Шаһкерім ақсақалдың бұл сөзіне «Айқап» журналының 9-ншы, 10- ншы нөмірлерінде жазылған Ғ.Мұса мырзаның сөзіне қысқалап, сөз қайырып өтемін. Шаһкерім ақсақалдың керек деп отырған қаріп үстіне, астына қойылатын үтір, аст, сүкін, аст һәм «уау» жалғыз жазғанда ғана емес, басқа сөзге де қойыларға керек. Баспа жүзінде оның қолайсыздығы мол. Егер де осы күнгі тұтынып отырған матбұғат тастарымен харакат қойып бастырсақ, бастырған нәрсеміз екі есе қымбат түседі. Олай болатыны харакатпен бастыру қиын, екінші орын көп алады. Харакатсыз баспаның екі жолын харакатты баспаның бір жолы алады. Егер де оған тағы қаріп үстіне қаріп қоюды қоссақ, мысалы « », « » онда тіпті орынды тағы көбірек алмақшы, бастырған нәрсені ол тағы көбірек қымбаттандырмақшы. Қымбат басылған нәрселерді қазақтың алу жағын да ойламай болмайды. Жүз бет боларлық нәрсеміз екі жүз бет болса, екі жүз елу бет болса, оған матбұғат екі есе, иә екі есе жарым қымбат алады. Сондықтан бұл қолайсыз болып табылады. Егер матбұғаттың бұл күндегі тұтынып жүрген тастарынан басқа тас істеп бастыратын болсақ, яғни үтір, үст, сүкін, һәм «уау» – бәрін де қаріп тастарымен бірге құйдырсақ, мысалы «ۥو «сияқты еткізіп. Онда ол орынды осы күнгі жолдарымыздан көп алмайды. Бірақ оның қолайсыздығы басқа жағынан болады. Сол айтылған бес белгі бір ғана қаріпке емес, барша дауыссыз дыбыстардың қаріптерінің бас болып, орта болып, құйылатын тастарының тұруының бәрімен бірге құйылмақшы. Олай болғанда осы күнгі матбұғат тастарынан басқа құйдыру керек болады мынадай тастарды: «ب´ۥ`ب – « бұл бір ғана «б»-ға керек болатын тастардың өскені. Жалғыз «б» үшін матбұғаттың қаріп құятын ұясының көбеюі он болады. Бұрынғы төрт ұясымен «б» қарпінің ұясы он төрт болмақшы. Тек қосылатын қаріптің әр қайсысында сондай ұя болмақшы. Тек қосылатын қаріптер л, м, н, и, яғни он төрт қаріп. Бұлардың әр қайсысының бұрынғы төрт ұясына жаңадан он ұя қосылып, бұрынғы 56 ұяның орнына 196 ұя болмақшы. Тек қосылмайтын қаріптер төртеу: д, р, з, у. Бұлардың бұрынғы ұясы екі- екіден сегіз болса, жаңадан әр қайсысына он ұя артық қосылып, 48 ұя болады. Қысқасы, жоғарыда айтылған бес белгіні қаріп тастарына қосып құйдырсақ, бұрынғыдан басқа 180 ұя жаңадан қосылмақшы.
Матбұғаттың қаріп ұялары көбейсе, қаріпке шығаратын ақшасы көбеймекші, екінші қаріп жию жұмысын қиындатып, жұмыс жағын қымбаттатпақшы. Бұрынғы қаріптердің ұясы мысалы жүз болса, енді оған жүз сексен қосылса, 280 болмақшы. Жүз жерден теру мен екі жүз сексен жерден теру бірдей болар ма?
Қысқалап айтқанда, бұлай харакаттарды қаріптермен бірге құйдырсақ та бастырған нәрселеріміз жай бастырудан екі есе, хатта үш есе қымбатқа түспекші. Және де соңғы уақытта мұсылман матбұғаттары осы күнгі қаріптердің баспа жүзінде қиыншылығы көп деп оңай етуге жол қарастырып жүр. Қиындығы – ұясының көптігі. Орыс қарпі 35, оған 35 ұя керек. Қаріп басына бір-бір ұядан қаріптің 35 қарпінің азайтқанда жүз шамалы ұя керек. Қаріп басына екі иә төрт ұядан. Мұны қиынсынып жүргенде оған тағы 180 ұя жаңадан қосып қаріп қойдырсақ, онда өзіміз матбұғат алмасақ, басқа матбұғаттарға олай етіп бастыра алмаймыз.
