Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы



Емлені өзгертуге жоба (Көптің талқысына)

Тіліміз, емлеміз әбден жүйеленіп қалыптанды, орнықты, бекінді деп айтуға болмайды. Емлені қолайсыз, кеміс жерлері барлығын әркім айтады. Бұл қолайсыз, әсіресе, бала оқытқанда, хат танытқанда айқын көрінеді. 1. Неғұрлым жазу оңайласа, соғұрлым халық мәдениетке тез жуықтайды. 2. Бұл күнгі ғылымның бағыты білім беру жолын мүмкін болғанша қысқарту, аз уақытта көп мағлұмат үйрету, оқушының күшіне тигізбей, өте зеректігін тілемей, жұмысын өнімді ету. Мектепке қойылатын шарт осы.

Мынау керек тәрбие ғылымы білімді шәкірттің табиғатына, ыңғайына жүріп үйрет дейді: өз табиғатыңды баланың табиғатына бағындыр дейді: бұл негізгі заңдар оқытушыларға таныс. 3. Бастауыш оқытқанда, тіл, емле ережесін, заңдарын тексеруге оқытушының шамасы келмейді, сондықтан тіл заңы (грамматика) пайда да бермейді. Дерексіз білімді ұғуға жан қуаттары жеткен адамның ғана шамасы келеді. Сондықтан оқыту деректі, жеңіл болуын шарт қылады. 4. Ал енді нағыз тіл заңына (грамматика) келсек, грамматикасы тоқсан түрге құбылып, өзгермеген халық жоқ. Неге? – Маман жаңадан жаңаны тапқандықтан, оңайлыққа тырысқандықтан, кеше орнықты деп жүрген орыс емлесі төңкерістен кейін тағы өзгерді. Мүмкін, онан да жеңілдік табылса, тағы өзгермек. Өмір – қозғалыс, даму. Бір қалпынан айнымай, тұрып қалатын зат жоқ. Орыстың бұрынғы грамматикасы бұл күнде мүлде өзгеріп отыр. 5. Мұнымен бірге мектепте тіл сабағы өз алдына пән болып оқытылмасын; тіл үйрету міндетін басқа пәндер алсын деген пікір бар (Бұны «комплексный метод» деп атайды). Бұл пікірлер сөз ғана емес, іске де асып отыр. Бұл күнде жаңа жол, жаңа әдістерді білмеген оқытушы артта қалған «ескі молда» есебінде саналады. 6. Емлені өзгерту керек дегендегі көзде тұтатын бас нысанам: сөзді грамматика заңына тірей бермей қалай естілсе, солай жазу. Емле ережелерін азайту, яки жоғалту. Сонымен менің айтатын анық жобам мынау:

1.Алдымен дауысты дыбыстың басында жазылатын сүйеу таяқ «I» ымды жазылмасын деймін. Сүйеу таяқ сөзді көсе көрсетпеу, бір сөзді екінші сөзбен құйылыстырмау үшін, сөздің басында келетін дауысты дыбыстың өзге орында келетіндерден естілу айырмасын білдіру үшін алынып жүр еді. Бұлар сонша маңызды дәлел емес. Бір дыбысқа екі таңба алу дұрыс емес. Түпкі мақсатымыз – дыбыс басына бір таңба беру, таңбаны аз ету болу керек. Сондықтан сүйеу таяқтың енді қосақтала беруінің жөні жоқ. Енді дауысты дыбыстарға, тапқа, сүйендірмей, азаматтық құқығын беру керек. Сүйеуші таяқты қорғаушы көп бола қоймас деп сеніп, сөзді қысқартамын.

2. «ی» бітеу буында жазылмайды, ашық буында жазылады деген ереже де болмау керек.

«ی» ашық буында анық естіледі. Бітеу буында болар­болмас естіледі, не мүлде естілмейді. Сондықтан бітеу буында оқушылар өзі де жазбайды. Оқушы өз дегенінен жазбайтын бітеу буында « ی» бар деп шұқылаудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Рас, кейбір бітеу буында, мәселен... «қасық» — дегенде, «ی» анықтау естілетін сықылды; кей жерде «мұрт» – дегенде естілмейтін сықылды. Қап жерде анық, қай жерде танық естілетін айыру аса нәзік еститін құлақ керек. Оқушыларға мұны айыру қиын. Сондықтан бітеу буын, ашық буын деген сөздер айтылмаса да, ереже болмаса да жарайды.

