Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Қаріп туралы

Жазу ережелерінен кейін жиылыстың жете тексеріп, қараған мәселесі – қаріп туралы болды. Жиылысқа екі түрлі жоба түсті: бірі – латын қаріптерін алып, бұрыннан тұтынып келе жатқан түркі әліппені жою; екіншісі – түркі әліппенің кемшілігін түзетіп, соның өзін қолдану. Бұ туралы білімпаздар жиылысы мынадай қаулы шығарды: 

Қазақ-қырғыз білімпаздарының басын қосқан тобы әліппе түзеу туралы жасалған баяндаманы талқыға салып тексергеннен кейін һәм осы күнгі тұтынып жүрген түрік әліппесін тастап, латын әліппесін аламыз деген пікірдің дұрыс-терісін тексеріп қарағаннан кейін мынау қарарды шығарды: 

1) Қазақ тұтынып отырған түркі әліппенің баспа ретінің дара болмауы баспа істеріне де, үйрену жағынан да қолайсыздық қылатын болғандық- тан һәм оны түзеу өзге әліппені алудан анағұрлым оңай болғандықтан жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алуға; 

2) Латын әліппесінің түркі әліппеден артықтығы жалғыз-ақ дара- лық жағынан болмаса, басқа жағынан қолайсыз, кемшіліктері көп болғандықтан, ол артықтығы да түркі әліппенің баспа түрін дараласақ жоғалатын болғандықтан және де латын әліппесін жүргізу жұмысы өте көп іс, көп күш керек қылатын болғандықтан латын әліппесін алу деген сөзді орынсыз деп тануда.