазақ жазуынан
аластатылады.
Екінші кемшілік – «ы» дыбысының ашық буында жазылып,
бітеу буында жазылмауы.
«Ы»-ны көмескі дыбыс ретінде танудың үлкен ағаттық екенін
батыл айта отырып, оның се- бебі орыс орфографиясының ықпалына түсіп, қазақ
тілінің ішкі заңдарын жете түсіне алма- уда деп көрсетеді. Ғалымның көтерген
мәсе- лесі дұрыс еді. Дұрыстығы, өзі айтқандай, әр кезең сайын да айтылып келе
жатқан «орыс тілінің ықпалына түсу»
деген құрғақ даурықпа тұрғысынан емес, жазу теориясы
тұрғысынан тексергенде көрінеді. Бұл кемшіліктің мәнісі мынадай:
Ереже бойынша бітеу буындағы екі
дауыс- сыздың ортасындағы дауысты
«ы» дыбысы жа- зылмайтындықтан, шұғыл айтылатын жарқ, бүлк,
құрқ, жылт т.б.
еліктеуіш сөздер мен жа- рық (сын
есім, зат есім), бүлік, құрық (зат
есім- дер), жылыт (етістік) т.б.
сөздерді ажыратуға ауырлық тудырады. Сол сияқты, соңы үнділер
мен қатаң дауыссыздардың «ы»-сыз тіркесіне бітетін бұлт, қарт, ерт (ілестір) тектес сөздер мен тұлғасы осыған ұқсас қарыт (етістік), еріт (етістік) сөздерінің тұрпаты ұқсас жазыла- тындықтан, оқуда
шатасып, мәтін мазмұнын түсінуге айтарлықтай әсері болды. Мәнмәтін ішінде мұны
ажыратуға да болады. Бірақ ол кідіріс тудырады. Оқу мен жазудың автомат- ты
болуына керағар.
Емленің бірі қызметі – сөздің таңбалық
тұрпатын мағынаны мейлінше дұрыс беретін қалыпқа келтіру.
Осы тұрғыдан келгенде, бұл
«бітеу буын» ережесі фонем (фонема) мәсе- лесіне де
тіреледі. Фонема мағынаға айтар- лықтай әсері бар дыбыстарды көрсетеді және оны
таңбалаусыз қалдырмауды міндеттейді. Ахмет Байтұрсынұлы «бітеу буын» ережесін
шығарарда «ы» дыбысының көмескі айтылып, мағынаға айтарлықтай әсері жоқ
екенін бас- шылыққа алған. Бұл туралы ғалым: «Мен [ы] дыбысының харфі «ﯼ» болсын да, ол сөздің аяғында қалмай
жазылсын, басқа орындарда ол жазылмағанда, сөздің мағынасы бұзылып, кемшілік
келерлік болса жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасы- на кемшілік келмесе, жазуға
жеңілдігі болса,
«ы» дыбысының харфін жазбағанда не залал көреміз деген ойым еді. Мысалы: «қсмшлқ»,
«еркншлк» харфтерін түгел жазсақ, бұлай жазылмақшы: қысымшылық, еркіншілік. Осы сөз- дерді «ы»-сыз жазсақ та мағына бұзылмайтын болған соң, «ы»-ны жазбасақ та болмай ма де- генім еді [3, 4 б.].
Аталған түйткілді «орфограмма» ұғы-
мымен де байланыстыруға болады. Яғни бұл жазуда қате жіберу ықтималдығы жоғары
графемалар санатына жатады. «Ы» – жазы- латын жерде, түсіріп, жазылмайтын жерде
жазылып кетуге және сол бетімен қате оқуға соқтыратын дыбыс түрі. Мұны «сусыма
ды- быс» деп атауға да болады. Е.Омарұлы осын- дай кемшіліктерді түзету,
бәрінен бұрын, үйрету, оқыту жұмыстарына айтарлықтай жеңілдік тудыратынын
айтады.
Сөз болып отырған «Бітеу буын
ережесін» А.Байтұрсынұлы 1913 жылы шығарған және қазақ жазуында он жыл бойы
қолданылған. Оның кемшіліктерін ғалым өзі
де білген және
«ы» дыбысының
бас буындағы ерекшеліктері- не байланысты ережені
бірнеше рет түзеткен. Сөздің естілу жағына басымдық
бергендіктен, жазуды ауызша тілге, айтылу нормасына (ор- фоэпия) барынша
жақындатуды көздеген. Бұл жазудың жеңілдігі мен тіл заңы ұдайы бір-біріне үндес
келе бермейтінін көрсетеді. ҚБТС-да Елдес көтерген түйткілдердің бірі осы
«Бітеу буын ережесі» болды. Жоғарыда баяндалғандай, Съезде ғалым мұның
кемшілі- гін жан-жақты негіздеді. Нәтижесінде Елде- стің ұсынысы
қабылданып, Съез «Бітеу буын ережесін» жоюды мақұлдайды, «ы» барлық бітеу
буында түсірілмей жазылатын болды.
Үшінші мәселе – «и» мен «у». Ғалым «Қазақ- ша жазу жайы» мақаласында және одан кейін жасаған баяндамалары мен осы
тақырыпта арнайы жазған мақалаларының бәрінде «и» мен «у»-ды дауыссыз дыбыс деп таниды. Оған көптеген дәлелдер келтіреді. Сондықтан бұл
дыбыстарды буын тәртібіне
келтіріп, таратып жазуды
барынша қолдайды. Ғалымның бұл турасындағы дәлелдері мен дәйектеріне ай- тылар
уәж, қарсы дәлелдер бұрын да болған, қазір де бар. Олардың бәрін жинап-теріп тал- дасақ, бір мақала емес,
бір кітапқа да сыя қой- майды. Оның үстіне бұл таластың беті кімге де болса түсінікті, жұртты да жалықтыра
баста- ды. Сондықтан бұл туралы сөз ғалым ұстаны- мын білдірумен ғана
доғарылғаны жөн.
