Бірге қозғалалық
«Айқап» журналы жарыққа шыққаннан бері қарай онда бірталай сөз, бірталай ой жазыла келді. Бірақ ондағы ой, іс сөздердің көбі шаруашылық жайында болды. Оқу, оқыту турасында бүгінгіше (құдай біледі) сөз шыққан жоқ шығар. Сондықтан мен ойлаушы едім, бұл турада қазақ білімділері неге кеңеспейді? Әлде осы татарлардың бастапқы төрт жылғы жаңа мектептерінің барлық программаларын қабыл қылып, тек сол жөніндегі кітаптардай қазақ тілінде мектеп кітаптарын шығарар ма екен? – деп. Көп кешіккен де жоқ нақ сол ойлағанымша татар әліппелері жолынша қазақ тілінде әліппе, басқа кітаптар майданға да шыға бастады. Бұл кітаптар майданға кеңессіз кесіп келіп жатқаны да ескерусіз жатқан оқу турасында «Айқаптың» № 4 санында «А.Б» -ның қолыменен «жазу тәртібінің аталуы бір жазу көрінеді. («А.Б» Ахмет Байтұрсыновтың псевдонимы С.Д.).
Бірақ ол мырзаның ойы біздің ойымызға жақындамастай басқа көрінеді. Шонки ол манағы жазуында орысша аз болғанда 8-10 жыл оқымай, өзіңе керекті білім алып болмауын айтады да қазақша оқығанда екі жылда жазып, жеткендей оқып болуды сөйлеп: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі оқып жүрген мұсылманша оқуды айтпаймын. Бұ күні мұсылманша оқудың бұлғалақ-шырғалағы көп. Онымен жүріп орысша білуге кеткен уақыттан аз уақыт кетпейді» – деп өзінің молласы алдында... отырған қызғанышты замандарын еске түсіреді. Бұ мырзаның қарауында мұсылманша оқу әлі бұлғалақ-шырғалақ. Ары кетсе үш айда балаларды оқып, жазуға түсіндіретін татар айтуынша «Осүл жәдит» – қазақша төте оқу», оған мағұлым емес.
Мен А.Б. мырзаны бұлайша хабарсыз деп ойлағым келмейді. Тек түркі оқуды жөнге салушы құрметті Ысмағұлбек Гаспринский бір татар болған соң татарлардың ұстаздығын қабыл еткісі келмейтін шығар деймін. Шонки ол араб қаріптерімен бірге сіңгендіктен амалсыз ғана алуға зорланғанын аңдатады. Бірақ не қылмақ керек, өзің қисық болсаң, айнаға өкпелеп болмайды. Жалғыз татар менен қазақ қана емес, ол қадірлі Ысмағұл бабаның салған төте жолы Үндістанға да барып қабыл қылынды. Менің қарауымда тілесе қандай жұрт болсын, өзіне қарай бір артықтығы бар. Бұ күнде оқу жөнінің артықтығы татарларда болған сықылды, қазақтарда шын түріктіктің ғадеті, тілі уа басқа қымбаттары сақталып келгендігіне ешкім қарсы келмейді.
Татардағы әліппелер соның ішінен Россиядағы бытырап жатқан мұсылман-түріктердің мектептерінің көбіне қабыл қылғанын Ахмет- һәди Махсұдтың «Мұғалім алауыл» деген әліппесі, сол татар әліппелері жөніменен тәртіп қылынған Уфа медресесі Ғалиясындағы қазақ шәкірт- терінің төте оқу ... бәрі де татарда я қазақта А.Б. мырзаның айтқанындай 24 дыбыс бар делінбей, 28 дыбыспенен майданға таралды. Бұған қарсы келген жан жоқ, шонки барлық түрік баласы ойлаған ойын сол 28 дыбыспен жазып, басқаларға өз керегін түсіндіре алады. Ол 28 дыбыс: і, б, п, т, ж, ч, х, р, з, ж, е, ш, ц, ғ, ф, к, к, г, н, л, м, н, о, у, һ, и. Бірақ А.