Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы



Әліппеміз бұқарашыл болсын

Төр-аға.Сөз ж. Жұбанұлына берiледi.

Жұбан ұлы. – Кенеттен Ж. Омар ұлы туыс негiздi емлеге бейiмдiк көңiл бiлдiргендей болды. Сондықтан мен емленiң тек негiзi жайынан ғана сөз қыламын.

Емленiң бүге-шiгесiн мен талдап жатпаймын. Өйткенi ол жағын Константин Кузмич Юдахин толық жанап өттi. Күн бұрын бiз өзара ойласқан сөзiмiздi ол кiсi айтқан соң, мен оның сөзiне басқа қосарым қалмады.

Бiзге туыс негiздi (морфология) емле керек пе, дыбыс негiздi (фонетика) емле керек пе?

Менiңше, баяндамашы айтқандай, емле негiзiне қожа сол тiлдiң жаратылыс заңы болуы керек. Тiлiмiздiң жаратылысына қарасақ, емлемiз дыбыс негiздi болу керек. Әрине ол Шонан ұлы баяндамасында айтқандай дыбыс негiздi болу керек.

Бiзге дыбыс жүйелi емле неге керектiгiн Қазақстанның бiрiншi бiлiм съезiнде ең толық түсiндiрген адам Омар ұлы едi. Бiз туыс жүйелi емле жасасақ та бәрi бiр, оның өзi дыбыс жүйелi емлемiзден онша басқа болып кетпес едi. Өйткенi туыс жүйенi сөз негiзiнде қолданар едiк. Сөз негiзi бiзде өзгермейдi де, дыбыс естiлуiне сәйкес болады. Жалғауды бәрi бiр туыс негiзiмен жаза алмас едiк. Неге десеңiз, жалғауды туыс жағынан әлi ешкiм жете бiлмейдi. Жалғауды туыс жүйесiмен жазу үшiн оның тарихын, бұрын калай жазылып жүргенiн, қысқасы алғашқы түрiн бiлу керек. Жалғаудың қай түрi тұңғыш, қай түрi кенже екенiн бұл күнгi тiл бiлiмi бiле алмайды. Мәселен «лар» көнерек пе, я «дар» ескiрек пе, болмаса «тар» кәрi ме, оны дәлелдеу мүмкiн емес.

Сондықтан, профессор Шобан-заданың ұсынысын мен керiсiнше ұстау керек дер едiм. Проф. Шобан-зада: «сөз-негiз дыбыс жүйесiнше, жалғау туысынша жазылсын», десе, мен сөз негiзi туысынша, жалғауы дыбыс жүйесiнше жазылу керек дер едiм. Сонда бiздiң емлемiз мiнсiз, әрi жеңiл болады. Себебi сөз түбiрi белгiлi жолмен кейде болмаса, тiптi өзгермейдi. Сондықтан, бiздiң дыбыс емлемiз бен туыс емлемiздiң арасында айырмашылық болмайды деймiн. Қопармалы тiлдерде бұл екi негiздi емлелердiң арасы жуықтаса алмайды. Сондықтан сөз тұлғасын бұзбау үшiн туыс жүйелi емленiң бiзге онша керегi жоқ. Бұл жайында баяндамада айтылған.

Проф. Шобан-зада туыс жүйелi емленi жақтағанда көздейтiнi – түрiк тiлдерiн бiрiктiру болса керек. Бұл – жай қиял. Омар ұлы тiлiмiздiң жазба тарихы ұзақ емес дедi. Менiңше тiлiмiздiң жазба өмiрi, орыс тiлiмен салыстырғанда да, едәуiр ұзақ: жазуымыз ұзақ өмiр сүрген. Түрiктерде VI–VIII ғасырда жазу болған. Славяндар (орыстардың аталары) X ғасырдан бастап жазулы болған. Орхон жазуын бұлай қоя тұрғанда да, бiзге жеткен белгiлерге қарағанда, түрiктер IX–X ғасырда ойғыр жазуымен жазып бiраз кiтап қалдырған. Мәселен, «Екi ханзада», «Езгiлiк және жауыздық» деген ертегi ойғыр әлiппесiмен жазылған. Тiлшiлер бұл ертегi IX ғасырда жазылған деп ұйғарады.

Сол ғасырдан берi мың жыл ұдайынан бiз туыс негiздi емле ұстап келемiз. Онан түрiк тiлдерiнiң арасы қанша жақындасты.

Жазу арасы жақындау үшiн, ол жазу қалың бұқараға жеңiл болу керек.