Мұнда айтпай кетуге болмайтын жалғыз-
ақ нәрсе – «и» мен «у»-дан тарайтын дыбыс тіркесінің нешеу екендігі. Ғалым -ыу , -ұу, -ый үш түрін (жіңішке
нұсқасымен алтау) көр- сетеді. Қосымшаларда келетін «у»-дың ал- дындағы дыбыс
«ы» дыбысы екенін шегелеп айтады: «Орыстарда «окно»-сын «а»-мен жаз- бай,
«о»-мен жазады. Себеп – дұрысы «акно» емес, «окно». «Алжыу» деген сөздің соңғы
буынындағы дауысты дыбыс көмескі, оны «ы» деуге де болады, «ұ» деуге де болады
(«ұу» мен «ыу»-дың айтылуы да, естілуі де бірдей).
«Алжыу»-ды үшінші жақтық қылып өзгерт- сек, алжұуы болмайды, алжыуы болады және алжыу деген
сөздің түбірі – алжұ емес, алжы. Сондықтан «алжыу»-ды дұрысынша
(бітеу буын ережесі болмаса), алжыу деп
жазу керек» [1, 28-29 бб]. Кей ғалымдар «и» мен «у» күрме-
уін «өте қарапайым» мәселе деп біледі. Қиын- ның түйінін өз қалағанындай етіп
шешудің жолы оған «қарапайымдық» мағына беру. Бір анығы, қарапайым мәселе ешқашан күрделі дау тудырмайды. Оның күрделілігі одан туын-
дайтын күрделі мәселелердің ұшығы болуын- да. Омарұлы Елдес те бұл мәселенің салмағы- на: «Жазу
ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен
«и»-да», - деп баға береді [1, 32 б.].
ҚБТС-да тағы былай деді:
«Бұрын ескі түрік тілінде «ы»-ның орнына көбіне «ұ»
дыбысы айтылатын болған. Бірақ жүре келе қазақ тілі басқа түрік тілінен жігі
ашылып, «ұ» дыбысы бар сөздердің көбі «ы»-мен айтылатын болған. Бұл – қазақ тілінің өз еркімен болған өзгерісі. Ол
өзгеріске қарсы болып, ескішілдік қылу- дың жөні жоқ, болған өзгерісті сөзсіз
қабыл алып, хаттап отыру керек. Қазақ тілінде «ұ» өзгеріп «ы» болып бара жатқандығы себепті
«ы» мен «ұ»-ның
көмескі естілген жерінде
«ұ»- ның орнына «ы» жазатын болсақ, жазуымыз тілдің өзгерісінің жөніне
дәл келеді» [1, 63 б.]. Бұл – қазақ
емлесіндегі өте принципті мәселе. Яғни қазақ сөздері соңғы буынға қарай ерін- бейімді ме,
езубейімді ме? Қазақ тілінің буын үндестігі ерінбейімді ме, езубейімді ме дегенді
анықтайды. Қазіргі ұсынылып отырған емле жобаларының ішінде «ұ» дыбысы арқылы ерін үндестігін екінші
буыннан асырып, сөз соңына
ҚБТС-да Х.Досмұхаммедұлы жеңілдік үшін «ұу/үу,
ыу/іу»-лардың бір ғана «ұ/ү» нұсқасын қалдырып, ереже шығаруды ұсына- ды. А.Байтұрсынұлы «у»-дың
алдындағы ды- быс «ы» екені бітеу буынды ашқанда айқында- латынын түрлі дәлелдермен көрсете
отырып, бұл ұсынысқа «мен оған қарсы емеспін» дей келіп, олай болуы үшін
«Бұлардың зат есімге айналған түрі де, тәуелдеу түрі де сол жөн- мен «ұ» болып
жазылуы тиіс» [4, 30 б.], - дей- ді (Мысалы, жазұуұнұң). Қазақ емлесіне, қазақ грамматикасына орасан бетбұрыс алып
ке- летін мұндай жобалардың ақиқат не ағат- тығын жазу тәжірибесі ғана
көрсетеді.
Е.Омарұлының емле туралы тұжырымда- рында екіұдай
тұстар да жоқ емес. «Жарты
да- уысты дыбыстар» мақаласында «жарты дауы- сты» аталған «р», «л»,
«у», «й» дыбыстарының емлесі
туралы тоқталады. Аталған дыбыстар- дың сөз шеніндегі орны туралы: «Бұлардың
өзге дыбыстардан өзгеше бір қасиеті сол – бұлар сөздің басында айтылмайды, сөздің бас
буынында жарты дауысты дыбыс болса, оның алдында ылғи бір дауысты дыбыс бола-
ды», - дейді. Сондықтан рыс, лас, лай,
рет, рас, ру т.б. сөздердің алдына дауысты қосып, ырыс, ылас, ылай, ірет, ырас, ұру түрінде
жазу дұрыс деп тұжырымдайды. Мұның дұрыстығының дәлеліне осы тұрпатты кейбір
сын есім сөз- дерге күшейткіш буын «ы» дауыстыдан баста- лып, ып-ырас,
іп-іретті түрінде жалғанатынын келтіреді [1, 120 б.]. Бұл
ақиқат заң ба? Бұған бүгінгі фонетика ғылымы әлі көз жеткізе қой- мады.
Әсіресе, лапылдау, лепіру, лүпіл, лоқсу,
лебіз т.б. сөздердің алдында «ы/і» дауысты-
ны қоя алмайтынымыз анық тұрғанда, бұған шүбәланбасқа болмайды. Бұл да –
бүгінгі ем- леде ақиқатын мұқият тексеруді қажет ететін түйткіл.
Е.Омарұлы қақақ емлесіндегі кемшілік-
тердің
негізгі бөлігін ҚБТС-да жасаған баян- дамасында көрсетеді. Кемшілік деп таныған
түйткілдердің алғашқысы – әліпбиге енген кірме дыбыстар. А.Байтұрсынұлы
әліпбиінде орын берілмеген «х», «ч», «ф», «һ» дыбыстары 1923 жылы «Білім кеңесінің» шешімімен қазақ
әліпбиіне енген болатын.