Тағы да бір дәлелім: орыстың бітеу буынын біз ашық буын етіп алып, оларда жазылмайтын «ы» дыбысын біз «ی­» мен жазамыз. Мысалы: «ство» деген буында біз «ыство» деп жазамыз. «Благо» — деген сөзін өз емлемізше біз «былаго» деп жазамыз». Оған дәлеліміз: біздің «о » дыбысы жоқ орыс оны жазбағаннан не кемдік көріп отыр? Дүдамал жерде » бар дегеннен не мүйізіміз шығып отыр?

Сөз басында «ی» естілсе, мәселен: «ынта», «ысқын», «ықтын», «ырғыз» – деп жазамыз. Мұндағы бас буындардың бәрі бітеу болғандықтан « ی» жазылмай, оның таяғы («I») ғана жазылатын. Енді сүйеу таяқ қалғанда, ол сөздер: «нта», «сқын», сқтыи», «рғыз» — болып жазылуға тиіс. Өйткені дауыссыз дыбыстар еш уақытта қосымша «I» сықылды дыбыссыз айтылмайды. Дыбысты жекелеп таныстырғанда, «ын», «ыс», «ық», «ыр» деп айтамыз, болмаса: «ны», «сы», «қы», «зы» деп айтамыз. Әйтеуір дауыссыз дыбыс тап­таза болып айтылмайды. Көбінесе, «ын», «ыс», «ық», «ыз» деп таныстырамыз. Олай болса, «нта», «сқын», «қтын», «рғыз» – деп жазудың ерсілігі жоқ. «Нта»­ны «ныта» деп оқудың жөні жоқ. Соңғыда ашылып анық естіледі.

Тағы бір таныс: сөзді өзгерткенде «ی «дыбысы анық естіледі, мысалы: «ыс»­ды өзгертсек, «ыссы» болады; қазақ тілінің заңы бар: түбір сөздің дыбыстары өзгермейді деген. Дұрыс, бұл заңға нанайық ! Нансақ «ыс», «қыс», «көр», «жүз», «біл», «жыр»,

«қыр» түбір сөздер екен: бұлар еш уақытта осы қалпынан өзгермей, аяғына жалғау ғана қосылу керек екен. Қазіргі емлемізбен бұлардың аяғына жалғау қосып, туынды түрінде жазып көрейік:

«ысы», «қысы», «көрі», «жүземін», «білемін», «жыры», «қыры»...

Түбірді өзгертпейміз десек те, жазғанда өзгеріп кеткен жоқ па? «ЬІс» өзгеріп «ысы» болды. «Ы» кіріп кетті. «Қыс», «біл» «жыр», «қыр» деген түбірлерге « » кіріп, өзгеріп кетті. Менің байқауымша, не тіліміздің заңында бір гәп бар, әйтпесе, емлемізде кемшілік бар.

«Бұл – мұны, мен – маған, сен – саған, ол – оған» болып кететіні қалай? «Бұл, мен, сен, ол» түбір емес пе? Бұған келгенде бұлар «есімдік» (местоимение) еді. Есімдіктің ауа жайылатын бір мінезі бар дейміз. Есімдік сөз болмай ма? Әлде «бұратана» ма?

Егер бұлар өзгеше мінезді сөздер болса, өзгешесі жоқ ереже болмайды. Айнымайтын қатып қалған шындық тіл заңында жоқ.

«ی» дыбысын қорғаушылар тағы дәлел келтірер, сөздің өзгерісін, буынын, өлеңін, өлшеуін тағы дуалы тіл заңдарын тіреу қылар, көзді жеткізер. О жағына мен таласпаймын. Мен, әйтеуір, грамматикаға тым терең сүңги берсек, көрінеу келейін деп тұрған пайдадан айрыламыз ба деп қауіп етемін.

3. Таныстық үлкені «ی» туралы жазу ережеміз бойынша «суу», «асу», «буу», «табу», «туу», «тату» – болып жазылады; бірде қос «уу», бірде «у» естілуіне қарасақ, аталған сөздердегі «у» (у) дыбыстарында түк айырма жоқ.