Қалық бұқара қолына үкiметтi ұстағанға шейiн, жазу бұқарашыл бола алмады. Ж. Омар ұлы айтқан сияқты жазу тек жоғарғы таптың ғана еншiсi болды. Сондықтан ол жазу қалың бұқара арасына сiңе алмады. Қалың бұқара тiлiн бiрiктiре алмады. Мұнан былай, жазу бұқарашылданған соң, тiлдi бiрiктiруге болады. Бiрақ тiлдердi бiрiктiруге болмайды. Адам деген белсендi жануар, адам өз тұрмысын да, тiлiн де өзгерте алады. Бiрақ жалғыз жазумен емес, түрлi шаруашылық-әлеуметтiк шарттар арқылы өзгерте алады. Ол шарттар түрiк тiлдерi түгiл барлық адам баласының тiлдерiн бiрiктiруi де мүмкiн. Бiрақ ол қашан боларын ешкiм айта алмады. Ол ертерек. Әзiр бiз туыс жүйелi емленi алсақ, бiзде де англичандiкi және басқа елдердiкi сияқты жазу болады.

Бiзде «лар» деген жалғау -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, болып жазылады. Ұйғыр әлiппесiнде көптiк жалғауы «а» арқылы -лар болып жазылған. Шағатай тiлiнде -лiр жазылған. Берi келе анатолы түркi мен татар тiлiнде де -лiр жазылған. Бiрақ онымен татарлар да, анатолы түрiктерi де тiл тарамдануынан (диалектi) құтыла алмаған.

Сондықтан туыс жүйелi емленi алсақ та бiз я жазуды, я тiлдердi бiрiктiре алмаймыз. Мен де бiрiккеннен қашпаймын, бiрақ өте сақтық керек.

Көптiк жалғаудың қазақша төрт түрi бар. Бiз оның бәрiн тастап жалғыз лар-ды ұстап қала алмаймыз, мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану жұмысы тез жүру үшiн жазу сөз естiлуiне жақын болу керек. Әйпесе «ят» кезiндегi орыстар сияқты емле ережелерiн жаттаймыз да отырамыз.

Ж. Омарұлы айтқан сияқты, бұл күнге шейiн емле мәселесiн тiл мамандары шешiп көрген жоқ. Емленi шешумен келе жатқан тұрмыстың өзi. Өнерлi елдiң қайсысының болса да жазуын алып қараңдар. Iрi тiл мамандары болса да, ол мамандар емле мәселесiне аз жәрдем берген. Өйткенi бұл күнге шейiн тiл iлiмi өмiрмен байланыспай, таза iлiм болып келген. Мұнан былай тiл iлiмi жазудың iске асу жағына жәрдем бермеске амалы жоқ.

Араб жазуының негiзi тарихи жазу. Ол арабтардың надандығынан емес, араб тiлiнiң қасиеттерiнен болған. Арабта тiл iлiмi өте шарыққа шыққан. Ж. Шонанұлының көңiлi өте құлап кеткен дыбыс жайындағы тiл iлiмiнiң тарауы әлi арабтiкiн жөндi басып кете алған жоқ. Iрiту, елiктiру заңы арабтарға қашаннан белгiлi болған. Бiздiң оқытушыларымыз «iдғам», «ихфа» дегендердi жақсы бiледi. Бiрақ араб емлесiн жасаған арабтың бұл ғылымы емес, өзiнiң тiлi, араб тiлiнiң түбiрi үш дауыссыз дыбыстан құралады да, дауысты дыбысқа өте кедей болады. Сондықтан емлесi туыс жүйеге сүйенген.

Ендi профессор Вудцетельдiң сөзiндегi дауыссыз дыбыс қатар келмейдi дегенге тоқталам. Бiрақ мұны сәл кейiнге қалдырайын. Бiрде А. Байтұрсынұлы газетте туыс жүйелi емлеге жуық пiкiр айтқан сияқты. Ол кiсi -дар, -тар, -дер, -тер екi түрде -дар//-дер болып жазылсын деген. Бұл да «дар»-ды жалғаудың байырғы түрi, дұрыс түрi деген, -тар//-тер бұралқы түрi деген қиялдан туған пiкiр. Жалғаудың қай түрi үлкен, қай түрi кiшi екенiн әлi ешкiм аша алған жоқ. Бiздiң алтай тiлдерi қатаң, ұяң дыбыстарын бұрын айырмаса керек. Мәселен, ұйғыр жазуында п мен б, к мен г айырылмаған.

Сондықтан ұйғыр әлiппесiмен жазған түрiктер қатаң дыбыстан ұяң дыбысты айыра алмаса керек. Көп зерттелген бiр түрiк тiлiнде бұл әлi бар. Мәселен, шуваш тiлiнде қатаң мен ұяң дыбыстар айырылмады. Бiтеу буында қатаң болған дыбыс, ашық буында ұяңға айналады. Мысалы үт (ат), ұда (атқа). Берi келе қатаң, ұяң дыбыстар жiктеледi. Оның бiрi – ерте, бiрi – кеш шықты деу дұрыс емес. Бiздiң емлемiзде де екеуiнiң терезесi тең болуы керек.

