Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымшалар қысқарған сөздерде соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай дефис арқылы жалғанады: ЖШС-ның. -ов, -ев тұлғасымен келетін кісінің тегіне қосымшалар түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне сәйкес үндесіп жалғанады. Келтірілген мысалдар бойынша Сафиновке емес, Сафиновқа болады.

Дұрысы – мемлекеттік тілді оқыту.

Кез келген сөздің орфографиялық нормаға сай дұрыс жазылуын анықтау үшін 2013 жылы шыққан Орфографиялық сөздікті басшылыққа алу қажет. Сөздікте «жәннат» емес, «жаннат» нұсқасы ұсынылған. Ауызекі тілде жіңішке ә дыбысы айтылғанымен, а әрпі жазылады.

Қазақ тілінің орфографиялық нормаларын сақтауға негіз болатын бірден-бір құрал Орфографиялық сөздік екені белгілі. 2013 жылы шыққан соңғы Орфографиялық сөздікте әртүрлі сөзі бірге жазылған. Сөздікті негізге алуды сұраймыз.

Дұрысы – киім-кешек. Бұл сөз – қос сөз әрі оның ішінде екі сыңары да мағыналы. Кешек деген әртүрлі киім дегенді білдіреді. Қазақ тілінің сөздік қорында кишек сөзі ешқандай мағынаға ие емес, қолданыста жоқ.


Тіпті сөзі сөйлемнің басында не жай сөйлемнің ішінде келген жағдайда одан кейін үтір қойылмайды.


Дұрысы – көптеген кітаптар болады. 

Дұрысы –  небәрі. 


Дефис қойылмайды: 30 қазан


қойылмайды.


«Акция» термин ретінде 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясында  «акция» түрінде, 2018 жылы сөз тіркесінде «дипломатиялық акция» болып бекітілген. Ал «науқан» сөзі бизнес, банк ісі салаларын жарнамалауда қолданылғанмен, ресми түрде бекітілмеген. Егер термин ретінде бекіту туралы ұсыныс түсіп жатса, қарастыруға болады.

Қазақстан сөзі Қазақ-стан болып тасымалданады.


Шар-уа-шы-лық сөзінде 4 буын, жан-уар сөзінде 2 буын бар. 

қойылады.


Дұрысы – күшейеді. Өйткені бұл сөздің түбірі күшей етістігінен болып тұр.