Бұлардан басқа Шаһкерім ақсақалдың жете ойламаған жерінің бірі мынау: қазақ тіліндегі дыбысқа қарап ат қоймай, қаріпке қарап дыбысқа ат қоймақшы. Мысалы, аст, үст, үтір, сүкін деп. Сондықтан «у» жоқ, оған сүкін бар дейді де жазады «ورا֯ۥڊ» ,«ۥبر «деп.
Біз ежік балалардың басын қатырады деп, сол саутиә жолына (звуковой) түсеміз деп жүрміз. Сол саутиәмен бала оқытсақ, қазақ тіліндегі дыбыстарды өз қалпында айтпай «үтір» демей, дыбысын айтып оқытсақ, онда қалай «у» жоқ болады? Мысалы, «و֯ۥب «деген сөзде «у» жоқ десек, «б»-ның үстіндегі не дыбыс деп айтамыз һәм оның артындағы екінші сүкін қойғанын дыбыс деп айтамыз? Біз мұның екеуін де «у» дейміз, бірақ екеуінің арасында орыстардың «и» дыбысы мен «й» дыбысының арасындағыдай айырмасы бар дейміз. Балаларды ежікке қайырып түсіреміз десек, шыны да сол. Ежікпенен де балаларды оқытуға болады. Бірақ жолы қиын, усул саутиә жолы оңай. Оңайдан қиынға түскеніміз қанша қолайлы? Ғ.Мұса мырзаның сөзіне қарайтын жауап келесі нөмірде болар.
Жазу мәселесі
Ғ.Мұса мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ аяғында- ғы пікірінен қорытып шығарған менен артық жері турасында сөйлеймін. Әуелі екеуіміздің айырылатын жеріміз: Ол «у» орнына «و«ды алды да, «о» үшін «ۇ«ды лайық, яки басқа бір белгі жасалық, мысалы, «و«дың құйрығын қайырып қоялық дейді. Мен «у» орнына «ؤ ««аламын, «о» орнына «و «ды аламын.
Менің олай еткенім: «о» дыбысы қазақ сөзінде анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің «о» дыбысы келетін жерлерімізге толық «у» келеді. Мысалы: біз «от» дейміз, ноғайлар «ут» дейді. Біздер «тоқ» дейміз, олар «туқ» дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ, біз өзімізше «о» айтып оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше «у» етіп оқуына кемшілігі жоқ. «У» біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің «у» дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа «у» келеді. Мысалы: «тұр», «жүр» ноғайлардың «Ақ йол» журналында қарасаңыз «و «һәм «ۇ «әріптерін нақ бізше жазып отыр. Ол бірімізден біріміз көріп алып отырған емес, екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы, «о» орнына «و «алып, «у» орнына «ۇ «алғаннан қазақ тіліне келер кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келу де қажет жоқ.
Бұл «ۇ «дың Ғ.Мұса мырзаға ұнамайтын жері: «و «үстіне «үтір» қойып жату қиын дейді. Осыны онша дәлелді сөз емес деймін. Өйткені орыс сөздері үшін «و «үстіне үш нүкте қойып «ۋ «қылып жазуды қиынсынбағанда, қазақ сөзіне дсгендс «و «үстіне бір үтір қою қанша қинар екен. Керек болған соң «ج«ді «چ «айтуды, «ز «ді, «ژ «айтуды, «ك «ні «ڭ «айтуды қиынсынбаған жол бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын? Қанша ерсі?
2-нші қайырылатын жеріміз: «ы» дыбысының қарпі сөздің басында, ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен «ы» дыбысының қарпі «ى « болсын да, ол сөздің аяғында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол жазылмағанда сөздің мағынасы бұзылып, кемшілік келерлік болса, жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса «ы» дыбысынын хәрпін жазбағанда не залал көреміз деген ойым еді. Мысалы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік») қаріптерін түгел жазсақ бұлай жазылмақшы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік»). Осы сөздер- ді «ڍ «сіз жақсы да, мағынасы бұзылмайтын болған соң «ڍ «ді жазба- сақ та болмай ма?» деген едім. Мысалы, « » («қысым-шылық»), « » («еркіншілік») деп жазсақ, кемшілік болар ма?
3-нші айрылатын жеріміз: мен «э» дыбысына «ڍ») «и»)лерді аламын, Ғ.Мұса мырза «ى «лерді алайық дейді. Мен «ڍ») «и») лер сөздің бас буынында жазылсын, басқа буындарында «ه» ,«ھ «жазылсын деймін. Ғ.Мұса мырза сөздің аяғынан басқа жердің бәрінде «ى») «і») жазылсын, аяғында ғана «ه» ,«ھ «жазылсын дейді. Меніңше, мысалы: «اڍسھك) «есек), ,(кілегей» (كیلھگھي» ,(кедей» (كھدهي» ,(керек» (كيرهك» ,(кесек» (كیسھك» «چۇرهگھي) «шүрегей) деп жазбақшымыз, оныңша: «اڍسك) «есек), «كیسك « «چۇریگیی» ,(кілегей» (كیلیگیی» ,(кедей» (كیدیي» ,(керек» (كيریك» ,(кесек( (шүрегей).
