Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Ұйеннің 14-ншы күнгі кешкі мәжіліс

Мәжіліс ағасы Нұғман мәжілісті ашқаннан кейін кемесиенің бір ынтымаққа келе алмаған ұзын "у"мен ұзын "и" мәселесі тексерілетұнын жарялап, Ақметке сөз берді.

Ақмет:аяғы "ұу", "ыу", "ыи" болып тынатұн сөздерге түрлі жалғау, жіктеу, жұрнақтар жалғап, оны дауысты дыбыстардың жұрнақ жалғауларымен салыстырып,- "у" мен "и"-ды, қай жағынан тексергенде де, дауысты деуге болмайтұнын,- екеуінің де дауыссыз - екенін айтып өтті;

Мұқтар: Дыбыстың дауысты я дауыссыз екенін, оның ауыздың қай жерінен шығатұнын, құлаққа не түрде естілетұнын, акустике (пізике ғылымының дыбыс бөлімі) жөнімен ғана ашуға болады. Біздің дыбыстарымыз олай тексерілген емес. Біздің дыбысты тап-тапқа бөліп жіктегенде қолданып отырған жолымыз: Тек жалғау, жұрнақтардың түрі. Тек соны ғана дәлелге ұстап "у" мен "и"-ді дауыссыз деуге болмайды. "У" мен "и" жай құлаққа дауысты болып естіледі; Балаларға хат танытқанда дыбыстың сол жай құлаққа қалай естілетұны керек. "У" мен "и" -дің тегін акустике жөнімен тексере алмайтұн болған соң, оның дауысты я дауыссыз екенін құлаққа естілуіне қарай шешу керек. "У" мен "и"-ді солай тексерсек: Оны ешкімде дауыссыз деп айта алмайды.

Елдес:"У" мен "и" дауысты" болып естіледі - деу қата. "У" мен "и" дауысты дыбысқа жалғанғанда ғана болмаса, - өздігінен тіпті естілмейді де, - "у" мен "и"-ді алдына я артына дауысты дыбыс жалғамай айтуға да болмайды. "У" мен "и"- дің акустике жөнімен тексерілмегені рас, олай тексеру әзірге біздің қолымыздан да келмейді. Бастауыш мектептерде оқылатұн дыбыс жүйесі сөз жүйесінің негізі жалғау, жұрнақтар. Біз қазақша дыбыстарды тап-тапқа бөліп жіктегенде де, сол жалғау, жұрнақтардың түріне қарай жіктейміз деп отырмыз. Қазақша дыбыстарды - солай, жалғау, жұрнақтардың түріне қарай жіктеп шығара алмасақ: қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз жүйесі бар деуіміздің өзі қата; Дыбыстары таб-табқа бөлініп жіктелмеген тілдің дыбыс жүйесі, сөз жүйесі болуы мүмкін емес. Дыбыс жүйесі мен сөз жүйесіне керек дыбыс жігі: тек жалғау, жұрнақтардың түріне қарай ашылған жік. Қазақша дыбыстарды жалғау, жұрнақтардың түріне қарай жіктемеске болмайды; Бастауыш мектептерде оқытылатұн сөз жүйесі, дыбыс жүйесі үшін дыбыстарды тап-тапқа бөліп жіктегенде қолданатұн жол жалғыз-ақ жалғау, жұрнақтар жолы,- ол жолдан шығып дыбыс жүйесі, сөз жүйесін түзеу мүмкін емес. "у" мен "и"-дің затын басқа жолдармен де тексеруге болады. Бізде "у", "и" болып айтылатұн дыбыстарды басқа түріктердің "ғ", "қ" сықылды дауыссыз дыбыспен айтуы "тау", "сиыр" сықылды сөздерді "тағ", "сығыр" - деуі: "у" мен "и" тегінде дауыссыз екеніне дәлел. Қазақ тілінде "соғым", "тұқым" сықылды сөздер бар. Бұлардың түбірлері "сой", "түу", бұл сөздер түбірінше "сойым", "тұуым" болу керек еді, бірақ"и" өзгеріп "ғ" болып отыр да, "у" өзгеріп "қ" болып отыр. "Таб", "жаб" сықылды етістіктердің көсемше түрі "табыб", "жабыб" болудың орнына "тауыб", "жауыб" деп айтылады: дауыссыз "б" дауыссыз "у" болып өзгереді. "Р"-ға тілі келмейтұн кісілер көбіне "р"-дің орнына "и"-ді айтады; - "барамын" деген сөзді "байамын" дейді, - бұл: "и"-дің "р"-мен тектес екеніне дәлел. "У"-мен "и"-ді қай жағынан тексергенде де оны дауысты деуге болмайды. "у" мен "и" "ғ", "қ", "б", "р" сықылды дауыссыз дыбыс.

