1 Сауалнама
2 Нұсқаулық
3 1-кезең: Тест
4 2-кезең: Қатемен жұмыс
5 3-кезең: Диктант
6 Алғыс хат
1-қадам

Қатысушы туралы мәліметтерді енгізу

Сынамаға қатысу үшін төмендегі міндетті сауалнаманы толтырыңыз.

Бүгінгі күн автоматты түрде белгіленді
Барлық міндетті жолдар толтырылғаннан кейін ғана келесі бөлімге өте аласыз.
2-қадам

Апробация нұсқаулығы

Құрметті сынамаға қатысушы!

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жаңа емле ережелерінің жобасын апробациялау мақсатында сынама сауалнама жүргізеді.

Сынама сауалнаманы бастамас бұрын нұсқаулықпен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз.

1

1-кезең – тест

20 сұрақ беріледі. Әр сұрақ бойынша дұрыс деп есептеген жауап нұсқасын белгілеңіз.

2

2-кезең – қатемен жұмыс

Әртүрлі жазылымға қатысты тапсырмалар беріледі. Сөздерді жаңа емлеге сай түзетіңіз немесе дұрыс нұсқасын таңдаңыз.

3

3-кезең – диктант

Аудиожазбаны тыңдап, диктант мәтінін енгізу алаңына жазыңыз.

Әр кезеңнің соңында «Қорытынды» батырмасы беріледі. Осы батырманы басу арқылы сол кезең бойынша нәтижеңізді көре аласыз. Әр тапсырманы мұқият орындап, жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.
1-кезең

1-кезең. Тест тапсырмалары

20 сұрақ беріледі. Әр сұрақ бойынша дұрыс деп есептеген жауап нұсқасын белгілеңіз.

№1
«И әрпі ій/ый қосар дыбыстарын және кірме сөздердегі дауысты и дыбысын таңбалайды, сөздің барлық шенінде жазылады» деген емле ережесіне сәйкес жазылған сөздерді белгілеңіз:
№2
«Турис, разиез, терапев, инстинк, инфарк» сөздері төмендегі қай ережеге сәйкес жазылған?
№3
«Кт, фт, пт» дыбыс тіркесіне аяқталған шет тілінен енген (кірме) сөздер қалай жазылады?
№4
«Лексем, капсул, фонем, морфем» сөздерінің ережесін анықтаңыз.
№5
Дұрыс жазылған күрделі сөздерді белгілеңіз.
№6
«Бес елі, бір жұтым, екі сүйем, бір қайнатым, бір тұтам, бір салым, бір шақырым» сөздері төмендегі қай ережеге сәйкес жазылған?
№7
Әрбір сөзі бөлек жазылған идиомалық, фразалық тіркесті белгілеңіз.
№8
«Жаңа емлемен жазылған сөздер қатарын көрсетіңіз?
№9
Қатар келетін екі дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылған географиялық атауларды белгілеңіз?
№10
ок (ог), лок (лог) дыбыс тіркесіне аяқталатын сөздерге қандай қосымша жалғанады?
№11
Мемлекет және ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым атаулары қалай жазылады?
№12
«Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас әріптен басталып жазылады» деген ережеге сай жазылған қолданысты белгілеңіз.
№13
«үу, ұу, ый, ій дыбыстар тіркесінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда, тасымал жігі дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады» деген ережеге сәйкес келетін сөздер қатарын белгілеңіз.
№14
«Күләшқа, Күләшта, Күләштан, Күләйдан, Күләйға, Күләйда» сияқты кісі есімдерінің қосымшалары ережеге сәйкес жалғанған ба?
№15
«педагог-ы, педагок-тық, педагок-тар, филолок-қа, биолок-тың, биолок-тар, офталмолок-тың, офталмолок-тар» сөздеріне жалғанған қосымшалар ережеге сәйкес пе?
№16
У әрпінің жаңа емледегі қызметіне қатысты дұрыс тұжырымды табыңыз.
№17
-ов, -ев қосымшасымен аяқталған кісі тегіне қосымша жалғаудың негізгі қағидасы қандай?
№18
Кірме сөздердің соңында келетін нг дыбыс тіркесінің жазылуына сәйкес қосымшасы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.
№19
Цифрмен, рим цифрымен және литермен берілген көрсеткіштердің жазылуына қатысты дұрыс тұжырымды табыңыз.
№20
Дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда ы, і дыбыстарының түсуі мен сақталуына қатысты дұрыс тұжырымды табыңыз.
0 / 20
1-кезең бойынша дұрыс жауап саны
2-кезең

Қатемен жұмыс

Әртүрлі жазылымға қатысты тапсырмаларды орындаңыз.

2-кезең. 1-тапсырма

Дұрыс жазылған нұсқаны таңдаңыз.

1
мыйсыз / мисыз
2
мыйшық / мишық
3
сыйымды / сиымды
4
сыйқыр / сиқыр
5
тыйылу / тиылу
6
тыйу / тыю

2-кезең. 2-тапсырма

Заңнамалық құжат атауындағы бас әріп пен кіші әріптің қолданысын түзетіп жазыңыз.

7
қазақстан республикасының білім туралы заңы
8
қазақстан республикасының еңбек кодексі
9
қазақстан республикасының конституциясы
10
«мемлекеттік мүлік туралы» заң

2-кезең. 3-тапсырма

Дұрыс жазылған нұсқаны таңдаңыз.

11
ас қасық / асқасық
12
шай қасық / шайқасық
13
кір сабын / кірсабын
14
иіс сабын / иіссабын
15
тоң май / тоңмай
16
іш май / ішмай

2-кезең. 4-тапсырма

Берілген сөзге тиісті септік жалғауын жалғап жазыңыз.

17
кінә + барыс септік → ______
18
куә + барыс септік → ______
19
күнә + барыс септік → ______
20
полк + барыс септік → ______

2-кезең. 5-тапсырма

Берілген сөйлемді ережеге сәйкес жазыңыз.

21
«Бүгін 2026 жыл 8 қазанда жаңа жоба таныстырылды».

2-кезең. 6-тапсырма

Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңыз.

22
костюм → ______
23
съезд → ______
24
акт → ______
25
станция → ______
26
велосипед → ______
0 / 26
2-кезең бойынша дұрыс жауап саны
3-кезең

Диктант

Аудиожазбаны тыңдап, төмендегі арнайы алаңға диктант мәтінін жазыңыз.

Аудиожазба
Аудиожазбаны қосу үшін батырманы басыңыз
0:00 0:00
0 сөз
1. Қатысушының мәтіні
2. Түпнұсқа мәтін
2025-2026-оқу жылында мектепте оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мақсатында жаңа элективті курстар енгізілді. Жаңа курстар оқушылардың ақпараттық технологияларды еркін меңгеруіне және алған білімдерін тәжірибеде қолдануына кең мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына STEAM бағытындағы жобалар кіріктіріліп, балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды. Мұндай жаңашылдықтар білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Сынама аяқталды!

Жаңа емле ережелерін апробациялауға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз
Сертификат дайындалуда...
Қатысушы:
—
Оқу/Жұмыс орны:
—
1-кезең (Тест):
—
2-кезең (Қатемен жұмыс):
—
3-кезең (Диктант):
Орындалды