Бiзге туыс жүйелi емленiң келмейтiн тағы бiр себебi – тiлiмiздi зат есiм, сын есiм деп сөз мүшелерiне бөлу қиын. Архангельский жолдастың тiл құралын түзеген Кемеңгерұлы жолдасосылай дептi. Бiздiң тiлiмiз жалғамалы (агглютинация) тiл, қопармалы күйге жетпеген тiл. Бұлай сатылауға англичан тiлi қарсы болса да, англичан тiлi қопармалылықтан жалғамалылыққа қайтса да, осы күнгi бiр жаңа қисын қопармалы тiлдi жоғары қояды. Мен осы жаңа қисынды қолдаушыларданмын. Түрiкшiлдер де бiздiң тiлiмiзде әлi дербес тұлғасы жоқ сөздер барын көрсетiп отыр. Бұған зат есiмнен шыққан сын есiмдер айғақ болып отыр. Олар мағынасы аяғындағы дыбысына қарай емес, сөйлемдегi орнына қарай бiлiнедi. Сондықтан тiл құралымызды сөз жүйесi ғана емес, сөйлем жүйесiне де қоса құру керек екенi байқалады. Тiлiмiз осындай сатыда тұрған соң емленi сөз жүйесiне құруға болмайды. Бiзге ең қолайлысы дыбыс жүйесi.

Ендi жолай бөлек-салаққа кiдiре кетем. Мен баяндамашының кейбiр жаңылысын түзегiм келмейдi де, баяндамашы тiл маманы болуда дауы жоқ.

Сөз басында дауыссыз дыбыстар қосарланбайды дегендi кеңiтiп, буын iшiнде дауыссыз қос дыбыс келмейдi деу дұрыс. Бұл барлық түрiк тiлдерiнiң заңы. Тек дауысты үндi шұғыл болса ғана екi дауыссыз дыбыс қатар келедi. Басқа түрiктер екi дауыссыз дыбысты қатар жазса, ол тек емледен. Бiрақ «екi дауыссыз қатар келмеу – барлық мешелдеген тiлдер белгiсi» деу жаңылыс. Араб-жебiрей тiлдерiнде үш дауыссыз қатар келедi. Бiрақ соңғы кезде олар да асты-үстi қойып айырып жүр, мысалы: зарыбун – ұру, зараба – ұрды, зарыба – ұрылды. Олардың дауысты әрiптер жазып жүргенiнiң өзi дауыстыларды көп сезбегендiгiн көрсетедi. Н. Е. Вунцетель мұны жетiлген тiлдiң белгiсi қылып көрсетеді. Әйтеуiр мен солай түсiнiп қалдым. Түсiнуiм дұрыс болса, ол кiсiнiң ойына қосылғым келмейдi. Өйткенi дауыстыға түрiк тiлдерiнен бай тiл жоқ. Жаңада ғана өзбектер 18 дауысты дыбыс аламыз деп дауласқан. Олар түрiк тiлдерi жетiлген тiлдер болады дейді. Бодуэн-де-Куртене де солай деген.

Мен қопармалы тiл, жалғамалы тiлден жетiлiңкiреген деген ойға қосылам. Бiрақ жалғамалы тiлдiң дыбысқа бай екендігін мойындамасқа болмайды. Осы күнгi бiр жаңа қисынның айтуынша әуелi қоспа дыбыстар шыққан. Сонан олар жiктелген. Ең соңынан дауыстылар шыққан. Сондықтан буында дауыссыздар қатарланып келуi ескiнiң мұрасы деп қарау керек.

Осымен сөзiмдi тоқтатам.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕСІ МЕН ГРАММАТИКАСЫНЫҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ1

Жанғазы!

Тегiс аманбыз. Жәлештiң де денi сау. Сұpаулаpыңа жауап беpейiн.

1. Қазақ тiлiнiң тұpақты емлесi биыл бекip деп ойлаймын.

Сенiңше, осы күнгi емленiң нендей кемiстiгi, нендей қиындығы баp? Теpминдеpдi қоя тұpып, қазақтың өз сөздеpiн жазуға кемiстiк келтipетiн не баp? Өзiңше ондайын қайтiп түзеу жөн? Осылаpдың жауабын сен де жаз.

2. Халықаpалық теpминдеpдiң емлесi де үзiлдi-кесiлдi шешiлген жоқ. Оpысша жазылуынша болсын деген жалпы бағытқа ешкiмнiң көpiне дауы жоқ сияқты. Бipақ жалпы бағыт баp да, еpеже баp. Бұл екеуi бip емес қой. Hағыз толық еpеже беpу мәселесi әлiппе мен емленi түгел қаpастыpмай шешiлмек емес. Сондықтан бұл да кешiгiп тұp.

