Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы



Емле кеңесінің қорытындысы

Араб әліппесі кезінде емлеміз кемшіліксіз сияқты көрінетін. Ол араб әліппесінің кемшілігінен екен: араб әліппесі тіліміздің көп қасиеттерін бүркеп байқатпайды екен: әсіресе, сөздің түбірі жалғау-жұрнақтармен қалай қосылып жазылуын айыру қиын екен. Жаңа әліппге көшкен соң бұрынғы емлемеіздің көп кемшілігі айқындалады.

Былтыр өткен латыншылардың тұңғыш комперенсиесінде емле әңгіме болды, шешуі білім ордасы мен кіндік жаңа әліп комитетіне тапсырылды. Былтыр күзден емле жиылыс болып, пікір қорытылды. Самойлович, Шобанзада, Одахин сияқты түрік тілдері мамандарының пікірі алынды.

Білім кеңесі құрған комиссия пікірлерді қорытып, тезис жасап, «Б.Қ.» Еңбекшіл қазақ. – Ред. газетінде жариялады.

Үйен айының 2-4 жаңасында Қызылордада емле кеңесі өтті. Қазақтың тіл мамандары басқа кеңеске арнап орыстың бірқатар тіл мамандары мен түрікшіл білгіштері де шақырылды. Ленинградтан Юдахин, Мәскеуден Поливанов, Ташкенттен Унсетнен, Шмит сықылды орыстың оқымыстылары келді.

Сол кеңестің қабыл алған емлесін «Жаңа мектептің» осы нөмірінде жариялап отырмыз. Емлемізде қандай өзгеріс болды. Әуелі емлеміздің негізі анықталды, бұрын емлеміз дыбыс жүйелі дегенмен де, белгілер көп араласатын еді. Мәселен, басқа сөзбен айтқанда, дүдамал жерлерді жазушы едік. Мысал: «Оқы-оқу» бұған қарай «жаз-жазу». Бір дыбыс анық естілсе де, өзгерген күйіне қарай басқа әріпті жазушы едік. Мысалы: «сап» естілсе де «саб» жазу сияқты. Осындай айнымал негіздер тез сауаттануға біраз кедергі болатын. Енді емлеміз негізгі тек дыбыс жүйесі болды: сөз қалай естілсе, солай жазылады. Бұл тез сауаттануға көп жеңілдік келтіреді.

Онан соң қазақтың төл сөзі мен шеттен кірген және кіресек сөздерге бір-ақ түрлі емле ұсталды: шет сөздер де дыбыс жүйесімен қазақ тілінің заңына көндіріліп жазылатын болды. Бірақ орынсыз жерде шетсөз бұзылып жазылмайды. Сөзді «төл», «шет» деп айырмағанда ғана қалың еңбекшілерге тез сауаттану, шет сөзді сіңіру оңай болмақшы. Орынсыз шет сөздің тұлғасын бұзбасақ басқа елдер тіліндегі ілім терминдерімен пайдалану жеңіл болмақ. Шет сөздер емлесі ең қиын мәселенің бірі болса да, кеңес шығыс тауып, жоғарғы айтқан негізді қабылдады. Кеңесте үлкен тартыс болған да осы шет сөз емлесі. Кейбір жолдастар да шет сөзді бұлжытпай жазу керек деген ойға бейімділік болыңқырады. Бұл жолды ұстағанда қазақ сөзінің, жат сөздің емлесі деген екі емле болып, қалың еңбекшілерге қиындық келер еді. Енді бір ағым шет сөзді адам танымастай өзгертіп, орынды-орынсыз жерде де «қазақыландырып» жазу, мысалы «осмысты» «оспыс» деп, «космитикені» «коспетик» деп жазу сияқты. Мұндай жазуды алсақ, қазақ тілі мен шет тіл арасына көрме құрған болар едік; көзге перде киіп, басқа ел тілін көргіміз келмеген болар еді. Сондықтан бұл ойды жақтаушы Елдес ұсынысына кеңес тегіс қарсы болды. Емле негізінде дыбыс жүйесін бүркеніп туыс жүйесін салғысы келген Ақан пікірі де бүркемеде қалды, туыс жүйесін алсақ қалың өсуіне бөгет тұратын болды. Емленің негізі өзгерген соң, бұрынғы жауымыздың көп жерлері де өзгерді. Мәселен, бұрынғы «саб, қаб, отырыб» жазылады, бұрын түрліше «оқыту, қуу, келуу, күллеу» болып жазылмақшы. Бұрын тұқымын қуалап «баратун, келетун» сияқты жазылатын сөздер енді естілуінше «баратын, келетін» жазылмақшы.

