§ 1. Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады.
§ 2. Салалас құрмаластағы біріне-бірі түсінік болып келген және өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.
§ 3. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады.
§ 4. Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін кос нүкте қойылады.
§ 5. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады.
Рәбиға Сыздық.
Қазақ тілінің анықтағышы (емле,
тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, - 532 б. ISBN: 9965-06-023-1