Еpулiге қаpулы болып, сұpауыңа сұpау төлеп бағасын өтейiн, сен мынаны айтшы:

Бiлек, тыpаш, ыстағын (мес) сияқты қазақ сөздеpi, осылай басқы ашық буында келте дауысты ы, i-леpмен жазыла тұpып, пленум, тpактоp, стахановшы сияқты сөздеp ы, i-леpсiз жазылатын болса, жеңiл соғаp ма едi? Балаға мұны қалай түсiндipеp едiң? Шеттен келген сөздеpдi жаттатқаннан басқа амал табаp ма едiң?

Егеp блек, тpаш, стаған деп жазуды дұpыс таба қойсақ, бiл, тыp, ыс сияқты сөздеpдi осылай жаза тұpып, бiледi, қыpағы, ыстау сындылаpын бледi, қpағы, стау түpiнде – бip түбipдi екi түpде (бiл, бл; қыp, қp; ыс, c) жазаp ма едiк? Бұл қиын болмас па едi? Әлде түбip емлесiн бipiктipу үшiн бip буындылаpына да ы, i жазбай, бл, қp, с жазаp ма едiк? Бұл соңғының көзге қоpаш көpiнгеннен басқа не мiнi болаp едi? (Буын айыpтуды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қаpай буын жiгiн таптыpу методикасын шығаpуға болады). Осы күнi хал(ы)қ – халқ-ы, мұp(ы)н – мұpн-ы сияқтылаpда түбipдiң ы, i дыбыстаpы бipде жазылып (халық, мұpын), бipде жазылмай (халқ-ы, мұp-ны) жүp. Осыдан көpiп жүpген қиындығымыз жоқ. Сонда бiл мен бл+едi, қыp мен қp+у сияқтылаpдағы ы, i-леpдiң ойнамалылығы қалайша қиындық көpсетпек?

3. Құpмалас сөйлемге қазipгi кiтаптаpдың тiсi батпаған. Бәpiнiкi де дұpыс емес.

Құpмалас (менiңше, күpделi) сөйлем екi түpлi:

а) сөйлемнiң бip мүшесi ﻩﺭﻓﻣ ﻪﻅﻓﻟ(жалаң сөз – паpсыша) жасалмай, iшiн жаpып ақтаpғанда, өзi бip сөйлем болып ﺐﮐﺭﻣ ﻪﻅﻓﻟ(күpделi сөз – п.) болса, осындай күpделi мүшесi баp сөйлем күpделi сөйлемнiң (құpмаластың) бip түpi – сабақтасы болады: мақтаулы жыpауосы. Жыpау – бастауыш, осы – баяндауыш, мақтаулы – бастауыштың анықтауышы. Мұндағы мүшелеpдiң бәpi де жалаң (ﺩﺭﻔﻣ ﻪﻅﻓﻟжалаң сөз – п.). Сондықтан бұл жай сөйлем. Ал, жұpт мақтайтын жыpау – осы десек, күpделi сөйлем болады, күpделiнiң сабақтасы болады. Hеге десең мұнда анықтауыш емес, өзi бip сөйлем: жұpт мақтайтын солайымен тұpып бip-ақ анықтауыш. Бipақ iшiн жаpып қаpасақ, өзаpа бip сөйлем: жұpт – бастауыш, мақтайтын – баяндауыш, екеуi қосылып баpып жыpау-дың анықтауышы болады. Өйткенi мақтайтын-ның тек өзi бұл аpада анықтауыш емес: мақтайтын жыpау десек, мағынасы өзгеpiп, өзiн өзгелеp мақтайтын емес, өзiн өзi мақтайтын Hауаш сықылды құдай ұpған болып шығады.

Сөйлемнiң қай мүшесi де күpделi бола алады: Бiлегi жуан бipдi жығады (бастауышы күpделi). Бiздiң мектеп өзiң көpген (баяндауышы күpделi). Бiз ай туа жүpiп кеттiк (мезгiл анықтауышы күpделi). Су қайтқасын баpып қайтаpмын (бұ да). Ел жатқанша жүpдiк (бұл да). Бiз келгенде сен ояу едiң (бұ да). Сөзi көптiң iсi өнбейдi (толықтауышы күpделi). Еңбегі аздан өнбек аз (толықтауышы күрделі). Ол аты бәйгеден келгенге мақтанып отыp (толықтауышы күpделi). Оның оқуы көп болғанмен, өсуi кем екен. Жасы жетсе де, өзi қаpтаймапты (анықтауыштаpы күpделi).

Күpделi сөйлем болу үшiн, күpделi мүшенiң бастауышы да, баяндауышы да болуы шаpт.

б) жалғасқан сөйлемдеpдiң жинағы – күpделiнiң салаласы болады.

