Кіріспе

Түркологиялық зерттеулерде ежелгі ғұндарда жазу болған ба деген мәселе – бірнеше ғасыр бойы ғалымдар назарын аударып келген күрделі тақырыптардың бірі. Оның басты себебі ғұндарға байланысты тарихнамалар мен бастау хаттардың көбісінің қытай тілінде жазылғандығында және жазу туралы деректердің тым аздығына байланысты болса керек.

Талқылау нәтижесі

Біздің пікірімізше, ғұндардың өз жазуы болған және ескі түркі жазуы - ғұн жазуының заңды жалғасы. Қытай тарихнамаларындағы қытай иероглифтерімен хатқа түскен кейбір деректер мен табылған таңбалар соның дәлелі.

Нәтижесі

Қытай тарихнамаларындағы қытай иероглифтерімен хатқа түскен ғұндарға тән деректерді зерттеу мәселесі - отандық ғылымда әлі толық қарастырылмаған тың тақырыптардың бірі. Мүндай зерттеулердің болашақта тіл ғылымы үшін де, тарих ғылымы үшін де берері зор деп білеміз.

Негізгі бөлім

«Ежелгі түркілердің арғы тегі - ғұндарда жазу болған ба? Көне түркі руна жазуы ғұн жазуның жалғасы ма? Ол қашан, қандай негізде пайда болған?» – деген мәселе төңірегіндегі ғалымдар пікірлері әртүрлі. Кейбір зерттеушілер Қытайдың Ханнамасындағы: «Ғұндарда жазу жоқ, олар сөз байласып, уәдеде тұрады» [ Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. 1998, 69 б] - деген деректі негізге алып, ғұндарда жазу болмаған деген пікір айтады. Сондай-ақ олар та- рихи деректерде айтылған ғұндар мен хан пат-

шасы арасындагы дипломатиялық қатынаста ғұндардың хан патшасына жазған хаттары мен сол тұста ғұндарга бағынышты болған «батыс өңірдегі» 36 елге жіберген жарлықтары түгелдей қытай тілінде жазылған, яғни оның бәрін ғұн еліне қашып барып, сонда паналап қалған қытай оқымыстылары жазып берген деп қарайды. Ал кейбір зерттеушілер болса Батыс хан патшалығы (б.з.д. 206-23 жылдар) тұсында өмір сүрген Хуан Куанның «Тұз, көмір жөнінде, қызмет көрсету мәселесі» деген кітабындағы (ғұндарда) жөн-жоралғы туралы ережелердің (заңдардың – Қ.Ғ) топтамасы болмағанымен, сүйекке ойып, теріге ойын басқан жазумен ел билеушілері өзара хат-хабар алысады, Тәңірқұт пен оның көмекшілері жан-жаққа елші жұмсайды» [Уаң- Жуңхан. 1994, 235 б] - деген деректерге сүйеніп ғұндарда жазу болған деген пікірді қолдайды. Біз де ғұндардың өз жазуы болған деген пікірді қолдаумен бірге, ескі түркі жазуы ғұн жазуының заңды жалғасы деген көзқарасымызды дәлелдеп көрмекпіз.

Кезінде ғұндар одағына салт-дәстүрі мен тілі бір-біріне жақын көптеген ұлыстардың біріккені белгілі. «Ханнамада» айтылатын б.з. 176 жылғы ғұн тәңірқұтының хан патшасына жазған хатында «Тәңір медет беріп қолбасшыларымыз бен жасақтарымыз сығай, қолбасыларымыз мықты болды да Нәтшелерді (ружы, юежы, иүз деп те оқылып жүр) күйреттік. Ғұруран, Үйсін, Хага (Хуже) үлыстары ішінде олармен көршілес 36 ел ғұндарға бағынады. Садақ асынған көшпенділердің баршасы бір үйдің адамындай болды...» - десе [Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. 1998, 450 б], Бангу (б.з. 32-92 жылдарында өмір сүрген): «Үйсіндердің батысынан Парфияға (Парфия - тарихта орта- лық азиядағы Ферғананың батысындагы ел) дейін ғұндар көрші отырады. Ғұндардың соққысын көрген Нәтшелер батысқа қарай ауып, көп азап шеккен еді. Мұны көрген Дадуандықтар (Ферғаналықтар туралы айтылып отыр - Қ.Ғ.) ғұндардан өлердей қорқатын болды. Ғұн елшілері тәңірқұттың хатын алып келсе болғаны деп, оларды тарықтырмай, айтқанын екі етпей азық-түлікпен қамтамасыз етуге бүйырады. Ал Дадуанға барған хан елшілері ақша төлемесе, азық таба алмайды, ат-көлік ала-алмайды. Олар ғұндар мен хан адамдарына міне осылай екі түрлі мәміле жасайды...» - деп жазады [Жуңго тарихнамаларын- дағы қазаққа қатысты деректер. 1-том,1998, 609 б]. Осында айтылын отырған «Тәңірқұттың хаты»

