Артқа

Леп белгісі

 

§ 1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады (II тараудағы § 10-14-тарды қараңыз).
§ 2. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады (II тараудағы § 13-ты қараңыз).
§ 3. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады (II тараудағы §15-ты қараңыз).
§ 4. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 48, 65-тарды қараңыз).
§ 5. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін: “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда!Мұның жары! (М.Әуезов.)
§ 6. Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 9-ты қараңыз). 
 
 
 

Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, - 532 б. ISBN: 9965-06-023-1