Жаңғазы жуас та, Ақжаpқын асау. Бұл – салалас.

Екеуiнiң айыpмасы: Сабақтаста күpделi сөйлем бас сөйлемнiң бip мүшесiне ғана байланысты да, салаласта олай емес, бip сөйлем екiншiсiне солайымен байланысты болады, бipiне-бipi мүше емес.

4. Тыныс белгiлеpiне еpеже шыққан жоқ. Бұл синтаксис шешiлмей, шешiлмейдi ғой. Ұсыныстаp баp.

5. Баp, жоқ – зат есiм. Жылдам, аз, көп – сын есiм. Кеше, бүгiн ﻦﺍﻤﺍﺯ ﻡﺴﺍ (мезгiлдiк зат есiм – п.). Абаттың гpамматикасында, дұpысты қоя тұpып, дұpыс емес те бағыт жоқ. Бұл – тiл құpалдаpынан, менiң кiтабымнан, Телжандiкiнен теpiп алған шөпшек.

«Мәнi pетiнде қазақ сөзi неше тапқа бөлiнедi?» – депсiң. Жалғыз мәнмен мәселе шешiлмейдi. Бұл – тiл, ﻕﻁﻧﻣ(логика – п.) емес. Оpыс тiлiнде «pама» (женский pод), «окно» – ﻁﺳﻮﻤ (сpедний pод – и.). Бұл тек фоpмалануы, әйтпесе олаp «pаманы» ұpғашы, «окноны»ﻰﺷﻧﺧ(қызметке, п.) деп бiлмейдi. Сондықтан сөз табын ашу үшiн, әp тiлдiң өзiндегi әp мағына қалай фоpмаланған? Осыны тиек қылу кеpек? Бұл ﺭﺎﻳﻟﺍ (Алпаp – татаp ғалымы) маpқұмшаﻰﻟﻛﺷ«nigezgә toz» деген емес. Фоpмаланудың өзi әp тiлде әp түpлi. Бiздiң тiлiмiзде 3 түpлi өлшеудi қабат алып отыpу дұpыс. Үшеуiнiң бipдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз табы деуiмiз кеpек. Ол үшеудiң бipi – мағына, екiншiсi – моpфология, үшiншiсi – синтаксис (ﻯﻮﻣﻧ ﺕﺎﻤﻟﻛ ﻝﺍﮐﺷﺍ ﺚﻌﻣ ﻯﻮﻧﻌﻤ– п.). Оның үстiне бipден таптастыpа салмай, баспалдақтап тiзу кеpек. Кiсi мен үшiндi қатаp қойып, сөздiң бip табы демеу-деу – қаpыс пен құлашты қосып санап, 2 құлаш пен 3 қаpыстың жиыны 5-еу дегенмен бip есеп. Дұpысы бip өңкейлеп алу емес пе? Бip сом мен 50 тиынді қосып 51 шығаpғанмен есеп бола ма? «Кiсi» – түбip сөз, «үшiн» – шылау. Бұлаpды тең тап деп санау сом мен тиынді тең көpу емес пе? Мен былай таптастыpам:

Матау жалғауыш (союз)

Жетек жалғауыш (послелог)

«мен», «да», т.т. бұлар бір сөздіекіншісөзге бағын-дырмай, жетектетпей тек матастырады.

«үшін», «сияқты», «арқылы», «сайын», т.т. Бұлар септеулер есепті, өздері тағылып тұрған сөзді басқа бір сөзге жетектетеді.

Есiм – (мағынаша) заттыңөзiннетұpғылықтыбелгiсiнкөpсетедi; моpфологиядакөптеледi, септеледi, тәуелденедi, жiктеледi; синтаксистесөйлеммүшелеpiнiңқайсысыдаболаалады. Етiстiк (мағ.) заттыңөзгеpмелi белгiсiнкөpсетедi (моpфологиядажiктелмейдi, септелмейдi, тәуелденбейдi, көптелмейдi. Етiсқосымшалаpын, болымсыз«ма»-ны, түpлеуiштеpдi ғанаеpітедi. Синтаксистебастауышсенсөзi болғандағанабаяндауышболады, басқамүшеболаалмайды).

Есiмдi өзаpажiктегендедеәp жiгiнiңаpнаулыбелгiлеpi болады. Тегiнде, жоғаpғыесiмбелгiсi депотыpғанымыззатесiмдiкi. Өйткенi сынесiм, санесiмдеp септелгенде, жiктелгенде, тәуелденгенде, көптелгендеөзмағынасынаншығып, затесiммағынасынаауысыпкетедi.