Съезде Е.Омарұлы
кірме дыбыстарды әліпбиге енгізуді «үлкен кемшілік» деп
көрсетті. Сондықтан оларды әліпбиден қайта шығарып тастау керектігін айта
келіп, оның себебін былай деп көрсетті:
«Білім кеңесінің онысы қата. Қазақ тіліне жат сөздерді
кіргізгенде, оның жат дыбыстарын бұзбай кіргізуге болмайды.
Жат дыбысқа жал- пы бұқараның тілі келмейді де,
ішінде жат дыбысы бар жат сөз
жалпыға жат болып қала береді. Сүйте келе қазақша әдебиет тілі бұқа- раның тілінен мүлде басқаланып, хат танитын бұқара
біздің жазған сөзімізге түсінбейтін бо- лады.
Ол болмай, ойда жоқ бір керемет себеп- тер болып, бұқара оқығандардан
қалыспай, жат сөздерді жат дыбыстарымен бұлжытпай айта алатын болып кетсе,
қазақтың тілі бұ- зылады» [1, 50 б.]. Съез мүшелері бұл туралы біршама тартыса
келіп, ақыры аталған дыбы- старды қазақ әліпбиінен шығаруды ұйғарады.
Бұған Елдес Омарұлы үлкен ықпал етті. Десе де сол «керемет себептер» қазір
шындыққа айналғанын мойындауға тиіспіз.
Қазіргі таңда жат дыбыстарды айта алмайтын оқыған
қазақ баласы жоқ. Бұл ана тілдің,
қазақ артикуляци- ясының
бұзылғанын (өзгергенін) білдіре ме?! Бәрінен де маңыздысы, Совет дәуірінен
қазір- ге дейін «қазақ тілі дыбыстары» деп жасалып келген фонетикалық эксперименттер
қандай дыбыстарды айтуға дағдыланған артикуляци- ялық аппараттарға жасалды
деген күдік туа- ды. Фонетистердің теорияларында мәселенің бұл жағы
айтылмайтындықтан, зерттеу нәти- желерінің шындықпен қаншалықты сәйкестігі де күмән тудырады. Біздің «Қазақ тілінде үн- дестік заңы бұрыннан қалған
қазақ сөздерінде болмаса, қазір ауызда (артикулияцияда) жоқ» деуіміздің мәні осында. Сондықтан үндестік заңын қорғау
күресі емле ережеден емес, ар- тикуляциядан басталуы керек. Ол үшін қазақ
тілінің орфоэпиясын оқыту қажет. Әйтпеген- де, ереже тарих алдында ақталу
парағынан өзге ештеңеге де жарамайды. Емле ережесі тіл дағдысына жасалады, тілді дағдыландыру үшін емес.
Съезде Елдес көтерген келесі мәселе –
жазуда дыбыстың негізгі
реңкін таңбалау. Бұл туралы былай дейді: «Қазақта «ә», «мә» деген одағайлар да бар, «ыңһ» дейтін
де одағай бар. Аттың жүрісін бәсеңдету
үшін айтылатын
«у», «й» бар, сондықтан олар уот, уорақ, уөгіз, йекеу, йел деп жазылуы керек деген ұсынысын талқылай келіп:
«Ондай айырмалардың бәрін де таңбалай береміз десек,
әрпіміздің саны 240-тан да асып кетуі мүмкін.
Ол жазуға үлкен қиындық болады», - дейді
[1, 51 б.]. Бұл дыбы- стардың негізгі реңкі таңбалануы
қажет деген тұжырымын жандандыра түседі.
Әрі жоғары- да жазу
принциптері туралы айтылған «Таза дыбыс жүйесінше болып
шығатын емле ешбір тілде болған емес. Ондай емленің болуы мүм-
кін де емес» [1, 169 б.], - деген пікірімен ұшта- сып жатады. Ғалымның бұл
тұжырымдары ауыздан шыққан дыбыстардың барлығын таң- балай беру емле болмайтындығын, фонетика- лық принцип пен фонетикалық транскрип- цияны
шатастырмау керектігін ұғындырады.
Осы мәселемен ұштас, кей тұжырымдары
«вариант» және «вариация» ұғымдарына де тіреледі.
«Қазақша жазу жайы» мақаласында былай дейді: «Қазақ тілінің кейбір дауысты
дыбыстары түрлі есептермен өзгеріп, екінші түрлі дауысты дыбыс болып айтылады.
Мәсе- лен, сауда деген сөздің
аяғында «а» жұмсақ
ай- тылатын -гер деген жұрнақпен жалғанып, «е» болып өзгереді (сауда + гер = «саудегер» болады); Қазақ тілінің кейбір
дауыссыз дыбыстары да солай өзгеріп, басқа бір дауыссыз дыбыс бо- лып шығады.
«Қ» өзгеріп «ғ» болады, «к» өз- геріп «г» болады.
Тарақ – тарағы болады, керек – керегі болады.
Солай кейде «қ» өзгеріп, «к» болады, «п» – «б» болып
өзгереді. Бірақ дауыс- сыз дыбыс өзгеріп, дауысты дыбыс
бола ал- майды» [1, 23 б.]. Ғалымның
мұндағы айтпағы вариант пен вариация екені айдан-анық. Тіпті, бір
ғана «саудагер» сөзінен «а» фонемасының үш түрлі реңкі
көрінеді: саудегер, сәудегер
– а, ә, е.
Алайда ҚБТС-да «қ» мен «к», «ғ» мен «г»
дыбыстарының емлесіне тоқтала
отырып, бұл дыбыстардың қазақ тілінде жуан және жіңіш- ке нұсқаларының жоқтығын, олар
бір-біріне жуан және жіңішке нұсқа бола алмайтынын, қай жағынан да төркіндес
еместігін айтады
[1, 52 б.]. Мұны өз тұжырымдарында А.Бай- тұрсынұлы да қуаттайды.
Ал орыс тілінде «к» мен «г»-ның жіңішке де, жуан да түрі барын айтады. Қазақ
тіліндегі бұл дыбыстар туралы ғалымдар арасында қазір де талас бар.
Буын мен сөз шеніндегі дыбыстардың
син- тагмалық қатынастары нәтижесінен пайда болған дыбыстық өзгерістер емледе
қиындық тудырмай қоймайды. Е.Омарұлы мұнда да орфографиялық білімін көрсетті.
