Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Жиі қойылатын сұрақтар

Дұрысы - "құрайды". 

Қазақ тілінде келер шақтың үш түрі бары белгілі. Атап айтсақ, ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ. Сіздің сұрағыңыздағы сөз ауыспалы келер шақ формасында жасалуы керек, яғни «құрайды». Бұл сөз етістіктен жасалған түбірге –й көсемшесінің жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Ал «құрады» сөзі өткен шақ формасында беріліп тұр. Яғни бұл - түбірге бірден жедел өткен шақтың жұрнағы жалғануы арқылы өткен шақ формасында жұмсалған сөз. 


«Көгөніс».

2013 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған Орфографиялық сөздік бойынша «көгөніс» деп берілген.


Ия, "мекенжай" біріккен сөз

Дұрысы  -  "шаштараз", "аспаз".

«Шаштараз» сөзі шаш және тараз деген екі түбірден тұрады. Мамандық иесін білдіріп тұр. Оған тағы -шы жұрнағын жалғайтын болсақ, қате болады. Сол сияқты ұста да -шы жұрнағынсыз-ақ шебер екендігін көрсетіп тұр. Ал аспаз сөзіндегі -паз жұрнағы онсызда белгілі бір мамандық иесі екендігін танытады. Сол себепті бұл сөздердің ешқайсысына -шы жұрнағы жалғанбайды.