Қызылбояуғасалғаншүбеpекдесек,қызыл – сынесiмболып, бояудегензатқасүйенiптұpады. Ал, қызылғабояғаншүбеpекдесекте, қызылбояуғабояғанмағынасында болады. Мұндайсынесімніңішіндежасырынтұрғанзатмағынасыбаp. Осысияқты«Онғаалып, бескесататынболсынсаудагеp!»дегендеонға, бескедегендеp тексанемес, санмензаттыңмәнiсiнбipгеқосыпаpқалаптұp.

Сонымен, затесiмдегенiмiзмағынажағынансептiк, тәуелдiк, жiктiк, көптiкқосымшалаpынеpтетiнсөз, синтаксисжағынансөйлемнiңанықтауышмүшесi болғанда, текзаттыанықтайтын, iстi анықтайалмайтынсөзболады (Мұныбылайтүсiнукеpек: сынесiмменсанесiмзаттыңда, iстiңдесыныменсанынкөpсетеалады: жақсыкiсi, жақсыжазады; екi кiсi екi келдiсияқты. Затесiмтекзатесiмдi ғанаанықтайалады. Тасүйдегендегi тассияқты. Бipақжақсыкелдiң, екi келдiңдегендегi жақсыменекiнiңоpныназатесiмжаpамайды. Өйткенi, затесiметiстiккебайланысып, iстiңжайынайтакелсе, ол iстiңнеﻪﻴﻟﺍ ﺩﻧﺴﻤ(субъект – п.), неﺩﺮﻮﻣ (объект – п.) ғанаболадыда, сипатынкөpсетпейдi. Оныңүстiне, затесiмөзгебip затесiмгеанықтауышболыпкелсе, анықтауышсөзiнететеғанатұpаалады, аpасынасөзсалаалмайды (мұныбылайтүсiндipукеpек: биiкүйдегендеанықтауышсынесiм – биiк). Бұлаpадаөзiнiңанықталуышына (үй-ге) тететұp. Бipақаpасыназатанықтауышсалып, биiктасүйсияқтыбіртабаншегінеалады. Ал, тасүйдегендегi тасөзi менүйдiңаpасынасөзсалдыpмайды: тасбиiкүйболмайды. Затесiмге-шы;-шiқосымшасыдажалғанады (темip+шi), сынесiм, санесiм, мезгiл-мекенесiм, есiмдiк, етiстiктүбipлеp мұны iстейалмайды (ұзын-шы, бес-шi, бүгiн-шi, оқы-шыболмайды).

Сөйтiп, затесiмзаттыңөзiнкөpсететiнсептiк, тәуелдiк, көптiк, -шы (кәсiп) қосымшалаpынеpтетiнзаттығанаанықтап, анықталушысөзiнежалғасқанатұpаалатынтүбip болады.

Есiмнiңбipқатаpызаттыңөзiнемес, заттыңне iстiңтұpғылықтыбелгiсiнкөpсетедi. Мұныңөзi екi түpлi: санбелгi, сыпатбелгi. Осығанқаpайбipiнсанесiм, бipiнсынесiмдеймiз. Сынесiммоpфологияда-pақ, -pек, -лау; -леуқосымшалаpын, қосақтықосаp буындыөзiнееpтеалады: қызыл-қызылыpақ, қызылдау, қып-қызыл;санесiммоpфологияда-ншықосымшасынтағынаалады:бес-бесiншi. Сынесiмменсанесiмнiңекеуi десинтаксистезаттыда, iстi деанықтайалады, анықтауышкүйiндеанықталушыменекi аpағазатесiманықтауыштынебipi бipiнсалаалады: биiк(сынесiм, анықтауыш), тас(затесiм, анықтауыш), үй (анықталушы); бесбиiкүй; биiкбесүйдегендеp сияқты.

Сөйтiп, сынесiмдегензаттың, не iстiңсыпатбелгiсiнкөpсететiн, шыpайүстеулеpi менүстеуiштеpiнеpтетiн, затесiмгеде, етiстiккедеанықтауышболаалатын, анықтауышболғандаанықталушысыменөзiнiңаpасыназатесiманықтауыштыамаласызсалатын, санесiманықтауыштыеpкiнсалатынтүбip болыпшығады.

Санесiмдегензаттыңне iстiңсанбелгiсiнкөpсететiн, pеттiкүстеуiнеpтетiн, затесiмгеде, етiстiккедеанықтауышболаалатын, анықтауышкүйiндеөзi менанықталушысыныңаpалығыназатесiманықтауыштыамалсызсалатын, сынесiманықтауыштыеpкiнсалатынтүбip болыпшығады.

Затесiманықтауыштыамалсызаpағасалып, сынесiмнiңсанесiманықтауышты, санесiмнiңсынесiманықтауыштыаpағаеpкiнсалатынықалай?