1. Түбір мен қосымшаның жазылымы:
ҚБТС-да Елдес Омарұлы түбір мен қосым-
ша жігінде «п», «к», «қ», дыбыстары дауысты дыбыстармен тіркескенде «б», «г»,
«ғ» болып естілгенімен (айтылғанымен), қазақ тілінде төл сөздің соңы (Елдесше –
тұйық буынның соңғы) «б», «д», «г», «ғ» дыбыстарына аяқтал-
май, «п», «т», «к», «қ» дыбыстарына аяқтала- тынын
айтады. Мұны айтқан себебі, бұған дейінгі А.Байтұрсынұлы ережесінде «б» қатаң
дыбыстардың қатарына жатқызылып, «п» ды- бысына
аяқталатын сөздер «б» болып жазы- латын және «п»-дан басталатын қосымшалар
қатаң дауыссыздардан кейін «б» болып жа- зылатын. Е.Омарұлы бұның ағаттығын
айта келіп, сөз соңында «б» болып жазылып жүр- ген сөздерді «п»-ға ауыстыруды,
қатаң дауыс- сыздардан кейін «б» емес, «п» нұсқалы қосым- шалар жалғану керектігін ұсынады
[1, 55 б.]. Мұның дұрыстығын бүгінгі жазу тәжірибеміз
көрсетіп отыр. Алайда Съезде А.Байтұр- сынұлы мен Х.Досмұхаммедұлы, сөздің соңы
тұйықталып келгенде «п» емес, «б» болып естілетіндігін дәлел етіп, «б» болып
бұрынғы- ша жазылу керектігін құптады. Бұл тақырып- та Елдестікі дұрыс болса
да, Съез ұсынысты қабылдамай, «Тіл-құралдың» ережесі сақтау- ды ұйғарды [4,
45-55 бб.].
ҚБТС-да Елдес көтерген тағы бір түйткіл-
ді мәселе – түбірге жалғанатын екінші жақ жіктік
жалғауының жазылуы. Ғалым «Бай- тұрсынұлы емлесі» бойынша «-сын»
(оқисын) болып жазылып келген екінші жақ жіктік жалғауының дұрысы
«-сың» (оқисың) деп көр-
сетті. Алайда Съезде мұны Х.Досмұхаммед қолдағанымен, А.Байтұрсынұлы құптамады:
«1-жақтық жіктеу, тәуелдеулер «м» болғанда ғана 2-жақтық жіктеу
«ң» болады. 1-жақтық жіктеу «-мын»
болғанда, оған сәйкес 2-жақтық
Е.Омарұлы жазылымы немесе оқылымы
емле
ережелері шеңберінен шығып кететін кейбір ерекше жағдайларды «жазудың тұр-
лаусыздығы» деп атайды. Жазудағы мұндай тұрлаусыздықтардың қатарына дәйекшінің
қызметі шегінен тыс жатқан бейүндес қо- сымшалардың жазылуын жатқызады. Дәйек-
ші – А.Байтұрсынұлының жазу тәжірибесіне енгізген ұлы жаңалығы. Ғалымның
тұжыры- мы бойынша қазақ сөздері әрқашан біріңғай жуан және біріңғай жіңішке
болып үндес айтылады. Бәрінен мәртебесі биік осы ұлы заңға дәйекшімен
«белгітас» орнатты. Ахмет Байтұрсынұлы дәйекшісінің ұлылығы мына- да: бір ғана
дәйекші ([ﺀ]) Байтұрсынұлы
ем- лесінде 19 дыбыстың мәнін береді: 4 жіңішке дауысты ([ә], [ө], [ү], [і]), 2 жарты дауысты
([й],
[у]) және [қ], [ғ], [к], [г]-ден басқа
13 жіңішке
дауыссыз
дыбыстар. Ал аталған дыбыстар- дың сөз шеніне қарай ауысып, тұрпаты өз- геріп
отыратын 2-4 түрлі таңбалық нұсқасын қосқанда, бір ғана дәйекші 19 қаріпті, 62
таң- баны ықшамдайды.
Ғалым
тапқырлаған «Дәйекші ережесі» бойынша барлық жуан сөздер мен құрамын- да «е»,
«к», «г» дыбыстары бар сөздерге дәй- екші қойылмайтын. Десе де бұл ереженің де
құдіреті жетпейтін сөздер
жазу практикасын- да байқалды.
Оны да байқаушы – Е.Омарұлы. Ғалым қазақ тіліндегі дікі, -тікі, -нікі си-
яқты үндестік заңына бағынбайтын қосым-
шаларды түбірге қосып жазғанда, түбірдің
жуан/жіңішкелігін тануда қиындықтар туын- дайтынын байқаған. Оған мына
мысалдарды келтіреді: тұздікі, түздікі,
тордікі, төрдікі. Ереже бойынша «к» бар жерде сөзге (туынды немесе қосымшалы сөз болса да) дәйекші қой- ылмайтындықтан, түбірдің
жуан/жіңішкелігі де, мағынасы да мүлде бөлек кей сөздер бір- дей тұрпатта
жазылды. Сондықтан бейүндес қосымшалы сөздерде дәйекшіні тұтас сөзге қарап
қоймай, түбірге қарап қоюды, түбір жіңішке болса, қалдырмай қойып отыру ке-
ректігін ұсынды [1, 59 б.]. Бұл ұсыныс
1923 жыл Білім кеңесі
қабылдаған ереже тұсында «олай болса дәйекші
тым көбейіп кетеді» деген уәж-
бен қабылданбаған [1, 63 б.]. Дегенмен, Съезде мәселе жіті тексеріліп, Елдестің
бұл ұсынысы мақұлданады [1, 54-55
бб.].
