Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Жиі қойылатын сұрақтар

"Туған күн" деп қолданған дұрыс. "Туылған күн" жасанды қолданыс. 

Академик Р. Сыздықованың «Тілдік норма және оның қалыптануы» атты еңбегінен: Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердің және бірі – узус. Орыс тіл білімінде бұған көбінесе «узус – қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме береді, узустың қарама-қарсысында окказионалдық бірліктер, яғни әдеттегі (нормадағы) мағынадан бөлек, тек сол контексте келтірілген мағынада жұмсалған сөздер тұрады. Узус пен окказионализмдер – оппозитивтік (қарама-қарсы тұрған) дүниелер. Сірә, дұрыс қолданыстағы бірлікті (сөзді, тіркесті, сөйлемді) «узус» дейтін болсақ, оның «нормативтік бірлік» дегеннен қандай айырмасы болады? Сондықтан біз узус деп тілдік жүйеге қайшы келгенмен, тілдік дағдыға айналған қолданысты атағанды дұрыс деп санаймыз. Бұған зерттеуші Н.Уәлиев жақсы мысалдар келтіреді. Мысалы, қазақ тілінің жүйесі бойынша ер (атқа салатын) деген зат есімнен етістік тудырғанда ерле болуға тиіс, бірақ қолданыста ертте тұлғасы жиірек кездеседі, сол сияқты қозы сөзінен етістік қозылады деп жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде қоздады түрі қолданылады. Ал біздің байқауымызша, бұл күнде туды-туылды деген жарыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді. «Пәленше пәлен жылы туды» деп айтылып келген сөйлемді туылды деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйеге сәйкестікті қуаласақ, туылды тұлғасы дұрыс: туатын – ана, туылатын – бала. Туылу – ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста туды тұлғасының орнығуы – узустық көрініс. Узустық тұлғаның тілден берік орын алғандығы сондай, ол – туған-туысқан (туылған-туысқан деудің орнына), туған ағасы (бірге туылған ағасы емес), туған жері (туылған жері деудің орнына), туып-өсу (туылып-өсу емес) сияқты қолданыстарды қалыптастырған. Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кездеседі. Мысалы, ішкен асын жерге қояды деген мәтелде мағыналық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды, соншама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда ішкен (ішіп болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жерге қоюы (ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осы тұлғада (ішкен асын) қалыптасқан. Бұл да – узустық құбылыс. Тегінде, норма мен узусты айырып таныған жөн. Нормативтік бірліктер де – қолданылып кеткендер, олай болса узус дегеніміз – әдеттегі тілдік жүйеге негізделген норма емес, тілдік дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі – оның тілдік жүйеге қайшы келетіндігі деп танимыз. (Р. Сыздықова Көптомдық шығармалар жинағы. - 8-том. Тілдік норма және оның қалыптануы. - Алматы: Ел-шежіре, 2014. - 9-10-б.).