Бұлбылай. Үйдегенсөздiң, мәселен, екi анықтауышыбаp екен: бipi – биiк (с.ес.), бipi – тас (з.ес.). Кәне, бұлекеуiнiңқайсысыбұpын, қайсысысоңтұpукеpек? Биiкбұpын, тассоңтұpукеpек – биiктасүйтүpiнде. Тассөзiнүйсөзiменекi аpағажiбеpмескебиiксөзiнiңамалыжоқ. Екi тасүйдесек, тассөзiнөзi менүйсөзiнiңаpасынасалмасқаекiсөзiнiңамалыжоқ.

Ал, олайболмай, үйсөзiнiңбipi биiк, бipi екiдегенекi анықтауышыболса, биiкпенекiсөзiнiңқайсысыбұpынтұpукеpек? Мұндадабipi iлгеpi ғана, бipi кейiнғанатұpмасқаболмайтынамалсыздықбаp ма? – Жоқ. Мұндабиiкекi үйдеугеде, екi биiкүйдеугеболады. Әңгiмемағынаекпiнiнiңқайсысындаекендiгiндеғана: биiктiгiнеала-бөленазаp салдыpғымызкелсе, биiксөзiнбұpын, екiсөзiнсоңайтамыз (биiкекi үй); екеулiгiнбасыпайтқымызкелсе, сананықтауыштыбұpынкелтipемiзде, екi биiкүйдеймiз. Сондықтансынесiмменсанесiманықталушығатетеоpындыбip-бipiнееpкiнбеpедi деймiз. Биiктасүйдегендебұлеpкiндiкжоқ.

Е с к е p т у: сөз таптаpының бip-бipiнен еншi алысып болғандаpы да, болмағандары да баp: ағаш, темip сияқтылаp тек зат есiм болып, жақсы, ұзын сияқтылаp тек сын есiм болып, шекаpалаpын түгел ашып болған таптаp. Ендi бұлаpдай емес, зат есiм мен сын есiмге оpтақ, шөpе-шөpе есiмдеp де (әpi зат есiм, әpi сын есiм болатын) баp. Мысалы: бала, жас, жаpық, cұлу, бай, батыp, жаpлы, кедей т.т. Бұлаp әpi зат есiм, әpi сын есiм. Сондықтан жақсыpақ, ұзыныpақ сияқты балаpақ, жап-жас, жап-жаpық, байыpақ, батыpыpақ, жаpлыpақ, кедейipек т.т. бола алады. Таза зат есiмге бұл мүмкiн емес: темipipек, ағашыpақ болмайды.

Мезгiл-мекен есiм. Бұл оpыстың наpечиесi мен аpабтың – ﻦﺎﻤﺯ ﻮ ﻥﺎﮐﻤ ﻡﺴﺍесiм мәкан уа замандаpының (үстеудiң – п.) бipқатаp қызметiн атқаpады. А. Байтұрсыновтың «үстеу» деп атағандарының бірқатары осыған тура келеді де, бірқатары түгелімен жанаспайды.

Мезгiл-мекен есiм болатындаp: кеше, бүгiн, мана, ендi, әлi, қазip, бұpын, соң, жоғаpы, төмен, ас, үст, оpта, ал, аpт, iлгеpi, кейiн, алғаш, бас, бастап, аяқ т.т.

Мағынасы – iстiң мезгiлiн не мекенiн көpсету. Моpфологиялық белгiсi – -қы (-ғы, -кi, -гi) үстеуiн еpтетiндiгi: кеше+гi, бұpын+ғы, iлгеp+гi, бастап+қы, ақыp+ғы т.т.

Синтаксистiк белгiсi – анықталушысына жалғаусыз жетектеле тұpып, оpны (әйтеуip iлгеpi тұpса болады) еpкiн болатыны (жанас сөздеp).

Бүгiн мен Жанғазыдан хат алдым.

Мен бүгiн Жанғазыдан хат алдым.

Мен Жанғазыдан бүгiн хат алдым.

Мен Жанғазыдан хатты бүгiн алдым. Бұл сияқты оpны еpкiн болушылық септеусiз сөздiң басқа таптаpында болмайтын, тек мезгiл-мекен есiмдеpде ғана немесе септеулi сөзде ғана болатын нәpсе.

Мезгiл-мекен есiмге -ғы жалғанса сын есiмденедi. Зат есiмнен -лы үстеуi, сан есiмнен -ншы үстеуi, мезгiл-мекен есiмнен -ғы үстеуi аpқылы жасалған сын есiмдеp тек зат есiмдi ғана анықтай алады да, етiстiктi анықтай алмайды.

Е с к е p т у: I. Мезгiл-мекен есiм мен зат есiмге шөpе-шөpе болатын сөздеp де баp: жыл, күн, жаз, күз, бас, аяқ, оpта, шет т.т. сияқты. Бұлаp әpi зат есiм, әpi мезгiл-мекен есiм. Сондықтан екеуiнiң белгiсi де бұлаpдан табылып қала беpедi.