Дәйекшіге байланысты мұндай кемшілік-
тер, әсіресе, аралас буынды шетел сөздерінде аса көп
кездеседі. Дәйекшінің ережесі шетел сөздерінің дұрыс оқылуына «қауқарсыз» бол-
ды (Дұрысы – арналмаған). Төте жазу «дәйек- шіден» бас тарта алмайтындықтан,
А.Байтұр- сынұлы бастаған ғылыми топ аралас буынды шетел сөздерін біріңғай
буынға айналдыруға көп күш жұмсады. Оның нәтижесінің сәттісі де, сәтсізі де
болды. Бір анығы – бұл реформа соңына жетпеді, жетпейтін де еді. Өйткені қа- зақ тілінің бар болмысын көрсететін құбылыс
өзге тілдерге мүлде керағар болатыны,
ол – заңдылық. Өзге заңдылықта құрылған сөз- дерді өз заңдылығына салуға
амал ғана емес, зорлық та керек.
Тіл зорлықпен түзелмейді де, түрленбейді. Бұл бір жазудың жүйесін
екінші жазуға қалпын құратпай көшіруге болмай- тынын көрсетті. 1928
жылдары қазақ жазуы латын негізді әліпбиге
көшкенде алғашқы жо- балардың бірінде дәйекшілі әліпбилер болды. Бірақ тәжірибе (практика) теорияны (ұлы да болса) әліпби жүйесінен
ығысуға мәжбүр етті.
«Үндестік заңын» Х.Досмұхаммед «Қазақ
тілінің қарауылы» деп атайды. Олай болса, осы дәйекші –
қарауылдың «қаруы» тәрізді. Қарусыз қарауыл қауқарсыз болатыны си- яқты,
жазудан дәйекші алынып тасталғаннан кейін, үндестік заңы өз күшін жоғалтты .
Ла- тын жазуы тұсында да, кирилл
жазуы тұсында да аралас
буынды шетел сөздері
лек-легімен
А.Байтұрсынұлының
1914-1924 жылға дейін қолданылған: ««Т» мен «д» дыбыстары дүда- мал болса,
«т» жазылмай, «д» жазылады», - де-
ген ережесі болды. Бұл ереже бойынша сөздің соңы қатаң дыбыстарға аяқталғанда,
оған
жалғанатын жалғаулар мен жұрнақтардың
«т» емес, «д» нұсқасы жалғанып жазылатын.
Бұл туралы Е.Омарұлы: «Сөздің аяғы қатаң дыбыс болғанда, оған жалғанған жалғау,
жік- теулердің «т»-сын «д» қылып өзгертпей, «т» қылып жазу керек: атдың, атды, атда, атдар демей, дыбыс жүйесінше аттың, атты, атта,
аттан, аттар деп жазу керек; ішдім,
ішдің де- мей, іштің, іштім деп жазу керек. -Дікі, -дағы,
-дай сықылды жұрнақтар, -да сықылды
деме- улер де қатаң дыбысқа жалғанғанда дыбыс жүйесінше тікі, -тағы, -тай, -та болып жа- зылуы керек: аттікі, аттағы, аттай, «ат та, арба да керек» делініп жазылу
керек», – дей келіп, сөз соңы қатаңға аяқталса, жалғанатын қосымшалардың «т»
нұсқасы жазылуын ұсы- нады [1, 58 б.]. Съез Елдестің бұл ұсынысын қабылдады.
Тек шылау болғанда ғана: ««да»,
«де» бөлек сөз болғаны себепті қатаң дыбы-
стардан соң да сол «да», «де» күйінде жазыла- ды. (Мысалы, Қазақта
ат да бар, ас да бар)», - деп
мақұлдады [4, 55 б.].
Омарұлы 1925 жылы жазылған «Айныма- лы
дыбыстардың жазу ережесі» деген мақа- ласында
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құралда» «тоң дыбыстар» (екінші нұсқасы жоқ,
өзгермейтін дыбыстар) деп атаған «қ», «ғ», («к», «г») дыбы- старына «айнымалы дыбыстар»
(өзгермелі) деп ат береді де, арнайы ереже шығарады. Ереже бойынша «қ», «к»
дыбыстары сөздің соңында келіп, оған дауыстыдан басталатын
қосымша жалғанғанда «қ» «ғ»-ға, «к» «г»-ге өзгеріп
жазылуы керек. Осы ретпен «Қазақы- стан» сөзін «Қазағыстан» деп жазу керек (қа-
зақым демейміз, қазағым дейміз) дейді. Мұ- ның фонетикалық принцип бойынша
дұрыс екенін негіздейді [1, 118 б.]. Ал Байтұрсынұлы бұған қарсы «Еңбекші
қазақ» газетінде «Қа- зақыстан ба? Қазағыстан ба?» деген арнайы мақала жазып,
көптеген дәлелдермен «Қа- зақыстан» нұсқасының дұрыстығын негіздей- ді (Мысалы,
Түркістан – түргістан емес, қазақы мал, қазағы
мал емес). Алайда
Елдестің мақала- сынан кейін
бұл сөз көбіне «Қазағыстан» бо- лып жазылған. Ал біз қазір
«Қазақстан» деп
«ы» дауысты дыбысты түсіріп (үш дауыссыз- ды
қатарластырып), үшінші нұсқада жазаты- нымыз
белгілі. Бұл да – дағды, дәлел,
тіл табиға- ты қатар
сынасқан емле заңының
бір мысалы.
1.
Күрделі
құрамды сөздердің жазылы- мы: бірге/бөлек, екпін, интонация.
ҚБТС-да сөздерді бірге/бөлек жазуда да
кемшіліктер барын айтты. Ең әуелі, «да»,
«де» шылаулары мен «-да», «-де» жатыс жалғауын ажырата біліп,
шылауды бөлек, жалғауды
бір- ге жазуды ұсынады. Бұл қолданылып келген
«Байтұрсынұлы емлесінде» ара-жігі
ашылмай жазылатын. Съез түйткілді мұқият тексеріп, Елдестің ұсынысын
мақұлдады [1, 54 б.].