«Ауа райы»  «климат» деген сөздің жақсы баламасы, орыс тіліндегі «погода» деген сөзге «күн райы» деп қолданылған дұрыс. 
Тілтанушылар 15 томдық түсіндірме сөздік жасаған кезде, «ауа райы» деп үлкен бір географиялық аймақтың климаттық құбылысына қатысты пайдаланады, яғни «климат» деген сөздің жақсы баламасы болып тұр. Ал енді орыс тіліндегі «погода» деген сөзге «күн райы», ол қазақтың бұрыннан қалыптасқан баламасы жүреді. Сондықтан күнделікті күннің райына қатысты айтсаңыз, «ауа райын» қолданбаған дұрыс.
"Америкалық", "италиялық" дұрыс. 
Арасындағы "н" дыбысы қосылып кеткен "американдық", "итальяндық" деген қолданыстар бұл орыс тіліндегі сындырылған сөзді тура қазақша алу. Орыс тілінде бұларды "интерфикс" дейді. Яғни "аралық сынама дыбыс" дейді. Олар, мысалы, "американский" дейді "америкаский" демейді, ол жерге апарып "н" жалғайды. "Итальяский" демейді "итальянский" деп "н-ды" жалғайды. "ский" деген сын есім жасайтын жұрнақтың алдына интерфикс қолданылады. Біз соны дәл солай аударып "американдық", "итальяндық" де айтып жатамыз кейде, бұл қате. Таза қазақша сол түбірге апарып сын есімдік жұрнақты жалғау керек. "Америкалық", "италиялық" деп.
Жоқ, қойылмайды.
Жазу мәдениетінің бір ұшы тыныс белгілерін дұрыс қоюда болса, оның ережелерін де белінен басып, берекесін алып жатқан жайымыз бар. «Дауыс кідірген жерге үтір койылсын!» деген «жекеменшік» ереже шығарғандардың «көмегімен» үтір дегенді тоғытып жібердік. Сөйлем басында келген ал, бірақ, өйткені, сондықтан шылауларды үтірмен бөліп тастайтынды дағдыға айналдырдық. Бұл жалғаулық шылаулар әдетте екі сөйлем мүшесінің ортасында немесе құрмалас сөйлемнің екі компонентінің ортасында келеді, мұндайда алдарынан үтір қойылады. Ал кейде, әсіресе газет беттерінде бұл жалғаулықтарды сөйлемнің басына шығарып қолданады. Ондайда сәл паузамен бөлініп айтылғанмен, үтірмен ажыратылмайды. Бұл орайда, яғни сөйлем басында келген одағай, қаратпа, қыстырма сөздерден кейін ғана үтір қойылады. Көрсетілген шылаулар – қыстырма да, одағай да, қаратпа да емес, жалғаулықтар. Рәбиға Сыздықова Бүгінгі жазу-сызу мәдениеті // Егемен Қазақстан. 2004, 17 қыркүйек

Дұрысы рақмет.

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ (рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р. Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929,  27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы // Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек  // «Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлы Латын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов)  Латын әрпі жайында // Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған.  Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р. Сыздықова көрсеткендей, Ахмет түрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз. 


Алынады


Дұрысы - құқық.

Қойылады.

Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қолданылғанда, олардан кейін нүкте қойылады: т.б., т.с., т.т. 

Бұлардан басқа қысқартылып нүкте қойылатын сөздер: ж. – жыл; ғ. – ғасыр; сек. – секунд; мин. – минут; сағ. – сағат.


Ресми хаттарда бірінші – күн, екінші – ай, үшінші – жыл жазылады.  Күн  және  жыл аттары цифрмен жазылады. Ал айдың аты  ресми хаттың  сипатына байланысты кейде толық кейде цифрмен жазылады. 


"Сондықтан да"  болып бөлек жазылады. Себебі "сондықтан" сөзі де, "да" сөзі де - шылау. 

Сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қою үшін, оның синтаксистік ерекшелігімен қатар, сол сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына да назар аудару қажет. Өйткені бүтіндей бір сөйлемнің немесе ондағы кейбір жеке сөздердің мағынасы белгілі бір тыныс белгіні қоюды керек етеді. Ал сонымен бірге, сондай-ақ, сонымен қатар деген сөздерден кейін үтір қойылмайды.  Себебі үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөз тізбектері, қыстырма сөздер, сөйлемдегі одағайлар бөлінеді. Ал бұл сөздер қыстырма да, одағай да емес. Сондықтан бұл жерге үтірдің қажеті жоқ.   


Басқарма ішіндегі бөлім аттары бас әріппен жазылады. Мысалы,  А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімі


Телефон 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясының  2016 жылғы 9 желтоқсанындағы отырысында "бағалы қағаз" сөзі  бекітілген.     


"Кез келген" сөзі  дефиссіз жазылады.