Телжан:"У" мен "и"-дің дауысты дыбыстармен ортақ жалғау, жұрнақтарын теріп, тақтаға жазып көрсетті. "У" мен "и"-дің дауысты дыбыстардан басқалығы болғанмен, ұқсастығы да бар екенін айтып, оны дауысты дыбыстар табына кіргізу керек - деді.

Мәселені дауысқа қойарда, Мұқтар: "у" мен "и"-дің дауысты емес екеніне таласбайтұнын айтып,- ол екі дыбыстың дауысты я дауысссыз екенін шешпей ақ, олардың қалай жазылатұнын тексеруді - тіледі.

Сіиез: әуелі "у" мен "и"-дің дауысты екен, емес екенін шешіп алуды мақұл көріп, - мәселе дауысқа қойылды.

Бұл мәселені дауысқа қойғанда, дауыс берген өкілдердің аты аталып өтсін деген ұсыныс болып, - мәселе өкілдердің атын атап пікірін сұрау ретінде дауысқа қойылды.

Қазақ тілінде дауысты "у" мен дауысты "и" жоқ деп дауыс берген:

1 - Бөкейқан ұлы Әли-қан, 2 - Омар ұлы Елдес, 3 -Досмағамбет ұлы Қалел, 4 - Дулат ұлы Мыржакыб, 5Шағи ұлы Нығметжан, б - Байтұрсынұлы Ақмет, 7Тұрғанбай ұлы Манан, 8 - Алдонғар ұлы Ерғали, 9Наурызбай ұлы Мырза, 10 - Жолдыбай ұлы Молдағали, 11Ақбай ұлы Рүстем (Бөкей өкілі - барлығы 11 кісі болды).

Бұған қарсы, қазақ тілінде дауысты "у" мен "и" бар деушілер:

1-Сүгірұлы Рақым (орынбордағы газыт, жорналдар басқармасының өкілі, Сәкеннің орнына сайланып келген), 2-Арабай ұлы Ишанғали, 3-Мырза ұлы Мұқтар, 4-Төреғұл ұлы Нәзір, 5-Зәли ұлы Нұғман, 6-Ералы ұлы Нұртаза алтауы болды.

Құлжан келіні Нәзипа дауыс берген жоқ.

Бұлардан басқа өкілдер мәжілісте болмады.

Сөйтіп, сіиез көпшілікпен: қазақ тілінде дауысты "у" мен "и" жоқ деп ұйғарды.

Мұнан кейін "у" мен "и"-дің жазылу ережесі тексерілді.

Мыржақыб: "ұу", "ыу"-лар бір дыбысқа ұсап естіледі; Оны екі әріппен жазу балаларға түсіндіргенде де, жазғанда да ауыр болады; сондықтан "ұу", "ыу"-ларды бір әріппен жазатұн ереже шығару керек деді.

