Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Емле хақында

Әдебиеті болмаған жұрт осы заманда жұрттан есептелмейді. Керек осы заманда, керек бұрынғы замандардағы халықтардың басқа жұрт қасын- да қадірлі, құрметті болулары, басқа жұрттардағы өрнек, үлгі болулары әдсбиеттері арқасында болады. Әдебиеті болмай өткен жұрттан қандай жақсы, қаншама қаһарман (ер), атақты болса да олардың тарихынан бір соңғыларын түк сыбаға ала алмайды. 

Бір жұрттың әдебиеті деп сол жұрттың ойлаған ойларын, көңілдеріндегі тілектерін, ұстаған жолдарын (идеал), жүріс-тұрыстарын басқаларға нақ солардың өздері қылып аңғартуларына айтылады. Бұларды аңғартуға матбұғат, жазу-сызу деген нәрсе қызмет қылады. 

Әдебиет – жан, матбұғат соның тәні. Бір халықтың әдебиеті қандай мол, кең болса да матбұғаты жоқ болса, ол жұрт мылқау жұрт болады. 

Мына біздің әдебиетіміз бұрынғы бабаларымыз заманасында да қандай бай, кең еді һәм бабаларымыз арасында білім мағарифқа қызмет қылған, дүниеге бас болған адамдар да болып өткен еді, бірақ олар заманында матбұғатымыз жоқ болғандықтан еңбектерінің бірі де білінбей қалды, болмаған сияқты болды. Анау күнгі әдебиеттерінің сақталып келгендігіне 400 жыл толғанына той қылған армяндар бізден саны аз халық еді. Біздің бабалар бастық құрып, кісі болып жүрген кездерде олардың бәлки аттары да жоқ еді. Неден олар олай ілгері кеткенде, біз бұлай қалғанбыз? Біз ерте туып кеш қалғанбыз, сондықтан. Енді өткен іске өкініш жоқ. Мұнан былай қарайық.

2-3 жылдан бері біздің жұрт арасында да милли әдебиетімізді осы таза күйінше жоғалтпай сақтау керек деген ой туа бастап еді. Милли әдебиетімізге жарақты, оған тура келетін қару-жарақтар ішінде мұқтаж болғанымыз тілімізге жететін белгі – қарпіміз жоқ еді. Бұл кемшілігіміз- дің орнын толтырмағанда матбұғатымыз барлыққа шықпайды. Бұл турада Байтұрсынов Ахмет мырзадан басқа жігерлеп кіріскен кісі де жоқ еді. Қатынды бастан, баланы жастан. Басы оңбағанның, аяғы да оңбады деп әдебиетіміз-матбұғатымыз жас бала, оғанп қызмет қылатын белгілерімізді бастан түзетін, осындай кірісіп кетпей тұрған шағымызда бекітіп алмасақ, істің ортасына кіріп кеткен соң басқа ағайындарымыз сияқты батпақтан шыға алмай діңкеміз құрыр. 

Miне, сол ең керекті ісімізді қарауға жұртымыздың қолы жаңа тиген болса керек. 38-нші «Қазақ»-та Шоқаев осы туралы жұртқа сөз ашып, сауал қылған екен. Әрине бұған білімді азаматтарымыз түптен ойланып бір қарар, бір ынтымаққа келіп бітіруге керек. Енді осы оқу-жазуды түзетіп бірыңғай қылу турасында біздің тапқан ойымыз, кеңестеріміз мынау: 

Байтұрсынов Ахмет мырзаның шығарған алифби-оқу құралы дәріс кітабы қылып оқытуға әбден жарайтын келіскен деп білдік. Ол мырзаның түзетіп шығарған белгілерінен кейбіреулері біздің ойымызша артық, кейбіреулері кем болатын көрінеді. Бізше түзетілетін белгілер мынаулар: 

1) Біздің тілде бір сөздің жуандық, жіңішкелігі сол сөздің ішіндегі дауысты белгілердің жуандық, жіңішкелігінен келгендіктен, жуандық иә жіңішкелік үшін айырым белгіге қажет жоқ. Соның үшін жіңішкелікке де кіші қылып алған «ع «керек емес, артық. 

2) Дауыссыз белгілер табиғаттарында жіңішке. 

3) «و «ны жарты дауыстырақ (көмескі) һәм кәкінді қылып алдық. «باو « (бау), «تاو) «тау), «قور) «қор), «آتقۇر) «құр ат) дегендегідей. 

4) «و) «басы үшкүл, үш қырлы) мұны «о» орнына аламыз. «سور) «сор (топырақ) дегендеріндегідей. 

5) «ۇ) «мұның басы үшкүл, үш қырлы, үстінде үтірі бар). Мұны «ө» орнына аламыз. «كۇز) «көз (көретін көз), «سۇز) «сөз (сөйлейтін) дегендердегідей. Бұл екеуін бұ суретте алуымыз дауыстары «و «мен «ۇ « дан басқа болғандықтан һәм басқа ағайын-бауырларымызда бұ дауыстар көп болмай, өзімізге хас (арнаулы) сияқты болған соң алдық. 

6) «ا») «أ «үстіне «ع («мұны арабтың «آ «орнына алдық. Бұл өз алдына жеке бір белгі. «أن) «ән (күй), «سأن) «сән (зейнет), «أرينھ) «әрине) дегендердегідей. 

7) «چ» «ч» дауысындағы белгі, қазақ тілінде естілмейді. Мұны тастап дауысымызға лайық «ش «ны алдық. Бұл белгі басқа ағайын- бауырларымызда болса, мұның һәм «ژ» ,«ۋ «лары емле үйреткенде басқа тілден кірген есебінде қылып алынар дедік. 

Қол қойдық: Ахметжан Күзембаев, Әбілғазы Иманбеков, Бекмұхаммет Хусейнов, Иса Тоқтарбеков, Шаһмардан Ғұмаров, Нұғман Манаев, Камаледдин Жайсақов, Ғаббас Ханафиев, Нұрхан Еленов, Хамза Ибраһимов, Маһарбан Ермектасов, Мырзахмет қожа Кланов, Зәкір Ғабдуллин, Мәннан Тұрғанбаев, Молдахмет Ержанов, Қақан Әбдулкәрімов, Хасан Ожаров