Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Емле кемшілігін жою туралы

1. Бір бөлімдегі тәуір бала мен нашар баланың арасындағы айыр- машылық аспан мен жердей болып отыр. Мұнан тәуір бала ілгері жүре алмайды. Нашар баладан бәрібір пайда жоқ, ол тек бөлімнің арасында тізім болады да отырады. 

Сондықтан өте нашар баланы бөліп, өзінің мардамы жететін бөлмеде ұстау керек. Сол бөлменің дүрмегіне ілесе алатын нашар балада айрық- ша арнаулы көмек ұйымдастыру керек. Көмек түрі – нашар балаға сабақ үстінде айырықша зейін салу, кітап, құрал, қағаз, қарындашы мен қамсыздандыру, жетісіне екі-үш рет бөлек оқыту, жәрдем беру, ата- аналарын шақырып алып, түсіндіру т.т. 

2. Бірінші, екінші бөлімдерде балалар сөзді, буынды, дыбыстарды тастап кетуінің басты себебі – сөз, буын, дыбыстарды дұрыс жітей алмаудан, оқытушының диктант әдісін білмеуден. 

3. Жазғанда сөзді, буынды, дыбыстарды тастап кетумен күресу үшін 1, 2 – бөлімдерде балаларды көшіріп жазуға көп дағдыландыру керек. Көшіріп жазуды оқушылар көбінесе емле кемшілігін жоюда жәрдемші ету керек. Үйге көшіруге берген жұмысты да оқытушы түзеп, бақылап, сынап отыруы керек. Үйге көшіруге берілетін текст өте кішкене болуы керек. Көшіргенде бала емленің керекті жерлерінің астын қызыл иә көк қарындашпен сызып отырсын. 

4. Емледе жаттықтыру үшін диктант жүру керек. Диктанттың екі үлкен айырығы бар: Сақтандыру және сынау – тексеру диктанты. Сақтандыру диктанты үш түрлі – көру, есту, шығарма жазу. 

5. Емлені дұрыс білу үшін оны грамматикамен тілдің басқа жұмыс- тарымен байланыстыра отыру керек, жазған сөздерін бала грамматика жағынан талдап отырсын. 

6. Тыныс белгілері, бір жағынан, сөйлем мүшесінің ережелерімен байланысты болса, екінші жағынан, баланың дұрыс ырғағына келтіріп сөйлеуі және оқуымен де байланысты. Сөйтіп, тыныс қателерінің бір ұшы оқуға келіп тіреледі, оқу үстінде де тыныс белгілерін түсіндіре отыруы керек. 

7. Мектепте баланың білімін сынаудың бір жолы – жазған жұ- мыстарындағы қателерін түзету. Қате түзетудің түрлі жолдары бар. Әр түрлі жұмыстың қатесін әр түрлі жолмен түзету керек. 

8. Қолы жаман баланың қатесі де көп болатынын экспедиция жұ- мысы көрсетіп отыр. Сондықтан баланың анық, әдемі жазуына күнде зейін салып отыру керек. 

9. Емле жөнді жүрмеуіне себептің бірі – мектепте құрал кемістігі кезде «Әліппе», «Емле кестесі», «Тыныс белгілерінің кестесі» жоқ. 

10. Басқа пәндер сабағы сияқты, емле сабағы да үш түрі болады: 

а) жаңа білім беру; 

ә) білімді сіңіру; 

б) білімді тексеру – сынау.  

Бұл үш түрдің бірі қалып қойса, емле сабағы дұрыс жүрмеген болады. 

А. Жаңа білім беру желісі мынадай болады: 

1. Бұрынғылармен байланыстыру (жаңа біліммен сабақтас бұрынғы білімдерін келте қайтару). 

2. Балаларға жаңа ілімнің мақсатын түсіндіру. Мысалы, «Бүгін қос сөздер жағын үйренеміз» деген сияқты. 

3. Жаңа білім беру: кітапта иә тақтада жазулы текстен керек құбылысты бақылап, оқытушының жетегімен көзін үйрету, салыстыру. 

4. Оқытушы жетегімен қорыту шығару. 

5. Қорытуды жазып алу. 

6. Балалар өз бетімен жұмыс істеп, бұл білімді сіңіру. а) ұсақ мысалдар ойлап табу; б) сол ережеге ылайықты сөздерден кесте жасау. с) кітаптан мысалдар іздеп табу; ж) оқу құралдарында берілген жұмысты орындау. 

7. Балалардың өз бетімен істеген жұмыстарын тексеріп сынау. 

8. Үйге жұмыс тапсыру. 

9. Істеген жұмысын шолу (біз не істедік). 

В. Емленің жаңа ережесін сіңіру сабағының желісі мынау: 

1. Өткен сабақпен байланыстыру (өткен сабақта не білдік). 

2. Мақсат қою (бәлендей ережені сіңіру). 

3. Көрсету диктанты (жаңа, дұрыс жазылған үлгілерді байқату). 

4. Керек сөздер кестесін жасау. 

5. Мысал ойлап тауып, оны жазу. 

6. Емле сөздігіне керек сөздерді жазып алу. 

7. Үйге ықшамдап жұмыс беру. 

Екінші сабақта да жаңа ереже өзі реттеп сіңіріледі. Оның үстіне көшіру, текстті оқу, түсіндіру, білім сынау, тексеру және үйге жұмыс тапсырулар болады. 

Үшінші сабақта өткенді қайталап, тақтаға керек сөздерді жаздырып, сабақ мақсатын түсіндіреді. Оның үстіне мынадай жұмыстар қосылады: 

1. Оқытушы тұрғысынан керек тексті оқу. 

2. Оған сұрау қойылады (балалардың түсінігін байқау үшін). 

3. Текстен соң бөлек сөйлемдер оқылады. 

4. Грамматика жағынан талдау болып, тақтаға жазылған сөздер емлесі түсіндіріледі. 

5. Жазады. 

6. Жазғанды тексеру, сынау. 

7. Үйге жұмыс тапсыру. 

Төртінші сабақта шығарма, диктант істеліп, керек сөздерді иә әріптерді балалардың өздері тауып жазады. Балалардың қателері түзеледі, тексеріледі, сыналады. 

Бесінші сабақта тексеру жұмысы жүргізіледі. 

Алтыншы сабақта балаларға жіберілген қателер жайында қосымша сұрақ болады. Міне, сөйтіп, бір ереже балалардың миына әбден сіңген соң, келесі ережеге көшу керек. 

11. Балалар жақсы сауатты бола алмауына бас себеп – оқытушылар білімінің тапшылығы, әдіске шорқақтығы, тәжірибесінің кемдігі, грамматика мен емлені дұрыс білмеуі, оқытушылардың бір жерден, екінші жерге суси беруі деді. 

Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия. Б.Белғара. Оқу құралы. Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007, 28-30 б.