Елдес:"ұ", "ы" дыбыстары тұйық буында "у"-дың я "и"- дің алдында көмескіленіп, біріне-бірі ұсап естілетұны рас; Бірақ буын ашылып, дауысты "үұ, "ы"-лар артындағы дауыссыз "у"-дан я "и"-ден айырылып, - екеуі екі буынға шыққанда көмескі "ы", "ұ"-лар анық естілетұн болады. "Ұ" мен "ы" тұйық буында "у"-дың алдында келгенде, жазылмайды; "Ы" әрпі "и"-мен тұйықталған буында жазылмайды деп ереже шығаруға болар еді. Сонда "жұу"; "жұуыу", "қажыу", "кій" сықылды сөздерді "жу", "жуу", "қажу", "ки" деп жазатұн болар едік. Бірақ мұндай сөздерге дауысты дыбыспен басталатұн жалғау, жұрнақтар қосылып, "ұ", "ы"-лар ашық буынға шығып анық естілетұн болғанда, оларды қалдырмай жазып отыратұн болар едік: "Жұуын", "жұуыуы", "қажыуы", "кіиеді" - деген сөздерді осы қалыпты, "ұ", "ы"-ларын қалдырмай, жазатұн болар едік. Енді мұндай ережеден жазудың қаншалық жеңілденетұнын тексеріп көрейік: "жұу", "кій"-лердің дауысты дыбастарын жазбауымыз дыбыс жүйесінше дұрыс болмайды; "жұуады", "кійеді"- лердің түбірлерінен басқаша болып жазылғаны сөз жүйесіне келмейді; Дыбыс жүйесіне де, сөз жүйесіне де келмейтұн жазу еш уақытта да жеңіл болмайды: Түбірі "жу" делініп жазылатұн "жұуады"-ны осы қалыпты,- түбіріне ұсатпай жазу жеңіл болмайды, - абайлап отырмасақ қатасып "жуады" деп жазып қоятыұн боламыз.

"Ы" мен "ұ" әріптері "у"-дың алдында еш уақытта да жазылмайтұн болсын, "і" әрпі "и"-дің алдында да жазылмайтұн болсын деп те ереже шығаруға болады. Онда "жұуын", "жұуыуы", "қажыуы", "кійеді" сықылды сөздердің "ұ", "ы"-ларын да жазбайтұн боламыз; Ол сөздерді "жуын","жууы", "қажуы", "киеді", деп жазатұн боламыз. Сонда бұл сөздердің сүгіреті түбірлеріне ұсап, сөз жүйесінше дұрыс болып шығады; Бірақ жазу, дыбыс жүйесінше дұрыс болмайды,- оқушы жазылмаған дыбыстың не екенін оймен жорып қана оқитұн болады,- қазақша жаңа үйреніп жүрген басқа қалықтың кісілері ондай сөздердің сүгіреттерін әрқайсысын өз алдына жаттап алмаса, мүлде оқи алмайтұн болады: "жуын", "жууы", "қажуы" сықылды сөздерді, жазылмаған әріптерінің не екенін білмейді, кейде, тіпті оның бар жоғын да білмейді - қатасып "жыуын", "жыууы", "қажұуы" деп оқуда мүмкен болады,- "жұуын"-ның "ұ"-сын "ы"-ға, "қажыуы"-ның "ы"-сын "ұ"-ға айналдырып жіберу мүмкен, "жұуыуы"-ның "ұ"-сын "ы"-ға айналдырып, екі "у"- дың арасындағы "ы"-ны мүлде жоғалтып үш буынды "жұуыуы"-ны екі буынды "жұу-уы" қылып жіберуіде мүмкен болады; Мүнан тіл бұзылады.

"У"-дың "ы"-сының орнына "ұ" жазып, "ыу" мен "ұу"-дың сүгіретін бірдей қылып шығаруға болады. Онда "қыйыу", "келіу" сықылды сөздерді "қыйұу", "келүу" деп, "қыйыуы", "келіуі"-лерді "қыйұуы", "келүі" деп жазатұн боламыз; "Жұуыу", "жұуыуы"-ларды "жұуүу", "жұуүуы"- деп жазатұн боламыз,- ашық буында анық естіліп тұрған "ы"-ның орнына "ұ" жазатұн болған соң, оқушы ондай сөздерді жазылуынша оқып, бұзып айтатұн болады.

Сөйтіп, "у" мен "и" тақырыпты қандай ереже шығарсақ та, оның ешқайсысы да, дұрысынша,- дыбыс жүйесінше жазғаннан жеңіл болмайды.

Ақмет:Қазақ тілінде дауысты ұзын "у" мен "и"-дің жоқ екеніне мойыңдаған соң,- "ыу", "ұу"-лардың орнына жалғыз "у" жазамыз деудің түк қыйсыны жоқ. Мұнан бұлай "у" мен "и"-дің жазылуын дыбыс жүйесіне келтіріп, дұрысынша жазуымыз керек. Онан қашып, тілдің заңына келмейтүн шатақ ереже шығарудың жөні жоқ, ондай ереже жазуды

ауырлатпаса жеңілдетпейді деп, "у"мен"и"-дің жазылуы дыбыс жүйесінше болуын ұсынды.