Тіл заңын білмеген кісілердің бұл ережемен дұрыс жазуы өте қиын. Жаңа оқығандар түгіл, ірі оқығандарымыз да бұған түсініп кете алмай жүр.

«у»­ды кейде жалғыз, кейде қос жазу тіл заңынан шығарылған. Сөздің буынын ашқанда, кейде «ы», кейде «у» шығады. «ЬІ» шықса, жалғыз «у» жазылады .Мысалы: «оқыуы», «сууы», «суу».

Және сөздің түбіріне сүйенеді: «оқу, жору, тану» – дың түбірінде «ы» дыбысы бар: «оқы», «таны», «жоры». Сондықтан жалғыз «у» жазылу тиіс.

Ал енді түбірінде «ы» дыбысы жоқ«алу, бару, асу, табу, тату»­ларға келгенде тағы тайқысып кетеміз, буындарын ашамыз да: «ашыуы», «барыуы», «асыуы», «табыуы», «татыуы» болады – дейміз. Бұлардың түбірі: «ал, бар, ас, тап, тат» болған соң: «алу­уы», «бару­уы», «асу­уы», «табу­уы», «тату­уы» болып неге жазылмайды? Бұ жерде не естілуге, не түбіріне сүйене алмай қаламыз. Онан да етістік болса, жалғыз «у» жазылады деген ереже болса, дау аз болар еді. Әйтпесе, «сууы, асууы, бууы, шабууы, тууы, та­ тууы» деген сөздерде кейде «у» кейде «ы» естіледі деп қалай айтамыз? Бәрінде де «у» естіліп тұрған жоқ па?

«Қазақ тілінін заңы бар, түбірдің дыбыстары өзгермейді» деуші Елдес жолдасқа бу жерден тағы бір тосу жолықты: «оқы» түбір екен; ендеше осы түбірінен өзгермеу керек қой! Алайық «оқу»­уы. «Қ»­дан соңғы «ы» түсіп қалған жоқ па? Ендеше жазғанда тіл заңынан шығып кетеді екенбіз. Олай болса, емлеміз нағыз тіл заңына тірелмеген екен. «Тіл заңы»берсек, басымыз айналып кетеді екен. Заңымызда да, жазуымызда да өзімізге өзіміз қайшы келіп тіреліп қалатын жерлер бар екен.

«Суу» дегенде қос «уу» жазылуға тағы бір дәлел: соңғы «у» дауыссыз дыбыс, неге? – десеңіз, қазақ тілінін заңында дауысты екі дыбыс қатар келмейді­-мыс. Сабыр етіңіз! Міне сиыр, қиын, таяқ, қоян, не сүйеу, биле, қина – осылардың ішіндегі «и» біткенде дауыс жоқ деп қалай айтамыз? Сый, сыйла, кий, қима, – бұларда дауысты дыбыс бар ма? Бар болса, аналарда да бар. Салыстыра берсек, «у», «ыу» дыбыстары да қысқа естіледі. Ендеше, оларды да үнсіздер табына қосу керек қой... «Суу»­ды қос «уу» – мен жазуға тағы бір дәлел: буынды ашқанда: «су­уы» болып буындалу керек. «Оқу» – «оқыуы» болып буындалу керек. «Табу» — «табы­уы» болып буындалу керек деген. «Оқу», «табу» да жоқ «ыу» дыбысын буынды ашқанда кіргізу керек. «Су­ы», «қу­ы», «қа­ бу­ы» болып буындалса, дұрыс болмайды. Өйткені «у» дауыссыз дыбыс бір, «ыу» жеке өзі буын бола алмайды екен. Бұған менің айтатыным: «у» дауыссыз дыбыс дегенге дауым бар; «ыу» дауысты болса, жалғыз өзі де буын болады деймін: «а­та», «о­бал» дегендегі «а», «о» дыбыстары сықылды.

Басқа да толып жатқан дәлел бар. Оның бәрін тексермей­ақ, менің айтатын жобам мынау: асуу, суу, буу, табу, қуу, оқуу, туу, тату – деген сықылды «у» сөзі естілетін орындарда жалғыз­ақ «у» жазылсын денмін.