өзіне бағынышты сонау Ферғана еліне Қытай тілінде жазылды деу қисынға келмейді. Өзіне 36 елді бағынышты етіп отырған алып ғұн империясынның «әдет-ғұрпы, тілі жақын, бір үйдің баласындай» халқын қытай тілінде жарлық жазып басқаруы, халқы мен мал-мүлкінің есебін қытай жазумен жазып реттеп отыруы, құпия хат-құжаттарды өзінің жауы болып отырған қытайлардың тілінде жазуы мүлде ақылға симайтын нәрсе. «Хан патшалығы тарихы. Юнди баянында 汉 书.元帝纪» Хан қолбасшысы Чынтаң ғұндардың тәңірқұт қаласын талқандап, көптеген ғұндарды тұтқындаумен бірге, қолға түсірген суретті кітаптарды хан сарайындағы ханымдарға көрсеткені баяндалған[Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. 1998, 253 б ].

 

Ғұндардың ежелгі атамекені Иншан (Шұлен тауы) өңіріне талылған таңбалар. [6 https://kknews.cc/history/6qakz6m.html]. ( 匈奴文字:早期北亚草原上的文明曙光)

 

Сонымен бірге қытай деректері Ғұндардың өздеріне тән төл атақ-лауазымдары болғанын, қас тасына ойылып жазылған жазуы бар мөр ұстайтындарын да растайды, Қазірге дейінгі археологиялық зерттеулер бойынша, қазылған ғұн молаларынан қыш, металл бұйымдарына ойылып жазылған таңбалары табылып отыр [Шиаң Ииңже,1994, 61-62 бб].

Ғұндардың моласынан табылған мөр

 

Қытай жылнамаларындағы «Қаңлылар шежіресінде»: «ғұндар 50 дана бал таяқшасын пайдаланып, жақсылық пен жамандықты алдын ала біліп алады» делінген [Дуан Лиянчин. 1996, 398 б]. Аталған бал таяқшаларға болашақты болжау мақсатында әртүрлі сан-цифрлар мен жазулар жазылған болуы мүмкін. Себебі, бал ашу ерте замандарда «есептеу ілімі» саналатын және ол арқылы жақсылық пен жамандық туралы болжаулар жасалатын. Жоғарыдағы деректердің бәрі ғұндарда жазу болғандығының бұлжымас дәлелі болса керек.

Отандық ғалымдардан белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы ғұн жазуына байланысты мынадай деректерді алға тартады: «1982 жылы Монғол археологтары Бұлғын аймағындағы Бабалы (Өвгөнт) бөктеріне жерленген Хунну моласынан қыруар олжа тапты. Олардың ішінде алтынмен аптап, күміспен күптеген ат әб-зелдері, сом алтыннан құйылған 39 қапсырма сияқты мүліктерге қоса, дөңгелек үстіндегі алтыннан шеніп жасаған пеңгей (пеңгей-медальон, қаңғай-медаль) де бар еді. Дүние жүзі ғалымдарының зарыға күткені де осы пеңгей сияқты деректі айғақ болатын» - дей келіп, диаметрі 3,5 см болатын пеңгейдің ортасында қауметті қаба сақалы, қияқ мұрты бар адамның бейнесі шекілгенін, бейненің екі жағына көне руниканың 9 әрпінен тұратын 4 сөз жазылғанын айтады. Жазудың транскрипциясында «Ой – Сеңгір» «Елші ынты» деген сөздер бар екен. Қазақша аударма- сы: 1.«Ой - Сеңгір». 2. «Елшінің найзасы» болып шыққан. Осы жазулардан ғалымдар мынадай тұжырымдама жасайды:

1. Хуннулар дыбыс бейнелейтін алфавиттік жазу қолданған.