Қазақ тілтанымында күрделі сөздердің (бұл ретте екі немесе одан да көп, бірге және бөлек жазылатын тіркестер айтылып отыр) емлесі турасында теорияда жазу практикасы ескерілген маңызды пікір-тұжырымдар бар. Соған қарамастан, жазба нұскаларда екі немесе үш сыңарлы күрделі сөздердің жазылуында ала-кұлалық басым. Алайда мына жайтты ескеруге тура келеді. Қазіргі қоғамдағы тілдік қатынас үшін идеологема, қоғамдык-әлеуметтік лексика маңызды болып саналады. Қоғам сипаты, еңбек түрлері, алыс және жақын шетелдермен байланыстар, экономика мен әлеуметтік өмірдің дамуы ықпалынан бұрынғы қоғамдық-саяси лексика сапасы мен саны жағынан едәуір өзгерді, қазақ тілінің төл сөздері жаңа коннотацияға ие болды. Лексикадағы сапалық сипаттар күрделі сөздердің терминденуіне жол ашты, жаңа ұғымдарды шапшаң номинациялау қажеттігіне байланысты екі немесе одан да көп сөздің жиынтығынан тұрып, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздердің жазылуында емле ережелерін қадағалау екінші орынға ығысты, сөйтіп, біртұрпатты сөздерді әртүрлі жазуға (бірде бөлек, кейде бірге, яки дефис арқылы) дағды қалыптасты. Мысалы,  өзбетінше – өз бетінше; күн батыс – күншығыс; сайлауалды – сайлау алды;  кез келген – кезкелген – кез-келген. Жалпы қос сөз болу үшін  екі  сөз құрамындағы екі компоненттің екеуі де міндетті түрде бір сөз табына тән болуы  керек. Ал кез келген сөзіндегі кез – мезгіл, мерзім, уақыт, шақ дегенді білдіріп, зат есім болса,  келген сөзі –  етістік.  Сондықтан кез келген сөзі  дефиссіз жазылады.


Тіл тәртібіне сүйену керек.

Қазіргі БАҚ беттерінде  Алла, Аллаһ атауларының жарыса қолданылып жүргені байқалады. Осымен байланысты оқырмандарға жол сілтеп, жоба көрсетпек болған авторлардың бірі Алла деген дұрыс десе, екінші бір автор Аллаһ деп қолданған жөн деп біледі.

Мұндайда тіл тәртібіне сүйену керектігін көрсетеді. Тіл тәртібі бойынша осы екі нұсқаның бірі норма, екіншісін норма емес деп үзілді-кесілді баға беруге болмайды. Аллаһ нұсқасы ең алдымен діни уағыздарда, діни мазмұндағы мәтіндерде, діни ортадағы қарым-қатынаста жұмсалатын дін қызметшілерінің тілдік тұлғасына тән қолданыс деуге болады. Дінтанушы ғалым Мұртаза Бұлұтай жұртшылыққа арнап сөйлеген сөзінде Аллаһ нұсқасын қолданады, яғни бұл нұсқаның діни дискурсқа (сөзге) тән сипаты бар. Бұдан Аллаһ сөзінің стильдік реңкі бар екені, осымен байланысты коммуникативтік жағдаят таңдайтыны байқалады. Ал Алла сөзі стильдік мағынасы жағынан бейтарап, сондықтан әртүрлі мазмұндағы, әсіресе дүнияуи мәтіндерде жұмсала береді. Міне, тіл заңдылығына сүйенсек, Алла, Аллаһ сөздерін «Кім?», «Қай жерде?», «Кім кімге?» деген коммуникативтік қағидатқа сай орынды қолдану керек екенін, талғаусыз жұмсай беруге болмайтыны аңғартады.


Тек фонетикалық қана өзгешелік болмаса, екі нұсқа да дұрыс.

Ай /әй/ дейтін ажа /әже, қой дейтін қожа жоқ – шектен шыққан тәртіпсіздік. Негізінде ажа сөзі көне түркі тілінде ауылдың сыйлы, құрметті үлкен адамы  немесе әмірші дегенді білдіреді. Енесай қырғыздары билеушісін «ажо» деп атаған. Қазақ тілінің дыбыстық айтылу заңдылығы бойынша ай/әй, ажа/ әже болып дыбысталып кеткен.  Мұны тек фонетикалық қана өзгешелік дейміз, ал қай вариантын қолданса да  мағынасы дұрыс өзгермейді.

Ф.ғ.д, профессор  Смағұлова Г.