Ал енді қысқа естілетін: «бау, тау, екеу» деген сөздердегі «у»­дың орнына (و (секілді қылып алайық деген жобаны ұсынамын. Үтір («,») мен үш нүктені (...) алғанда, сенімді (.) алудың жаттығы да жоқ.

Бұл қолайсыз: тыңнан таңба қосу керек емес десек, Мұхтар жолдастың (Мырзаұлы) пікірін алуды да дұрыс көремін. Латын тілінде ұзын «у» дауысты дыбыстан соң келсе, қысқа оқылады.

Сондықтан: бау, тау, жеу... болып жазылса да кемшілік болмайды. Мұнын қайсысы қолайлы болады? Оқушылар ойға салып көрсін.

Қайтсе де, «жууу керек, ай туууға таянды, сағым қууу жарамайды» – дегендегі қаздай тізілген көп «ууу»­ларды қолайлы деп айтуға болмайды. Жазу оңайлансын десек, «у» –ларды қысқарту керек.

4.«Баратұн, жанатұн, айтатұн...» деген сөздердегі «тұн» болып жазылған дұрыс деймін. «Тұн» «тұғын»­нан қалған делінгені болмаса, естілу жағына келсек, «у»­дан да «у» естілуге жақын тұр. «Қатын баратұн» дегендегі «тын» мен «тұн»­ның естілуінде айырма жоқ. «Тұғын»­ның «ғу»­сы жоғалса, «ұғу»­сы неге жоғалмайды?

5.Бұрынғы мәнді (I) енуі болмасын, сүйеу таяқ (I) болсын деймін. Өйткені сүйеу таяқ деген енді жоғалып, «а» (е) болу керек.

6. А, о, у, ы дыбыстары жіңішке естілмейтін сөздердің алдына дәйекші (") қойылады. Бұл дыбыстар жіңішке естілсе де, дәйекші қойылмайтын к. г. е ішінде бар сөздері бұл ережеде керек емес: сөздің жіңішке естілуіне де дауысты дыбыс реңк бере ме? Жоқ, дауыссыз дыбыстың өзі жіңішке естілгендіктен бе? Ол арасын айыру қиын. Орыс тілінің жуаң, жіңішке оқылуына дауысты дыбыс бар реңк береді: (а­а­у­ю) араб тілінде дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішке болады: Орыстың дауысты дыбыстары қасындағы дауыссыз дыбысты ғана жіңішкертеді, түгел сөзді жіңішкерте алмайды. Біздің дәйекшеміз түгел сөзді жұмсартады. Сондықтан дауысты дыбыс жіңішке естілгендіктен түгел сөз жіңішкереді деп жіп тағу қиын бола ма деп ойлаймын.

Ережені тастағанмен дәйекшені тастауға болмайды: кішкене болса да, дәйекшенің келтіретін жеңілдігі таудай. Жалғыз­ақ оқушыларға жуан, жіңішке естілетін сөздерді салыстырып, қай жіңішке естілгеннің алдына дәйекше қойыңдар десе жетеді. Мұны ереже қылмай­ақ Тәжірибе арқылы оқушылар өзі төселіп кетеді.

К, г дыбыстардың сөзге ықпалы барлығын да тәжірибемен табуға болады. Ереже болудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.

Міне, емлеге осындай өзгеріс кіргізсек, жазу тану әлде қайда жеңілденер еді деп жүремін.

Менің бұл жобамды оқу комиссариатының қасындағы білім комиссиясы қарап, көптің ақылымен шешуге байлады.

Қазақстан, Түркістандағы қазақ тілінде шығатын газет, журналдар бұл жобаны кешіріп басып, қазақ оқығандарының оқытушыларының сынына салу керек. Әркім өз пікірін газет, журналға жазу керек. Емле мәселесі әр жағынан жете қарап, қапысыз болып, шешілу керек деген қорытындыға келісті. Баспасөз жүзінде әбден арманнан шығысқаннан кейін айрықша сиез шақырылып, ақтық түйінді сиез шешу лайық деп табылды.

Сондықтан емле өзгерту туралы жобамды талас ретінде көптің алдына ұсынамын. Қазақстан, Түркістандағы газет, журнал басқармаларынан көшіріп басуды өтінемін.