Б. мырзаның айтқанынша бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты емес. Бәлки 28-і де жарты дауысты. Шонки араб қаріптері керек түрік сөзі, керек араб сөзі болсын ешқайсысының басында орыстардың дауыссыз дыбыстары сықылды б, с, р болып оқылмайды. Бәлки сөз басында келгенде барлығы да үстіне кішкентай (уау белгісі) қойылып б, т, о, ш суретінде оқылады. Орыстардың «Степан» деген атын қазақша Стіпан деп жазып көрсетілсе, әр жазу таныған қазақ алдына бір «і» дыбыстың керек екенін сөйлейді. Міне, сол жарты дауысты 28 дыбыс- тың ішіне екінші бір дыбысқа қосылып, дауыстыға айналатындары төртеу болады. Үшеуі толық дауысты, біреуі қысқа. Толық дауысты дыбыстың бірісі «А» болады. Мұны «А» дыбысы сырттан қарағанда көп кісі жалғыз дыбыс деп түсінеді. Әммә ол асылында «ЫА» деген екі дыбыстан жасалған. Яғни бір «Ы» дыбысына екінші «А» дыбысы қосылып дауысты болған. Бұл сыр араб қаріптеріне таныс адамдарға жасырын болмаса керек. Өңге дыбыстар да «а» сықылды «ба, та, жа, ға» деп дауысты қылады. Бұл қаріп әр уақыт дыбыстарды үстілі қылып қысқаша ғана созады: бе, же, іе, ре ... сықылды. Сондықтан орыстардың кеңірдектен келетұғын «э» дыбысын э, а, у дыбысын о, ы, и, і деп жеті түрде жазуының һәммәда ие дыбысын, е дыбысын е, я, ю, ь деп төрт түрде жазуын ауырсынбаушылар үшін біздегі екі түрлі и, ы менен төрт түрлі бұғаз дыбыстарының a, і, һ болып жазылуларында ешбір қиыншылық болмаса керек. Шонки, мұндайға ғана өзгелік орыстардың бас һәм орта қаріптерінде де бар.
А.Б. 28 дыбысты былайша санайды: А, а, п, т, ж, ч, д, з, р, с, ғ, қ, к, г, л, м, н, о, ы, и, ие, о, Әммә (т, ц, ү, ж, ф) дыбыстарын бұлар араб-парсы уа басқа түріктерге керек болса да біздің қазаққа тіпті керегі жоқ деп етек- жеңін түріп қашады. Арабтардың өңге дыбыстарын қабыл алғанда өз тілімізде сөйленетұғын (т, ц, ч, ф) менен шет тілден араласқан (журнал) сықылды жаңа сөздерді жазу үшін парсынын, ж қарпінен қалай қашуға керек? Өңге тілдерде бір дыбыс бес-алты түрде жазылған шақта бізде бір дыбыстың екеу яки үш түрде жазылуын қиын көріп, еркін түріктің майданынан шығып, біз түрік емес, қазақпыз деп өз-өзіңді қысудан қанша пайда шығар?! Бұл А.Б-ның қабылдамаған дыбыстары қазақ сөзінде бәрі де бар. Алайық: шаңырақ бар және жібек матаның бір түріне чай» деп айтылады. Міне, «чай» деген сөзді «шей» деп жазу қандай келіссіз болса, «чаңрақ» деп жазу ұнамсыз. Және де «сөз», соз, со, сыз, сын, тік, тыз, тын, тон деген қазаша сөздерде шек жоқ, өз дыбысымен жазу керек болады. Ал енді дыбысының қазақ тілінде ашық айтылатыны есепсіз көп болғандықтан, оған мен ұқсасын келтіріп те тұрмаймын. Енді бұлай болғанда бір дыбыс екі түрлі жазылып екі дыбысқа есептелсе де А.Б-ның (Ахмет Байтұрсынов С.Д.) жіңішкерту дәйектісі ешуақытта қиындық келтірмейді. Ойлап қарайық, дәйекті қағида болсын, бірақ еш қағидасыз қойылған дәйекшіден не мағына шығар? Дәйекті қойылған уақытта да оның үстіне қарағанда қалыңдық, жіңішкелікті өздігінен түсіндіріп тұрғандай бір белгі болуға керек. Бұлай болмаған дәйекті, дәйекті емес, таяқша болмақ...
Әлі оның бір қызық сөзі және бар: «Менің бұл сөздеріме қарсы түскен адам болса, сөзін сәріф, нахумен ажбат етсін!» – деп қорқытып қояды. Апырмау, жаңа ғана шығып жерді жасырып жатқан бидайшықтан «маған осы егіннен нан пісіріп бер» деп біреуге айту қандай күлкі болса, сөз болып ұйытпаған дыбыстардың қалай болуын сәріф, нахумен ажбат етілуін сұрау сонша күлкі емес пе?! Жаман, жақсы болса да қазақша майданда бірнеше кітап жазғандар бар, оларға мойын бұрмау орынды болмас. Бастап сол майдандағы кітаптарды көзден өткізіп, кімдікі болса да көрсету керек. Оларды елемей, сөз сөйлеуші адамның сөзі ол кітаптар жағындағы адамдар қасында еленбес. Міне, соның үшін бірге қимылдалық, бірге қозғалалық!