Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Тыныс белгілерінің қолданылуы жайында

Бүгінгі жазу-сызу тәжірибемізде тыныс белгілерін қолдану ережелері дұрыс түзілген. Оның негізгі баптары талас туғызбайды. Әңгіме пунктуациялық ережелерде емес, оларды дұрыс қолданбай жүргендерде. Бұл – білместіктің, жазу мәдениетіне мән бермеушіліктің, қысқасы,  сауатсыздықтың салдары. Бұған сөйлеп (оқып) отырғанда тыныстаған жерде үтір қойыла беруі керек деген сияқты мүлде қисынсыз пікірлердің баспасөз бетінде айтылуы да себепкер болары хақ.

Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу тілдің грамматикалық құрылысын жақсы игеруге байланысты. Мектепте сөз таптарын ажырата білетін, сөйлем құрылымы мен сөйлем мүшелерін тани алатын дәрежеде білім алған адам тыныс белгілерін дұрыс қояды. Қазіргі жазба дүниелерде тыныс белгілерінен кетіп жатқан қателер жоқ емес, олар бастауыштан кейін сызықшаның қойылатын орындарын жөнді білмеушіліктен, сөйлем басында келген ал, бірақ, сондықтан, өйткені сияқты шылауларды қыстырма сөздермен шатастырып алушылықтан, төл сөз бен автор сөзінің арасына қойылатын тыныс белгілері туралы тиянақты, анық ережені толық білмегендіктен кетіп жатыр. Ал бұларға қатысты ереже баптары мектеп оқулықтарынан бастап, әр алуан анықтағыштарда айқын, анық ұсынылған. Соны не ұмытып қалып, не көңіл қоймай, не тіпті тыныс белгілері ережелеріне үңілмей жаза салудың нәтижесінде пунктациялықта жағымсыз көріністер орын алып келеді. Бізде сірә, мектепте тыныс белгілерін дұрыс қойып үйретудің өзі мәз емес болу керек, ал есейген соң қолына қалам алған адамдардың анықтағыштарға, емле сөздіктеріне әлсін-әлсін үңіліп отыру дағдысы жоқ па деп қаласың. Әйтпесе тыныс белгілері ережелері тиянақты, айқын. Бұл жерде тек ұқыптылық керек  әрі іске деген жауапкершілік қажет, яғниайтылған (жазылған) ойдың ішінде бір сөзге ерекше мән беріп, логикалық екпін түсіру керек болған жағдайда оны бас әріппен жазуға болады, бұл әдіс көбінесе пафоспен келетін өлең жолдарында, лирикалық толғаныс мәтіндерінде жиірек кездеседі. Бірақ бұлардың барлығы тек бас әріппен көрсетілуі шарт емес, сондықтан мәтін ішіндегі жай сөздерді (жалқы есімдерді) бас әріппен жазуға мейлінше жауапты қарау керек.

Сөздің айтылуы (орфоэпиялық нормалары) мен жазылуы (орфографиялық ережелері) заңдылықтарын әрдайым түсініп, дұрыс пайлаланып жүрген жоқпыз. Әсіресе сөзді жазылуынша немесе жеке тұрған күйінше айту, яғни үндестік заңдарын бұзып дыбыстаудың етек алып бара жатқанын тіл мамандары үзбестен қозғап та, айтып та келе жатыр. бірақ көңіл аударып, құлақ асып жатқан радио, теледидар қызметкерлері, шаршы топ алдында шығып сөйлейтін кейбір адамдар қазақ тілінің өзіне тән орфоэпиялық нормаларын бұзумен келеді. Егер «қазақ тілі бұзылып бара жатыр» десек, қауіптің осы тұстан болып отырғанын баса айту керек (әрі қарай қай тұста қандай қателер болып жатқанын мысалдармен көрсетіп жазу керек).

Қысқарған сөздердің қысқартылу тәртібін (түрлерін) жүйелеп алу қажет: әріптерден қысқартылатын кейбіреулерін қазақша аталуы құлаққа жағымдырақ болуы үшін буын мен әріптерден араластырып қысқарту керек болар ма екен? Ал енді бірді-екілі қысқарған тұлғаларды орыс тілінде қалыптасқан күйінде қалдыру (СПИД деген сияқты) дұрыс болар, қысқасы кысқартып колданудын бірнеше үлгісі бар екенін ескертіп, қазақ тілі үшін қай тіркестіқалайша қысқартап атаған тілге икемді, құлаққа жағымды келетіндігін екшеп бір жүйеге келтіру қажет.

«Егемен Қазақстан». 2004, 12 маусым