2. Бұл жазулар хуннулардан бері ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып, Х ғасырға дейін қолданылады.

3. Монғолия мен Тува, Қазақстан мен Қырғызстан жерлерінен ұшырасатын жүздеген руникалық айғақты бұдан былай тек VIІ–ІХ ғасырдағы түркілерге ғана тән деп емес, енді хунның, Това, Вей, Сяньби, Жуан-жуан қағанатына да қатысты мұра деп қарастыруға болады.

4. Хуннулар байырғы түркі (баба түркі) тілінде сөйлеген және мемлекеттік тілі түркі тілі болған.

5. Хуннулар тілінің бірден-бір мұрагері қазіргі түркі халықтары екені де дау тудырмақ емес». [Қаржаубай Сартқожаұлы. 1991, 455-456 бб]

Ә.Марғұлан былай деп жазады: «Қазақстанның байтақ өлкесінде төрт түрлі жазудың үлгісі сақталған. Ескі ғұн, үйсіндер пайдалаған руна жазуы. Шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан ана, Батағай), араб жазулары болған» – дей келе, түркілерге тән бітік жазуға тоқталып былай дейді: «Бітік» (жазу) – ескі ғұн дәуірінен келе жатқан ескі сөз. Ол орхон жазуларында да айтылып отырады. Көп ғалымдар- дың зерттеуінше, «Бітік» сөзі хұн заманында қытайлар айтатын «Піт» сөзінен шыққан, ол ашық бетке түсіретін қаламның ұшы. «Бітік» (жазылған сөз), бітмек(жазу) – тарихи дәуірлерде Орталық Азияда, Қазақстанда әкімшілік құрған орындардың барлығына белгілі сөз. Олардың жазуында айтылған сөз – «ол бітік бітті» – «ол жазу жазылды» [ Марғұлан Ә. 1977] .

Демек, ғұндардың жазуы болғаны талас тудырмайды. Мәселе қандай жазу қолданған деген пікірде. Кейбір ғалымдардың «ғұндардың қолында ұстаған мөрдегі ойылған жазулардың пішіні Чин дәуіріндегі (б.з.д. 221- б.з.д 207ж.) қытайдың ежелгі көне жазуына ұқсайды, оны ғұндар қытайлардан үйренген» [Лин Ган. 1979, 50 б] деуінде ешқандай негіз жоқ. «Пішіні» сәйкес келеді деп мәселеге бір жақты қарау ежелгі жазулардан хабары бар адамдар үшін иландырарлық пікір емес. Қытайдың сүйекке жазған сауыт-сүйек жазуы (jiaguwen ) мен Жин жазуы (jinwen ) тұсындағы таңбалардың кейбірі мағына, пішіні жағынан ежелгі Египет, Шумер жазуларына ұқсас пиктографиялық және идиограммалық жазу екенін, алғашқы адамдардың барлығы дерлік мағынаны нақты заттың сұлбасын сызу арқылы, бір-біріне ұқсайтын немесе жақын келетін бейнелі жазумен (пиктографиялық жазу) білдіргенін білеміз.

Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Адамзат тарихындағы ең ежелгі жазу ол - пиктографиялық жазу. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, махаббаты – сызықшамен қосылған екі жүректің, достық – ұстасқан екі қолдың, соғыс – садақ оғының суретімен белгіленген. Ең ежелгі жазудың және бір түрі – идеографиялық жазу. Онда жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің де тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографи- ялық жазудың бір түрі – иероглиф жазуы. Қазіргі қытай жазуы буындық идеографиялық жазуға жатады.

Жалпы дүние болмысының пішіні мен мәні адамзат үшін ортақ болғандықтан адамдардың оны бейнелеп жазуында ұқсастықтар болуы сөзсіз. Ал жоғарыда сөз болып отырған қытайдың Чин дәуіріндегі және одан бұрынғы жазулары, негізінен пішіні мен оқылуы әркелкі болған, тек хан дәуірінде (б.з.д 202 жылдан б.з 220 жылға дейін) ғана бірлікке келтірілген пиктографиялық және идиограммалық жазу болатын.

Қазірге дейін белгілі болған ғұн жазуының таңбалары [12. https://kknews.cc/history/6qakz6m. html]. ( 匈奴文字:早期北亚草原上的文明曙光)

 

Ескі түркі жазуы Ғұн жазуының заңды жалғасы ма? Бұл ғылымда дәлелдейтін тұстары көп күрделі тақырыптардың бірі.

