Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы



Жазу мәселесі

Қазақ дыбысына қарай қаріп түзету турасындағы ойым: бұл қаріп түзету деген бүгін ғана басталған сөз емес. Шаһ Тахтински «уау» орнына цифрлар да салып қараған. Бірақ оны қауым қабыл алмаған соң қалған және біздің қарпіміз – араб қарпі. Оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы белгілі болған. Қауым қабылдамаған қаріп қала берген де. Жолы болған «г, ң, в» секілділер ретке кіріп кеткен. А.Б. мырзаның хамзасы (ء (мен қос нүктесін (:) жұрт қабылдағаннан-ақ ұнатамыз. Бірақ хамза әліф орнына жүруші еді. Оны басқа қаріпке қоймаймыз деп әуре қылар-ау деп шошимын. Сірә, солай қыла қалса, менің ойыма келетұғыны баспа машинасына реті келсе, кейде үтір орнына үлкен «уау» салсақ жазуымыз едәуір түзелер еді деп ойлаймыз. Біздің тілде екі үст бар: бірі (-), бірі (׀ ,(яғни бірі харакат, бірі әліф, мұның әуелгісі жіңішке, соңғысы жуан айтылған қаріптерге харакат болады. Мысалы, бірі – хәммасы, бәрі болғаны дегендей. Бізде үш түрлі аст бар: бірі болар болмас білінетұғын орысша «ы» секілдірек, менің ойымша мұндайға түк салмасқа керек. Бірақ састы-састы, асты-асты деген секілділер да не аст, не сәкінмен ғана білдірілсін. Егер де мұндай «ы» секілді аст сөздің аяғына келсе, «и» қойылсын. Себебі, ондайды біз «ы» қылып оқимыз, ноғай һәм басқа түріктер «и» қылып оқиды. Екеуіне де бөгет жоқ. 2-ші аст «е» секілді, оған «и» қою керек. Егерде сөз аяғында келсе «о» «ھ «яғни қай рәсмие қою керек. 3-нші «и» сықылды, екі яғни «ڍڍ» «ии» салу керек. Мысалы, сииыр, қиисық дегендей.

Бізде үтір екі түрлі. Мысалы, бүр ағаштың бүрі, бор – ақ топырақ. Сіздер «у» бар дерсіз, жоқ! Ол «уауға» сүкін болады. Мысалы, бу – байла, бура – түйе дегендей. Бірақ бұл үтір «уаулар» жуан-жіңішкеге (бірдей қаріптерге айтылғанда һәр қайсысы екі түрлі болып, төрт түрлі дыбыс шығады. Мысалы, бүр – ағаш бүрі, бір айналдыр, бор – ақ топырақ, бөрі – қасқыр. Міне, байқасаңыз жуанына уау, жіңішкесіне үтір салдым.