Мәселе дауысқа қойылып сіиездің көпшілігі: "У" мен "и"- дің жазылуы дыбыс жүйесінше болсын деп ұйғарды.

Сөйтіп, білімпаздар сіиезінің жазу ережелері тақырыпты қаулысы мына түрде қабылданды:

1- "х", "ф", "һ"әріптері қазақша әліббиден шығарылады;

2- Бұрын "ч" әріпімен жазылып жүрген дыбытың әрпі "ш" болады; "ч" әрпі қазақша әліббиден шығарылады.

3- Сөз басындағы дауысты әріптің алдында сүйеу таяқ жазу ережесі бұзылады; Дауысты әріптер сөздің басында да басқа жерлеріндегідей сүйеу таяқсыз жазылады; - Сөз басындағы "а" мәтсіз "а" болып жазылады;

4- "ғ" әрпі нүктесіз "ғ" болып жазылады;

5- Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны 24; Олардың әлібби реті мынадай болады:

А, б, п, т,  ж,  д , р, з , с, ш, ғ, қ, к, г, н, л, м, н, о, ұ, у, е, ы, и;

6- Бұл 24 дыбыс өзара былайша жіктеледі:

-  дауысты: а, о, ү, е, ы;

-  жарты дауысты: р, л, у, и;

-  ұяң: ң, м, н;

-  қатаң: б, п, т, с, ш, қ, к;

-  ымыралы: ж, з;

-  ымырасыз: д, ғ, г;

Ескерту:"л" мен басталатын жалғау, жұрнақтар, жарты дауысты "л"-ға жалғанғанда, "л" қатарынан екі рет айтылмау үшін, "д"-мен басталып жалғанады (мисал: "лар", "лық" сықылды жалғау, жұрнақтар "л"мен тынатұн "мал" сықылды сөзге жалғанғанда, "мал-лар", ; "маллық" болып жалғанудың орнына, "малдар", "малдық" болып жалғанады);

7 - Ымыралы дыбыстарға "д"-мен басталып жалғанатын жалғау, жұрнақтар ("дікі", "дағы") қатаң дыбыстарға "т"- мен басталып жалғанады,- олардың жазылуы дыбыс жүйесінше болады.

Ескерту: Құрау, демеу "да", "де" бөлек сөз болғанысебепті қатаң дыбыстардан соң да сол "да", "де" күйінде жазылады. (Мисал: "қазақта атда бар, асда бар");

8 -"Ы" бітеу буында жазылмайды - деген ереже бұзылады; "ы" бар жерінде қалмай жазылады (мисал: "Ынтық", "біи", "жазыу";)

9 - Сөз артынан айтылатұн демеулер алдындағы сөзден сызықшасыз бөлек жазылады; Ондай демеулер түбір сөз бен жалғаудың арасында айтылатұн болғанда: Түбір сөзге сызықша мен жалғаныб, жалғаумен бірге жазылады (мыисал: "жақсы ма?"; "жақсы ақ ба?"; "жақсы-мысын?"; "жақсы-ақ-бысын?");

10- Үндестік заңына келмейтұн "кер", "дікі", "паз" сықылды жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады; Ондай жұрнақпен жазылған Сөздің түбірінде дәйекші болса,- оның дәйекшісі жұрнақ қосылғанда да қалмай жазылады (мыисал: "тұздікі", "түздікі", "сөзіуар", білімпаз");

Ескерту: Қазақша сөздің соңғы буынында жұмсақ "ә" болмайды; Сондықтан "сөзуар", "білімпаз" сықылды сөздердің алдында дәйекші болғанмен соңғы буындарындағы "а" жуан оқылуға тиіс.

Жазудың бұл айтылғаннан басқа ережелері (2-інші жақ жіктеудің "сын" болуы, "б" мен "п"-ның ережесі сықылды, сіиезде қаралып қабыл алынбаған ұсыныстар да) - тіл құралша болады.

Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі/ Алматы, 2005.- 64-72 бб.