Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде рухани жаңғыру, ұлттық
рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық код мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
ХХІ ғасырда жаһандануға жұтылып кетпеу үшін ана тіліміздің, мемлекеттік
тіліміздің әлеуеті, қызметі әлеуметтік өмірдің бар саласында өркендеуі қажет.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда "Қазақ тілі
әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлығына қол
қойды. Елбасыға жүгінсек «латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, комуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми
және білім беру ерекшеліктеріне байланысты».
Бұл егемен ел тарихындағы ұлы бетбұрыс, рухани тәуелсіздікке жетудің
бірден-бір жолы. Жаһандану заманында латын графикалы жаңа әліпби қабылдаудың
өзіндік жақсы жақтары бар екенін көзіқарақты жанның бәрі біледі. Ол - түркі әлемімен жақындасу, әлемдік
ақпараттық кеңістікке шығу, әлемнің әр қиырындағы қандастарымызбен байланыс
орнату т.б. Ең бастысы, орыс тілінің
ықпалынан құтылып, отарлық санадан арылып, ұлттық әліпбиге қол жеткізу болатын.
Өкінішке орай соңғы 2,3 жылдың көлеміндегі әліпби жөніндегі айтыс осы арманды
алыстатып, орындалмас қиялдай етіп бара жатқан сияқты. Мәселені ушықтырып отырған өзге емес, өзіміз. Түп басында
үкіметке ұсынылған әліпби жобаларының қисынсыздығы болды. Ұсынылған үш жоба да
халық тарапынан қатаң сынға ұшырады. Енді орфографиялық топ жетілдірілген
төртінші жобаны қайта ұсынуда.
Осы жетілдірілген жобаны қолдап, аса құрметті бір топ тарихшы, әдебиетші ғалымдар бас газетке мақала да жазды. Әрине ниеті дұрыс, ағалық, ақсақалдық ақыл айтқан жөн. Бірақ Әбіш Кекілбаев айтқан «ұлт мүддесі мен ел игілігі «екі тепкі-бір қамшы» белсенділікті көтермейді. Әліпби - өте нәзік мәселе, тұтас ұлттың тағдыры. Көш жүре түзелер деген мәселе бұл жерде жүрмейді. Әліпби ауыстыру - ұлттық жауапкершілік.
"Әліпбиді латын қарпіне көшіру
туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі
де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек,-деп[1] ҚР
Президенті Қ.Тоқаев тапсырма берсе де, ұсынылып отырған жетілдірілген әліпбидің
әлі де жетімсіздігі көрініп тұр. Бұл әліпби қазақ тілінің дыбыстық қорын толық
қамтиды деп мақтанамыз. Әрине қазақ тілінің дыбыстық қоры қазақ әліпбиінен орын
алмаса не болады. Кирилл графикасындағы 42 әріптен 31 әріпке азайттық, үнемді жазуға қол жеткіземіз
дейміз. Әріптің азаюын қолдасақ неге Әлімхан Жұнісбек ұсынып отырған 28 әріптен
тұратын ұлттық жобаны қабылдамаймыз. 28 әріп үнемді ме, 31 әріп үнемді ме?
Әлімхан ағамыз «Алыптар адасса ақырзаман болады, алыптар адаспасын» деген
мақаласында жетілдірілген әліпбидің жетілдірілмеген кемшіліктерін соқырға
таяқ ұстатқандай етіп түсіндірді. Оны қайталап жатудың
қажеті
Әліпби түзіп, емле жасаудағы басты кемшілік «бір де дауыссыз, бір де дауысты у, и» деген қағидадан
арыла алмай баяғы ескі сүрлеумен жүріп отырғандығымыз. Бұл жолмен жүрсек тіліміз
шалажансар реформаланып, әріп ауыстырудан әрі аса алмаймыз.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Біз
латын әліпбиіне Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, қолдан
жеделдетпей, біртіндеп ауысамыз. Мәселе әліпбиді жай ғана кирилл қарпінен
латынға көшіру емес, қазақ тілінің емлесін қайта құруда болып отыр» деген жоқ
па. Мына жетілмеген «жетілдірілген» әліпбимен қазақ тілінің емлесіне қалай құрамыз.
