§ 1. Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады.
§ 2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.
§ 3. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады.
§ 4. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады.
§ 5. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады.
§ 6. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады.
§ 7. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады:
Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен. (С.Мұқанов).
§ 8. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады.
§ 9. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады.
§ 10. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып, жолдың жартысына келіп қалды.
Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш – болжалды сан есім).