Осы
тақырыпты талдау үстінде
Елдес қазақ тілінде екпін
мәселесін қозғайды (А.Байтұр- сынұлы да қазақ тілінде екпін барын, сөздің соңғы
буынындағы дауыстыға түсетінін ай- тқан). Біздің ойымызша, қазақ тілінде екпіннің бар екені былай тұрсын,
сөздердің бірге/бөлек
жазылуын белгілеу қызметін
де атқарады. Бұл туралы Е.Омарұлы былай дейді: «Атда
жал бар, өгізде мүйіз бар» дегенде ат пен
өгіз-ге жалғанған «-да» – жалғау. Атда, өгізде деген сөздердің екпіндері «д»-дан соңғы «а» мен
«е»-де, өгіз де деген екі сөз болса, «г»-ден соңғы
«ы»-да да екпін болар еді. «Ат та көлік, өгіз де көлік» дегенде «ат да» да екі сөз «өгіз де» де екі сөз болады. «Ат»-тың екпіні басындағы «а»-да да, «өгіз»-дің екпіні «г» мен «з»-дың арасын- дағы «ы»-да. Сондықтан демеу жалғаулықтар- ды алдындағы сөзбен қосып жазуға болмайды, арасына сызықша қойып жазудың да керегі жоқ» [1, 58 б.]. Бұл тұжырым «екпіннің» тек бір буынның күшті айтылуы ғана емес, сөз семантикасына да әсер етуші қазақ тілінде бар интонациялық бірлік екенін анық аңғартады.
Әрине жазу машығы қазақ арасына кең та- ралмаған
кезеңдерде, сөздердің бірге/бөлек графикалық тұрқын көруге болмайтын ауы- зша
тілде жоғарыда аталған жалғаулар мен шылаулардың, одан басқа да омонимдер мен
күрделі құрылымдардың мағынасын қалай ажыратты
деген заңды сұрақ туады. Адам ойы
мен
ниетін сөз әуенінен танылатын қазақ тілін-
де екпін болмауы қисынсыз. Бір анығы, қазақ тіліндегі екпін
сипатына орыс не басқа тілдер- дегі екпін түрімен салыстырып баға
беруге болмайды. Әр тілдің дыбыс құрамы әртүрлі болғаны сияқты, екпін қызметі
де әртүрлі.
Ғалым көтеріп отырған бұл мәселе бүгінгі орфографияда
сөздің графикалық тұрпатын тағайындауда шешуші тетіктердің бірі екпін болу
керектігін ұғындырады. Емлеші маман- дар атаулы тіркес, атаулы сөйлем, біріккен
сөз, қос сөздердің жазылымын, кей-кейде бол- са да, екпінмен ажыратқаны жемістірек бол- мақ.
«Жазу мәселесі» деп аталатын мақаласын- да жазуға
интонация мен екпіннің де қатысы барын айтады: «Адам да» деген – екі
сөз. Оқы- маған, Жүсіпбекті еліктей алмайтын қазақ оны екі
сөз қылып, «адам»-ның «д» мен «м»-ның арасындағы дауысты «а»-сын көтеріп айтады.
«Адамда» деген (Мәселен, адамда
ақыл болады дегенде айтылатын адамда)
– бір сөз. Қазақша сөйлей білетін қазақ оны бір сөз қылып, «д» мен «м»-ның
арасындағы «а»-ны көтермей,
ең соңғы «а»-ны көтеріп айтады. «Адам да» деген
екі сөзді бір сөзге ұсатып «адамда» жазатын
болған соң, оны оқушы жазылуынша оқып,
«д»
мен «м»-ның арасындағы «а»-ны көтер- мей, аяғындағы «а»-ны көтеретін болады»
[1, 35 б.]. Мұнда да екпіннің
мағына ажырату қы- зметі анық айтылған.
Е.Омарүлы кейінгі зерттеулерінде емле туралы ізденістерін
одан сайын тереңдете түседі. 1929 жазылған «Емле мәселесі» мақа- ласында
күрделі құрамды сөздердің емлесіне ойысады.
Әсіресе «бірге/бөлек» мәселесі
және тіркес жігіндегі дыбыстардың комбинаци- ялық өзгерістері мен жазылу
ерекшеліктерін қарастырады. Бұл ғалымның қазақ тілінің ғылыми синтаксисін зерттеуге дендеп енумен
байланысты еді. Күрделі сөздердің графика- лық ерекшелігін беруде олардың таптық,
топ- тық статусын ажыратудың маңызы зор екенін айтады. Әсіресе, көмекші
сөздердің, шыла- улардың түбірге қосылып не бөлек жазылу керектігін сөздер мен
сөздердің синтаксистік байланыстары арқылы тексерді [1, 170-173 бб.].
Бұл ретте бұған дейін (1929 жылға дейін) барлық
жерде бөлек жазылып келген «мен» тұлғасын сөйлемдегі семантикалық қызметі мен
сөздерді байланыстыру ерекшелігіне қа- рай демеу
(шылау) және жалғау деп екі
бөліп, екі басқа форма деп таниды [1, 173 б.]. Бөлек жазылатын демеуден
«жалғау» атымен жеке айырылып шыққан түрі көмектес
септік жалғауы еді. Осылайша А.Байтұрсынұлы грамматикасында берілмейтін,
осыған дейін, тілде болса да, емледе көрініс
таппаған көмек- тес септік
тұлғасын (Кей зерттеушілер ХХ ға- сыр
басына дейін қазақ тілінде көмектес септік болмаған деп ұғады) шылаудан ажыратып алған және
жалғау болғанда түбірге қосылып жа- зылып, шылау болғанда
түбірден бөлек жазы- латын қазіргі нормасын тұңғыш енгізген ғалым –
Е.Омарұлы. Осыған орай ғалым үшін, енді,
шейін, қой, қана, ма, ақ, ау, да т.б.
шылауларды түбірден бөлек жазу керек дейді [1, 173 б.].
Бұл мақалада айтылған тағы бір өзекті
мәселе – сөйлеу тілі элементтерінің жазылуы нормасы. Тілдегі түрлі дыбыстық
өзгерістер- мен айтылатын (М: барған соң
– барғасын; со- дан соң – сосын) баршаға түсінікті сөздерді сұрыптап
отырмай, бәрін айтылуына сәйкес жазуды, ал бір түбірден тараса да, жалпыға
бірдей түсінікті емес, өңірлік ерекшелігі бар сөздерді (М: ашты, ашшы) сұрыптап, көбірек қолданылатын түрін нормалау
керектігін ай- тады [1, 175-176 бб.]. Осы тұжырым сөйлеу тілі элементтерінің орфографиялық сөздік- тен орын алуға қақы бар екенін
көрсетеді. Бұл да – қазіргі
таңда орфографияда басшылыққа алынатын ұстанымдардың бірі.