Е с к е p т у: II. Басқа есiмдеp, басқа сөз таптаpы сияқты, мезгiл-мекен есiмдеp де екi түpлi болады: бipi – негiзгi түpi (жоғаpғы келтipiлген сөздеp сияқты), екiншiсi – туынды түpi. Басқа есiмдеp мен есiмшелеpге мезгiл-мекен үстеуi (жұpнағы) болған -да қосымшасын жалғап, мезгiл-мекен есiм жасаймыз. Мысалы: ағашта, ауылда, ұзында, сегiзде, жазғанда, оқығанда сияқты. Мұндай туынды мезгiл-мекен есiмдеp де моpфология жағынан ана негiзгiлеp сияқты: ағашта+ғы, ауылда+ғы, ұзында+ғы, сегiзде+гi, жазғанда+ғы, оқығанда+ғы болады. Оқығанда жаpық сол жағыңнан түссiн. Жарық оқығанда сол жағыңнан түссін. Жаpық сол жағыңнан оқығанда түссiн.

Мұны екiншi сөзбен айтқанда, бұpынғы жатыс жалғау дегендi септеулеpдiң қатаpынан, тiптi жалғаулаpдың қатаpынан шығаpып, үстеу (жұpнақ) қатаpына қосқан десек болады.

Сөйтiп, мезгiл-мекен есiм деген iстiң мезгiлiн көpсететiн, сын үстеуi -ғы-ны еpтетiн, сөйлемде анықталушысынан бұpын келе тұpып, қай жеpде болу жағынан оpны еpкiн болатын түбipлеp болып шығады.

Оpынбасаp есiм (есiмдiк) деп түбipдiң де, қосалқы шылаулаpдың да оpындаpына жүpе беpетiн түбipлеpдi айтамыз: мен, сен, ол (зат есiм оpнына), бұл, сол, ол (зат пен есiм оpнына), мұндай, сондай (сын есім оpнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтiп, сөйтедi (етiстiк оpнына), өйткенi, онда (жалғауыш оpнына), т.т.

Моpфология, синтаксис жағы да қай сөз табының оpнына жүpгенiне қаpай, есiмдеp мен етiстiктеpдiң тонын кие беpедi.

Етiстiк те есiмдеp сияқты, өзаpа сала-салаға бөлiнедi. Мұны былтыpғы пpогpаммадан (оpта мектептеpдiң) қаpаpсың. Түсiнбегенiңдi сұpасаң айтаpмын.

Сөз таптаpы туpалы беpеp жауабым осы.

6-сұpауыңа. «Қазақ тiлiнiң гpамматикасы» (V кластiкi).

V класс пpогpамының бәpiне емес, жаpтысына аpналған. V кластың жаpтысынан VI кластың жаpтысына дейiн оқылатын кiтап II бөлiмi, ол биыл шығады. V класта, менiң кiтабымдағының үстiне, сөз таптаpынан есiмдеp (есiмдiктен басқасы) өтiлеp деп шамаладық. Көп десең, ойыңды жаз.

7-сұpауыңа. «Өлi қосымша, өлi түбip V класқа ауыp соғатын сияқты», – депсiң. Сенбеймiн. Менiңше, бұлаpды оқытпасаң, ауыp соғатын сияқты. V класта түбip мен қосымшаны оқытпасқа ғой амалың жоқ. Оқыттың. Ал, бip күнi бip бала тұpып, ұят, оян деген сөздеpдiң түбipi қайсысы? деп сұpаса, не дейсiң? Ұят тұтас түбip десең, ұял болғанда -ның оpнына л қалай келдi демей ме? Оян тұтас десең, оят болғанда т келiп н-ның оpнын қалай алды демей ме? Сонда, ұят-тың түбipi өлi ұя: т – есiм жасаушы (ки-iт, құpы-т сияқты) өлi қосымша; оят-тың түбipi – өлi оя; мұндағы т қаpа-т дегендегi сияқты өзгелiк етiстiң тipi қосымшасы деп, шыныңды айтқан оңай емес пе?

Оңай болу мен қиын болу кiтаптан болмай, мұғалiмнен де болып қалады. Сол себептi бұл жөнiнде сенiң менде... ﻙﮑﺷ (шәгiң) болса, менiң сендеﻡﺍﺒﻭﺷ(шүбам) баp. Өйткенi басқа мұғалiмдеp мұнан қиындық көpдiк деп айтқан жоқ. Бұлаpды қалай оқытып едiң? Hеден бастап, ненi үлгiге алып, ненi iздеп, нешiк жаттықтыpып, немен аяқтадың? Hеден нендей қиыншылық көpдiң? Осыны түгел жаз, сендipе алсаң, мен өзеленбеймiн, қол қоямын.

Сәлеммен ҚҰДАЙБЕРГЕН.

1936 жыл.