Дауыссыздан кейін тұрған қазіргі и,
у әріптерінің құрамын ый/ій,ұу/үу түрінде таратып жазбасақ емле сол баяғы шала күйінде қалғалы отыр. Бұл мәселеге, и,у әріптеріне қатысты шешуші сөзді
академик Рабиға Сыздықова айтып кетті: «Бұл дыбыстардың дауыссыз дыбыс екені
бүгінде проф. Ә.Жүнісбек еңбектерінде де жан-жақты дәлелденді. Ендеше тәуелсіз
еліміздің мемлекеттік тілінің емлесін жасауда қазақ тілінің табиғатын, шынайы
болмысын танытуымыз керек. Сондықтан жуан болып келген жерде ый (мый, мыйық,
оқыйды, тасыйды, сый, сыйлау, сыйады, тый, тыйады, тыйылды), жіңішке болып
келген жерде ій (жібійді, ерійді, кемійді,тійеді, бійлейді) жазуымыз керек. Сол
сияқты жуан айтылатын сөздерде ұу (сұу,сұуық, тұуыс, барұу,жұу, жұуын), жіңішке
айтылатын сөздерде үу (гүу, гүуледі,кемүу, жүрүу) таңбалануы керек»[2]. Бұл
жағдайда көпшілік қауымды, әсіресе оқушыларымызды әбден шатастырған ережелер
түзетіліп, тілдің табиғи болмысын тану, таныту
жүйелене түспек, сөздердің дыбыстық құрамын тану,
буынға бөлу жеңілдейді.
Дегенмен, емле түзушілердің бойында «егер у
мен и ды таратып жазсақ кірме
сөздерді қалай жазамыз, үйреніп қалған ізден айнып кетпейміз бе, түпнұсқадан
(орыс тілі, ағылшын тілі т.б.) алшақтап
кетеміз бе деген қорқыныш бар сияқты. Сондықтан
емледе кірме сөзге арнайы бөлім арнап, 22 параграфпен талдапты. Бір өрескелі
кірме сөздерді жазуда тілдің негізгі үндестік заңы әдейі бұзылған. Мәселен, älbom, bälzam, fölklor, medalön, bаtalön, ansämbl т.б. Халел Досмұхамедовтің «Өзінің заңымен өзгертпей қазақ тілі ішіне ешбір жат сөзді
алмайды, кіргізбейді. Бұл ақиқат нәрсе»-дегені қайда қалды. Әлде «Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады» дегені
шын болып тұр ма. Түптеп келгенде Халел
Досмұхамедов айтқан «Аурупа сөздерін орыстың айтуынша қолданып жүрміз. Бұл
дұрыс емес, Аурупа сөзін асыл нұсқасынан алып, өзгертіп қолдану керек»[3] деген
тұжырымын басшылыққа алу керек. Орыс
тіл білімінде фонетикалық игеру деген ұғым бар. (Фoнeтичecкoe ocвoeниe – этo измeнeниe звyкoвoгo oбликa cлoв в
cooтвeтcтвии c зaкoнaми пpинимaющeгo языкa). Кірме сөзді қабылдаушы тілдің
өзіндегі бар дыбыспен айта алуы, ұлттық дыбыс жүйесімен игеруі. Мысалы сол орыс
тілінде көмей h дыбыс жоқ, ол г
дыбысымен ауыстырылады: гapмoния
(<гpeч. harmonia), гayптвaxтa (<нeм. Hauptwache), гopocкoп (<гpeч.
horoskopos). Бұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Қазақ тілінің 28 дыбысы қай тілден енген кірме сөзді
айтуға да, жазуға да құдіреті келеді. Бірақ тілдің
бұл қасиетін кирилл әліпби қабылданған жылдардан бері
1. Тоқаев Қ. Қазақ әліпбиінде олқылықтар бар. Abai.kz.
21 Қазан, 2019
2. Сыздық Р. Латын жазуы: емле ережелерін түзуде ескерілетін жайттар. «Қазақ әдебиеті», 14.09.2018 ж.
3.Досмұхамедов. Таңдамалы шығармалар. Алматы,- Ана тілі баспасы, 1998.
4.Жүнісбек Ә. Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. «Ана тілі», 31.01.
2019 ж