1.
Ономастикалық
атаулардың жазылы- мы:
Қазақ орфографиясының күрделі салала- рының бірі – ономастикалық бірліктердің жа-
зылуы. Бұл – тілдің ұлттық
саясатпен ұштасып жатқан арналарының
бірі. Соның ішінде, әсіресе, кісі
есімдері мен жер-су атаулары. Совет дәуірінде қазақ есімдері дерліктей
оры- стық бояумен (маркермен)
ов, ев, ин, ова, ева, ина түрінде берілгені белгілі. Кісі
есімдеріндегі осы ұлттық бояу ұлттың тілдегі,
жазудағы па- спорты сияқты құбылыс. Бұл да Елдестің на- зарынан тыс қалмады. Кісі есімдерінің ұлттық нақышта жазылу тәртібі туралы
ғалым былай дейді: ««Күшікбайұлы Мырқымбайдың асығы
түгел» деген сөйлемде «Күшікбайұлы» де- ген
сөз «Мырқымбайдың» ғана анықтауышы болады. Сондықтан «Мырқымбайдың» деу қандай
ерсі болса, «Күшікбайұлы Мырқым- бай»-ды «Мырқымбай Күшікбайұлы» деп,
анықталатын сөзді анықтауышының алды- на салып сөйлеу де сондай ерсі болады» [1, 124 б.]. Ол
тағы: «Дұрысында кісінің өз аты- на
әкесінің атын қосып айтудың керегі жоқ. Кісінің өз атына әкесінің атын қосып
айту, жалғыз қазақ емес, жалпы түрікте жоқ. Қазақ
тілінде бірен-саран кісілердің атына, оны аттас кісілерімен қатыстырмау үшін
әкесінің атын қосып айтатын орындар да болады. Бірақ он- дайда әуелі әкесінің
атын айтып, оған «ұлы» деген сөзді қосады да, кісінің өз атын соған жалғап
айтады. Ескі әңгімелерде Жәнібек ба- тырды «Қошқарұлы Жәнібек» дейді. Кісінің
аты-жөнін жазу реті бізде де жалпы түрікше болу керек», -дейді [1, 82 б.].
Міне, бұл – бү- гінгі қазақ кісі есімдерінің жазылуын ұлттық нақышқа түсіруде
ескерілуі керек ұтымды ой-
лардың бірі.1. Терминдердің жазылымы:
Е.Омарұлының емле мәселесіндегі тағы бір үлкен қадамы – терминдердің орфогра-
фиясы туралы жоба ұсынуы. Араға бір ғасыр салып, ғылымның да, ғалымның да
деңгейі көтерілді деп бағаланатын қазіргі кезеңде терминтанушылар емле туралы,
емлешілер терминжасам туралы тыңғылықты тұжырым айта алмайтынын ескергенде,
мұның өзі – ғылыми ерлік. Ғалымның
кірме терминдердің
орфограммасы туралы жобасын қысқаша жинақтай келгенде, мынадай тоғыз түрге бөлінеді:
1) аралас буында кірме сөздерді бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
буынға келтіру;
2) кірме сөздерде (әсіресе
араб) өздің соңғы буыны «ә» дыбысына аяқталса,
ыңғайына қа- рай не «а»-ға, не «е» дыбысына өзгертіп алу;
3) шетел сөздеріндегі бас буыннан басқа буында келген
«о», «ұ» дыбыстарын өзге дауы- стылармен
ауыстырып алу;
4) сөз аяғы «ғ», «г», «д», дыбыстарына аяқта- латын жат сөздердегі аталған дыбыстарды
«қ», «к», «т»-ға өзгерту немесе бұл дыбыстар- ды сөз соңынан
мүлде алып тастау. Ал бұлар екі дауыстының ортасында келсе (т-дан басқа)
«ғ», «г»-ге өзгерту, тек соңынан ғана дауысты келсе, «қ»,
«к», «т» күйінде қалдыру;
5) шетел сөздерін қазақ тілінің буын заңы- на, буын құрамына толық
бағындыру;
6) шетел сөздерінің екпіні қазақ тілінің екпініне сәйкес
сөздің соңына түсетін
қалыпқа келтіру;
7) шетел сөздеріндегі қатар келген ұқсас дыбыстың біреуін алып
тастау;
8) шетел сөздеріндегі жат дыбыстарды төл дыбыстармен ауыстыру;
9) шетел сөздерін түбір сөз есебінде алып, оған қосымшаларды қазақ
тілінің түрлену жүйесімен жалғау [1, 75-80 бб.].
Жобада кірме терминдерді қазақ тілі
заңдарына сәйкес игеріп жазудың нақты мо- дельдер де бар, жалпылама сипаттағы
ұсы- ныстары да бар. Бастысы, қазақ тілінің негізгі заңдылықтарын көрсете
білді. Бұл жобадағы біраз ұсыныстар сол кезеңдерде нақты жүзе- ге асты.
Кейбіреуі жоба жүзінде қалып, қазақ тілінің заңдылығы тұрғысынан дұрыс болса
да, практикада толық жүзеге аспады.
ХХ ғасыр басында емлеге байланысты нағыз ғылыми талас Елдес Омарұлы мен А.Байтұр- сынұлы арасында өрбіді. Нәзір Төреқұлов- тың: «Білім кеңесінің мүшелері қырылысып жатыр», - деп кекесін тілмен мақала жаза- тыны (1925 ж.) осыны меңзегені еді. Бұл кәсі- би емлешілердің айтысы еді. Екі ғалымның ғылыми дәлелдерінің дәйектілігі сонша, қай ғалымның тұжырымын бірінші оқысаңыз, со- ның дұрыстығына күмәнсіз иланасыз. Біріне қарсы екіншісінің дәлелдерін оқығаннан кейін ғана артықша иланғаныңызды байқайсыз. Ал қайсының дұрыс екенін анықтау – одан кей- інгі мәселе. Ол – оңай шаруа емес. Оған емле туралы терең білім қажет. Екі ғалым арасындағы мұндай пікір қайшылық тіл білімінің басқа салаларында да орын алды. А.Бай- тұрсынұлымен болған ғылыми ой жарысын бағалай келгенде, Елдес есіміне байланысты сол заманда-ақ айтылған «Қай жағынан да Ахаңнан кем емес», «Қазақтың Ломоносовы» деген бағаның бекер еместігіне көз жетеді.
