Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Емле туралы

1924 жылы июль айының ішінде болып өткен қазақ-қырғыз білімпаздар жиылысының жасаған қаулысы

Қазақ тілінде 24 дыбыс барлығы тағайындалып, олар үшін мынадай таңбалар (қаріптер) алынды: 

I - дауыстылар: А, О, Ұ, Е, Ы; 

II - жарты дауыстылар: И, У, Р, Л; 

III - дауыссыздар: 

1) ұяң: М, Н, Ң: 

2) ымыралы: Ж,3; 

3) ымырасыз: Д, Г, F; 

4) қатаң: Б, П, Т, С, Ш, Қ, К. 

Ескерту: сүйеу таяқ «А» қазақ әліппесінен шығарылсын. Сөз басындағы «А» мәнсіз «Е» жазылады. «Ч» орнына «Ш» алынды. Нүктелі «Ғ» орнына нүктесіз «Ғ» алынды. X, Ф, һ қаріптері қазақ әліппесінің аяғында арабтың басқа қаріптеріне қосылып, тек оқушыларға таныту ретінде ғана жазылсын. Бірақ ол қаріптердің ешбірімен де қазақша ешбір сөз жазылмасқа тиіс. 

Алынған қаріптердің әліппе реті: А, Б, П, Т, Ж, Д, Р, 3, С, Ш, F, Қ, К, Г, Ң, Л, М, Н, О, Ұ, У, Е, Ы, И. 

«Ы» - бітеу буында қалмай жазылсын. 

Түбір сөздерде де, жалғау-жұрнақ, жалғаулықтарда да «Б» мен «П»- ның жазылуы тіл құралша болсын. 

Бұрын «Д» мен жазылып жүрген жалғау, жіктеу, жұрнақтар («дағы», «дікі») дыбыс жүйесінше жазылсын. 

Сөз артынан айтылатын демеулердің түбір мен жалғаудың арасында келетіндері сызықшамен жазылсын да, олай түбір мен жалғаудың арасына түспейтін демеулер («да») бөлек жазылсын. 

Үндестік заңына келмейтін жұрнақтармен жалғанған түбір сөздердің дәйекшелері қалмай жазылсын. 

Қазақ тіліндегі «сын» мен «сын,» деген жіктеулерден «сын» алынып, «сың» қалдырылсын. 

Бұрынғы тіл құралының ережесі бойынша қатты дауысты дыбыс- тардан кейін сын есімдерде «Т» жазылып, етістіктерде «Д» жазылып отыратын («атты кісі мылтық атты» деген сияқты) естілуінше һаман «Т» жазылсын.