Кеңестің тағы бір көзге көрінерлік жұмысы қазақ тілінің келешегімен санасады. Қазақ тілінде, басқа тілдерде де бірнеше сөздер қосарланып жүреді де, ақырында бәрі екпінге, бір дыбыс заңына, бір стимилогы жүйесіне көне басайды. Мысал: солай етсе-сүйтсе, бұл күні – бүгін. Бірақ кейбір сөздер бір мағыналы ғана болып қалса да, дыбыс заңдары және басқа жағынан қосылып жетпеген, әйтсе де бара-бара жымдасып кеитпекші, иа ашық оңашаланбақшы. Мәселен: «еді» қысқарып «ді» болған, бірақ сонда да «еді» түрінде сақтаған. Бұлардың мұндай жетілмеген күйін көрсету үшін сызықшамен көрсету керек: «келген- ді, барған-ды». Бұл сызықшалар бөлекшелердің түп сөзге қосылып, жетпегенін, әрі бас билігін жойып келе жатқанын көрсетеді. Тіл өсе келе бұл бөлімшелер басқалануға да, қосылуға да мүмкін.

Жаңа емле мен емле мөздігі басылып шықпақ. Жаңа емле жайында орысша-қазақша кітап басылып шықпақ.

Жиылыстың тағы бір қазақ тіліне келтірген пайдасы – дыбыс- тарымызды ілім жолымен жіктеп, белгілі заңдарын көрсеткендік. Сол заңдарға сүйеніп емле жасауымыз.

Жаңа емле дыбыстарымыздың күшті заңдарына құрылған соң үй- ренуі бұрынғыдан анағұрлым оңай. Әріптермен танысқан соң аз уақыт ішінде дұрыс жазып-оқып кетуіне болады. Жаңа емлеміздің жұртшылық жағынан, мәдениеторнату жағынан маңызы осында.

Емлеміздің негізі дыбыстарымыздың еліктіру мен іріту заңдарына құрылып отыр. Еліктірудің бір түрі саналған үндестік заңы қазақ тілінде бірте-бірте құрып келеді. Қазақ тілінде де, басқа түрік тілдерінің көбінде де таңдай үндестігі сақталып, ерін үндестігі иа мүлдем жойылған, не жойылып келеді. Сондықтан кеңес емле негізінде, таңдай үндестігін алса да ерін үндестігін алған жоқ. Бұл да тіліміздің өсу бағытын ескергендік.

Бұрын әркім өз білімінше кез-келген жерге «ы-і» әріптерін жаза беретін. Баспаханадағы «ы-і» жетпей шатақтар туатын. Аудара қарап, ақтара тексерген соң кеңес: екі буын ішінде де үнді мен үнсіз дыбыстар арасына дауысты дыбыс салмай сыбай тұратынын ашты. Мысал: «қарт, ұлт, төрт» сияқты. Сондықтан анық естілмеген жерде бір буында сыбай- лас үнді мен үнсіз арасына «ы-і» салып жазудың керегі болмай қалды. Бұл «ы-і» аз да болса кемуіне себеп.

Біздің тілімізде әзір шұбарлық болмай келді. Сондықтан арасы 3000 шақырым жердегі қазақтар бірін-бірі бір ауыл адамындай түсініп келеді. Емлеміз тіліміздің айқын заңдарына құрылған соң тіліміздің өткен өмірі, бұл күнгі күйі, келешегі толық еске алынған соң мұнан былай да әдебиет тіліміз халық тілінен қашықтамайды деп сенеміз. Тіліміз шұбарланып тармақтануға, 8 диалекке бөлінуге жол ашылмайды деп білеміз. Қалың еңбекшілер тез сауаттануына емлеміз оңтайлы болды деп дәмеленеміз. Жаңа мәдениет орнатуға мұның мәні зор.

Әрине, мінсіз іс қылу қиын. Емлеміздің кемістігі де болмай қалмас. Оны тұрмыс көрсетер.

Күзге шейін жаңа емлені оқытушылар курстерінде, кәмпарансиелерінде толық үйрену керек. Осы күзден жаңа емле мектепте ұсталуы міндетті.