Десе де ғылыми мәселедегі мұндай қарсы пікірлері үшін
алты алашқа ардақты ұстаз – Ахмет Байтұрсынұлы өзі тәрбиелеген шәкірті Омарұлы Елдеске салқын қабақ
танытпайды. Керісінше, ұдайы қолдап, талантын бағалап, ғылым жолында өрісін
ашып отырады. Бы- лайғы өмірде жанашыр жақын, сенімді серік бола білді.
Әркімнің жеке пікіріне құрмет- пен, достық ниетпен қарау – нағыз зиялы- ларға
тән қасиет. ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары арасында сөз бостандығы, еркін
ғылыми ойлау және оны ортаға салу, пікір ашықтығы шындап болды. Бұл –
Еуропадағы Ренессанс дәуірінде адамзатқа қайтарылған құндылықтардың бірі еді. Сонысымен
Еуропа ғылымы өркениеттің алдыңғы легіне шықты. Дей тұрғанмен,
бұл – қазір қазақ ғылымы жете алмай
жүрген биіктердің бірі. Ахмет атамыз бен Елдес осылайша, емледе ғана емес,
ғылы- ми өмірде де өнеге көрсете білді. Емледегі жаңаша бастамаларымен Елдес
ұстазын тері- стеген жоқ, оның теориясын қару ете отырып, оны дамытты, толықтырды.
Нәтиже
Емле – тілдің бар заңдылығын таңбамен
көрсететін тілдің ең қиын, әрі жауапты саласы. Жазу ережесі жүздеген жылдар
бойы жетіліп, көптеген
мамандардың күш салуымен түзе- леді. Онымен айналысуға, білгір де болса, бір
ғана саланың маманы болу жеткілікті бол- майды. Қазақ емлесі тарихында Омарұлы
Елдестің орны ерекше. Қазақ тілінің бүгінде қолданыстағы өте маңызды
орфографиялық ережелер мен бірсыпыра
графикалық норма- лары Елдестің есімімен тікелей байланысты қалыптасқан.
Елдес Ормарұлының қазақ ем- лесі туралы ғылыми танымын зерттеу нәти- жесінде
ғалымның қазіргі қазақ жазуын ұлт- тық сипатта реформалауға, латынграфикалы
жаңа қазақ әліпбиі мен жаңа емледе шешуге тиіс
күрделі мәселелердің түйінін табуға қа-
жетті тұжырымдар анықталды. Сондай-ақ осы зерттеудің
нәтижесінде қазақ емлесінің қалыптасу, даму тарихы туралы жан-жақты, жүйелі,
терең ғылыми тұжырымға ие болуға мүмкіндік береді. Қазақ жазуы орыс орфо- графиясы
арқасында емес, өз ғалымдарының қажырлы еңбегі мен терең ғылыми танымы
негізінде қалыптасқанын нақты дәлелдей алады. Қазақ жазуының тамыры терең та-
рихы, графикалық негізі, тіл жүйесіне сәйкес принциптері, қазақ
емлесін қалыптастырушы ұлттық
ғалымдары бар, әлемдік
жазу мәдени- етінің толыққанды тәжірибесін көрсетеді. Бұл қазақ жазба мәдениетінің беделін
арттырып, болашақ тұғырын биіктетеді. Елдес Омарұлы қазақтың ұлттық
жазының бастауында тұрған тұлғалардың бірі. Мақала ғылыми
қауым мен оқырмандарға ғалымның осы тарихи еңбегін танытады.
Қорытынды
Елдес Омарұлы мен қазақ емлесінің қа-
лыптасуы мен дамуына қосқан үлесін қоры- тындылай келгенде:
1) Елдес Омарұлы – ХХ ғасыр басында Ах- мет Байтұрсынұлының лингвистикалық мұра- сын, әсіресе жазу теориясын терең
меңгерген, әрі дамытқан, қазақ емлесінің қалыптасуы мен дамуына айрықша ықпал
еткен тұлға;
2) Елдес Омарұлының емле туралы еңбек- тері қазақ жазуының басты
принципі фоне- тикалық принцип болуымен қатар, морфо- логиялық, фонематикалық
принциптерге де негізделетінін көрсетеді;
3) Елдес Омарұлының емле туралы ғылы- ми тұжырымдарына сәйкес, тіл
заңдылықта- ры жазуды белгілейді, керісінше жазудан тіл- дің барлық
заңдылықтары көрініс табады;
4) Елдес Омарұлының тұжырымына сәйкес қазақ сөздерін бір принцип шеңберіне сыйғы- зу мүмкін емес, кей
сөздер мәнмәтінде семан- тиканың дұрыс берілу қажеттілігінен қосым- ша принциптер негізінде жазылады. Мысалы, көрік+і – көркі, көргі, көркі емес (фонетикалық та, морфологиялық
та принцип емес, фоне- матикалық принцип). Мұны ғалым «жазудың тұрлаусыздығы» деп атайды;
1) түбір мен қосымшаның емлесі – қазақ емлесінің ең ауқымды, ең
мазмұнды, ең күр- делі тақырыбы;
2) Елдес Омарұлы – қазақ емлесі
тарихында жазуға екпіннің әсер ететінін айтқан
алғашқы ғалым;
3)
Ахмет Байтұрсынұлы
және Елдес Омарұлының негіздеуі бойынша
қазақ есім-
дерінде адамның тегі анықтауыш ретінде есімнен бұрын
жазылады;
4)
Ахмет Байтұрсынұлы
мен Елдес Омарұлы кірме сөздер мен терминдер қазақ тілінің төл заңдылығына
бағындырылып жа- зылуын ұсынды. Төл сөздерге бір ереже, кір- ме сөздерге бір
ереже, яғни бір тілге екі емле ереже арнауға түбегейлі қарсы болды.