Көне түркі жазуларындағы кейбір таңбалардың мағына білдіретіндігі туралы түркітанушылар бұрыннан айтып келеді. О.Сүлейменов орхон-енисей жазуларында біраз иероглиф әріп (буква-иероглиф) сақталған дейді [О.Сүлейменов. 1998, с.313 ].

Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы дерек қытайдың «Жоу патшалығы тарихы. Түркілер шежіресі» мен «Солтүстік патшалықтар тарихы. Ху лүй Чияңжүйдың өмір баянында» айтылған. Алдыңғысында:

«жазуы Хулардың (ху - деп түркілер айтылып отыр - Қ.Ғ.) жазуына ұқсайды» десе, соңғысында: «Дай жерінде туған (Дай - қазіргі ҚХР-дың Шанши өлкесіндегі ежелгі елді мекен аты - Қ.Ғ.) Ли Шычиң төрт тіл білетін танымал адам болған... Патша Ли Шычиңге будда номдарын түрік тіліне аудартып, түркі қағанына жібергізді. Орда хатшысы Ли Дилиңға алғы сөз жаздырды», - делінген. [14. Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том. –2003, 86-89 бб] Бұл түркілердің Таспар қағаны тұсына (574-576 жылдарда) тура келеді.

Түркілердің көне руникалық жазулы ескерткіштері біз айтып отырған ғұндар заманынан 6-7 ғасыр кейін жазылған болса да, соған қарамастан, кейбір таңбалар оқылуы болмаса пішіні мен мағынасы жағынан 3000 жыл бұрын хатқа түскен ежелгі қытай жазуына сәйкес келеді. Мәселен:

түркілердің көне руникалық жазуындағы « таңбасы «oq»(оқ) деп оқылады, кәдімгі садақтың оғы (жебе) мағынасын береді, («оқ» деген сөздің ру, тайпа мағынасы кейін пайда болған) қытай- дың ежелгі сауыт-сүйек жазуы (甲骨文 − б.з.д. 1300-1100 жылдардағы жазу) мен қола жазуындағы (金文) «оқ», «жебе» деген ұғым дәл осымен ұқсас ↑ түрінде таңбаланған. Қазіргі қытай тілінде жебені 矢 деп жазып, «shi» деп және 箭 деп жазып, «jian» деп те оқиды. Аталған иероглифтің қытай тілінде садақ оғы деген мағынасынан басқа ең қызығы «қасам беру, серт беру, сөзінен қайтпау» мағыналары бары көңіл аудартады. Бұл ежелгі сақ, ғұн түркі тектес көшпелілердің садақ жебесін ақбоз аттың қанына малып серт беретін дәстүрін еске түсіреді. Қытайларда мұндай салт-дәстүр мүлде болмаған. Аталған иероглифтің сонымен бірге алдыңғы мағынадан туындайтын «тура әділін айту», «айтылған сөз – атылған оқ» дегендей мағыналары бар. Сонда бұл эроглифтің яғни таңбаның иесі кім?

Ескі түркі жазуындагы « / » таңбасы «оn» (он) деп оқылып, кәдімгі «он» деген сандық мағынаны да білдіреді. Ал ежелгі қытай жазуында тік сызық « | » дәл сондай «он» деген мағынаны білдірсе, қазіргі қытай тілінде «он» деген сөз 十 деп жазылып «shi» деп оқылады. Көне түркі руника жазыуындағы «М» таңбасы «It, Alt» (лт, алт) деп оқылады, ягни сандық мәндегі «алты» дегенге жақын. Осыган жақын ежелгі қытай жазуындағы «М» таңбасы кәдімгі «алты» ұғымын білдіреді; айырмашылығы сол, қытайша бұл таңбаның бұрыштары төмен қаратылған және қазіргі қы- тай тілінде «liu» деп оқылады.

(Ежелгі қытай жазуында сандардың жазылуы)

 

Сол сияқты руникадағы таңбасы «baś, bäś» деп оқылады, яғни түркі тілдеріндегі сандық мәнді білдіретін «бес, беш» дегенге жақын. Ежелгі қытай жазуында да «бес» деген сандық мәнді дәл осы пішінде таңбалаған, қазіргі қытай тілінде оны 五 деп жазып, « wu » деп оқиды т.с.с.