Оның «ڍ» «и» лерден гөрі «ی «лерді артық көретіні нүкте қойып жатудан нүкте қоймау жеңіл дейді. Нүкте қоймаудан, қоймай жазудың жұмысы аз болғанмен оның жаттығы мол емес не? Жетек, шелек, есек деп жазсақ, бұрынғы есек, шелек, житек деп жүрген күйінде оқу; жітік, шілік, ісік деп жазсақ, житек, шелек, есек мағынасында оқымай, жітікшілік, ісік мағынасында оқылары ықтимал. Мен қаріптерді өзгерткенде халық жатсынбай, хат білетін адамдар үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы «ڍ «лерді оқып жүргенде «ڍ «лерді де оқып кетеді, бұрынғы «و-«ды оқып жүргендер «ۇ-«ды да оқып кетеді. «ی « лерді үйретпей «э, ی-«ды оқып кетер деп айта алмаймын.
Мен бұл «ی «белгілерін былтыр әліппе жазып жүргенде «э» емес, «ы» орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім. Қайтқаным оны қойсақ та, қоймасақ та оқуы бір ғой, қойып не қыламыз деген едім. Мысалы: мысық, арық, арыс деген сөздерді мысық, арық, арыс деп жазсақ, екеуінде оқушылар бірдей оқиды ғой деп «ی») «і»)лерді алмай тастап едім. Түбінде бұл белгілер алынатын болса, «э» дыбысына емес, «ы» дыбысына алуға лайық. Өйткені «ы» орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы ықтимал.
4-нші айырылатын жеріміз: меніңше созбасына дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарда басына сүйеніш таяқ қоямыз, оныңша ол керек емес. Оны керек қылғаным, халық әуелі шатасынбас үшін еді, екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі бар деп өзім де айтпаймын. Оның жаттығы мынау: «اۇغلی) «ұғлы) деген сөзді «اول» ,«ۇغلی) «ол) деген сөзді «ول «деп жазсақ, жаттық аз. Егер де «استق « (астық) деген сөзді «یستق) «ыстық) деп, «الغى) «алғы) деген сөзді «یلغى « (ылғы), «اقتن) «ақытын) деген сөзді «یقتن) «ықытын) деп жазсақ мұның жаттығы мол болады. Менің басына «ا) «а) қойып жазалық дегенім сонан. Көп қаулы қылса, ол «ا «ды алып тастауға да болады, онда бірақ «ы» орнына «ی) «и) лерден басқа хәріп алу керек болады.
5-нші айрылатын жеріміз: мен «ع «ны дәйекше етіп сөз алдына қоямын. Ол жіңішкертетін әріптердің үстіне қойылсын дейді. Оның айтуынша, бір сөзде жіңішкертуге тиісті қаріп біреу болса бір «ع ,«екеу болса. екі «ع ,«үшеу болса үш «ع «қою керек, меніңше бір сөздің ішінде жіңішкертетін қаріп біреу болсын, көп болсын жалғыз ғана «ع «қою. Мысалы: «جؤروؤن) «жүруін) меніңше «عجؤرؤؤن «жазылмақшы, оныңша «جٷرٷٷن «жазылмақшы. Меніңше «عبادر) «білдір), оныңша «بیادیر ;« меніңше «عجیبیر ,«оныңша «جیبیر ;«меніңше «عبولدردى) «бүлдірді) оныңша «بولدیردى «болмақшы. «ع«ны дәйекше қылып алдына қоюдан, әp қаріптің үсті-үстіне қойып жатудың қандай артығы барын біле алмадым. Және Ғ.Мұсаның бір айырылатын жері: дауысты дыбыстар 9 боларға керек. Мысалы: ا) a), أع) ә), و) о), وع) ө), ؤ) ұ), ٷ) ұ), ى) и), ىع) i), ه) e). Бұл бір дыбыстың екі түрін екі басқа дыбысқа санағандықтан. Бір дыбыста екі түрлілік жалғыз бұл дыбыстарда емес, басқаларында да бар. Олардың екі түрін екі дыбысқа санамағанда, бұлардың екі түрін екі дыбысқа санаудың жөні жоқ.