Бұған қарап қытай жазуы мен көне түркі жазуының шығу төркіні бір екен деген түсінік тумайды, себебі көне түркі жазуларындағы таңбалардың көбі қытайдың ежелгі жазуларына сәйкес келе бермейді. Сонымен бірге оқылуы да өзгеше. Десе де, көріп отырғанымыздай, ондағы кейбір таңбалардың пішіні мен мағынасы, дыбысталуы түркі тіліндегімен еш өзгеріссіз, дәл келіп отыр. Осыдан 3100 жыл бұрын жазылған қытай иероглифтерінің ғұн-түркі жазуларымен сәйкес келуі кездейсоқтық болмаса керек.

Түркілердің руникалық жазуының шығу тегі әлі күнге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып келеді. Түркітанушылардың біразы осы жазуды алғаш оқыган В.Томсеннің көне түркі руникалық жазуы арамей

(Арамей-соғды) жазуының әсерінен шыққан деген пікірін жақтайды. Екінші біреулері бұл ешбір бөгде жазудың ықпалынсыз-ақ, өз алдына қалыптасқан жазу деп қарайды. Соңғы кездері оны көне грек (және финикий) жазуымен негіз-дес деген пікір де айтылып жүр. Десе де осылардың ішінде әйгілі түрколог Тала Текин бастаған ғалымдардың көне түркі жазуының өзіндік шығу төркіні бар [Т.Текін. 1968, РР. 25-29.] деген пікірін орынды деуге болатындай. Біз де көне түркі жазуы ең алғаш түркілердің пиктографиялық, идиографиялық жазулары негізінде әліппелік жазу болып өзінше қалыптасқан түркілердің төл жазуы деп қараймыз. Мұнда бір таңба – бір буын болып келетін жағдайлар да сақталған. Яғни буындық-мағыналық жазудың ерекшеліктері біршама анық көрінеді. Бұған төменде келтірілген фактілер дәлел бола алады. Мәселен, Томсен: таңбасын дыбыстық ерекшелігі мен мәніне қарай (үй) яғни ай, таңбасын оқ (садақ оғы, жебе) деп оқыды. Осы бойынша кейбір таңбаларды, дыбысталуы мен мағынасына қарай, төмендегідей оқып, мағынасын ашуға болатын сияқты:

– ягни «ау» (бұттың арасы); – аs, is, s, яғни «ыс» (түтін);

– aś, äś, ś, яғни «ас» (көтерілу, асу, биікке шығу) – ағаштың бұтағына, таудың басына шығу. – uz, uz, az, az яғни «үз» (қисық ағашты, затты ортасынан үзу, кесу);
– är, or, r яғни «әр» еркек адам; Қытай тілінде

人 ren (рын) деп оқылып адам дегенді білдіреді. – ad, da, d, яғни көне түркіше «аd» - айрылу. Мысалы: көне түркі тілінде аdril - айрылу, бөліну, аdin - басқа, «езге, бөтен» (екі заттың не адамның бір бірінен бөлек тұруы).
– иč, аč, іс, с, яғни «ұш» таңба ұшып бара жатқан құстың қанатына ұқсайды. Көне түркі тілінде «ұш», « қанат» дегенмен бірге, «ұшу» де- – yü, äy, y, яғни көне түркі тіліндегі yü, yüg, yük «қауырсын», «жүн» деген ұғымды білдіреді.

– al, l яғни іліп ал (қолыңмен іліп ал) деген бейнелік ұғымдардан келіп шыққан т.с.с. Демек ежелгі түркі жазуында буындық-мағыналық жазудың ерекшеліктері анық сақталған деуге не- гіз бар.

Кезінде сөз бен таңбаның бөлінбес бір тұлға болғаны анық. Бұл мәселеде О.Сүлейменовтің мына айтқаны аса маңызды: «жазу деген не? - деген сауалды менің өзіме өзім қойғым келеді. Жазу − сезім мен ақыл-ойды мезгіл мен кеңістік ішінде арқалап жүретін құрал. Ал тіл ше? Ауызша жазу. Өнер ше? Бейнелі жазу.

Қыш мен тасқа түскен суретті таңбалаған көне заман мүсіншілері дер едім. Қолдан жасалған әрбір зат – кәдеге асқан символ. Заттың атауы − таңбаның атауы.

Біз жазуды, тілді, өнерді жіктеп, бөлек-бөлек алып қараймыз да, оларды анықтай алмай қор болып жатамыз. Ақиқат солардың тұтастығында, оларды тұтас алғанда ғана ұғуға болады. Тіл маманы палеограф, білімдар тарихшы, өнертанушы болуы шарт. Сонда ғана сол сөзге шындап жақындай алады.

Сөз бен таңба жақында ғана ажырасты... Шу- мердің, Мысырдың, Аккадтың, Ассирияның және басқа елдердің ұмытылған тілдерін өлі таңбалардан қалпына келтірген XIX ғасыр палеографтарының ерлігі, осы заман өркениетінің тарихы үшін баға жеткісіз зор жетістігі. Тірі ауызекі сөздіктер бойынша ұмытылған суретті әліпбиді қалпына келтірудің маңызы әсте кем емес. Мен әзірге көз жеткізе қоймас алыс болашақта сөздің пайда болуын жазбаша таңбамен байланыстырылып түсіндіретін этимологиялық сөздіктердің жарық көретініне имандай сенемін»,- дейді [О.Сүлей- менов. 1998. с.313].

XIX ғасыр соңында Томсен көне түркі руника жазуын оқып, дыбыстық заңдылығын ашып берді. Ал жазу таңбасының шығу төркініне шын мәнінде қазірге дейін әлі ешкім жете қойған жоқ. Руника жазуына ұқсайтын күміс тостаған мен таяқшаға жазылған б.з.д. V ғасырда жазылған ежелгі сақ моласынан табылған жазулар туралы да соны айтуға болады. Бұл жазулар қазірге құпия күйінде қалып отыр. Жазудың шын мәні мен заңдылығы толықтай табылмағандықтан әркім әрқалай оқып жүр.

Қорыта айтқанда, түркі тілі − ғұн тілінің заңды жалғасы, ал ескі түркі жазуы − ғұн жазуының заңды жалғасы деуге негіз бар. Ғұн заманы мен түркі жазулы ескерткіштер арасы алты, жеті ғасыр болғанымен, ғұндардың пиктографиялық, идеографиялық жазуының кейбір таңбалық мағыналары мен пішіндері, үлгілері көне түркі

жазуында сақталып, жеке сөздермен бірге бізге тіл білімі т.б. салаларды ұштастырған ауқымды дейін жетті деуге болады. Десе де мәселені әлі де зерттеулер қажет.
анықтап көз жеткізе түсу үшін, тарих, архиология,

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. – Пекин: «Ұлттар баспасы», 1998. – 69 б

2. УаңЖуңхан. Қытайдағы ұлттардың тарихы. – Пекин:«Ұлттар баспасы» 1994. – 235 б.

3.Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. – Пекин: «Ұлттар баспасы», 1998. – 450 б

4.Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. – Пекин: «Ұлттар баспасы», 1998. – 609 бб

5.Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 1-том. – Пекин: «Ұлттар баспасы», 1998. – 253 б

6. https://kknews.cc/history/6qakz6m.html

7. Шиаң Ииңже (қатарлылар): Ортаазия көшпелілер мәдениеті. ҚХР, Жыжиаң халық баспасы, 1994, 61-62-66.
6. 8.ДуанЛиянчин.Диңлиңдер,ҚаңқылдаржәнеТүралар.ШыңжаңХалықбаспасы,1996,1том,398

9. Қаржаубай Сартқожаұлы. Хунну жазуы. // «Әлем». Альманах. 1. – Алматы, 1991, – 455-456 бб. 10. Марғұлан Ә. Тамғалы тас жазуы. Қазақ тарихынан. – Алматы, 1977.
11. Лин Ган. Ғұн тарихы. Ішкі монгол көкхот баспасы, 1979. –50 6.
12. https://kknews.cc/history/6qakz6m.html

13. О.Сүлейменов. Язык письма. – Алматы-Рим, 1998. – 313 с.

14. Жуңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер. 2-том. –Пекин: «Ұлттар баспасы», 2003. – 86-89 бб

15. Т.Текін. А. Grammar оf Оrкһоn Тurкіс, Іndіаnа university, 1968, РР. –25-29.
16. О.Сүлейменов. Азия. – Алматы, 1992. – 284-285 66.