Бірігіп жазылып, қазір баспасөзде жиі кездесетін сөздердің көбі ресми ережелерімізге негізделмеген, орфографиялық тәжірибеге негізделген. Қағидада не дейді? Тек бірігіп жазылып әдетке айналған сөздер ғана сол қалпында жазылады десе, күнделікті өмірде сол бірігіп жазылып, үйреншікті болағнадардың ізімен мыңдаған жаңа сөздер бірікітіріп жазылады. Түрлі сөздердің тіпті орфографиялық сөздіктердің тізімдеріндегі бірігіп жазылған сөздердің (бірен-саран» емес, тек бұрыннан қалыптасқандары ғана емес, жаңадан қалыптасқандары сан алуан. Бұл – біріктіріп жаңа сөз жасау тенденциясының күшті екенін көрсетеді.
Үшіншіден, біріктіріп не бөлек жазылуға тиісті сөздерді айырудың қиындығы, ресми орфографиялық ережелердің кейде бірізді, дәл болмауынан орфографиялық сөздіктерде ала-құла, қарама-қарсылық күшті болды: бір сөздікте бірге жазылған сөздер екінші сөздікте бөліп жазылған. Мысалы: үлкен «Орфографиялық сөздік» пен (1963 ж.) мектеп оқушыларына арналған сөздіктің арасын да көп айырмашылық бар: бірінде қарабет, қарасөз, қараторғай, екіншісінде қара бет, қара сөз, қара торғай... Ал мектеп оқушыларына арналған «Орфографиялық сөздікте» (редакторы – Ғ. Мұсабаев) тіпті ешкімнің қол сұғуға правосы жоқ, 1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі бекіткен ережелер жинағына өздерінше өзгерістер енгізген. Мысалы, ережелер жинағында қайсыбір, бірталай, бірсыпыра, біржолата, бірқыдыру, аққұтан, көкқұтан, тасбақа, есекмия т.б. сөздерді осылай біріктіріп жазу керек деп көрсетсе, мектеп сөздігінде ол сөздерді бөліп жазу керек деп үйретеді (Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. 1960. 53, 77, 98, 107, 200, 216- беттерін қараңыз).
Бәрінен жаманы – жұртқа жол сілтейтін тіл мамандарының арасында ала-құлалық күшті. Кейбір жолдастар сөздерді біріктірмей бөлек жаз деген ереже ұсынғанмен, тілдің өмірлік ыстық-суығын басынан кешіретін журналистер, аудармашылар, жазушылар бір лексикалық мәні бар екі сөзді біріктіріп жазуды мақұл көреді, өздері солай жазады да. Олар сөздер түйдегін біріктіріп, не бөліп жазу арқылы олардың мағыналық айырмашылықтарын айқындамақ болады, немесе сөздер тобына жаңа терминдік мән беріп, олардың біртұтастығын сақтау үшін біріктіріп жазады. Осы бағыт – үстем бағыт болып отыр. Сөз бен сөзді қосып жаңа сөз жасау процесі үздіксіз дамып жатуынан пайда болған өзгерістер орфографиялық ережелерге ілеспей, олардан ауытқып, асып түсіп жатады. Қиындықтың бір себебі осыдан да болып отыр.
Ол қиындықты жеңу үшін озат бағыт, сыналған тәжірибенің дұрыс жақтарын қабылдап, 1985 жылғы ережелері соларға сүйеніп қайта құрастылды.
Біздіңше, біріктіріп жазудың принциптері екі түрлі: кіріккен сөздер үшін – фонетика-синтагмалық, біріккен сөздер үшін – лексика-семантикалық. Осылардың негізінде бөлек, не дефис арқылы жазылатын сөздердің де жазылу тағдыры дұрыс шешіледі.
Орфографияда, әсіресе біріккен сөздердің жазылуында, басшылыққа алатын тағы бір шешім – жүйелі біркелкілік принципі болу керек. Ол сақталмаған жазуда тиянақ та, тәртіптелген сауатшылық та болмайды. Солар біріккен сөздердің жазылуында анық байқалады. Біркелкілік жүйелі түрде тиянақты шешімін тауып орныққан ұясының бірі – біріккен жалқы есімдердің жазылуы. Олар жайында ережелеріміз не дейді? – Кісі аттары, географиялық атаулар және басқа екі (кейде үш) сөзден құралған жалқы есімдер біріктіріліп біртұтас болып жазылады дейді. Солардың бірге жазылуында дау жоқ, бәрі бірдей, біркелкі, жүйелі, міндетті түрде бірітіріліп жазылады. Ол орнықты.
Ал біріккен жалпы есімдер жазылуында ондай біркелкілік жоқ. Сондықтан қате-кемшідіктен жұрттың көзі ашылмай қойды. Жоғарыда аталғаг сөздіктерде біріктіріп жазудың жалпы принципі айтылмайды да, тек «морфологиялық принцип... біріккен сөздердің жазылуында да сақталады» (басқаша айтқанда олардың құрамындағы сөздердің түбірлероі сақталып жазылады) деген пікір айтылады. Сонымен қатар қандай сөздерді біріккен деп танып біріктіріп жазу керектігі де сөз болады (1963 ж. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің 7,8 беттерін, мектеп оқушыларына арналған сөздіктің 7,8- беттерін қараңыз). Соларда кіріккен, дәстүрге айналған біріккендерден басқа «Екі сөз бірге айтылғанда, жеке тұрғандағы мағыналарынан алыстап, екеуі қосылып басқа бір мағына беретін болса, бірге жазылады» , немесе « олардың бір сыңарының мағынасынан айырылып, түсініксіз болып кеткендері» бірігіп жазылады делінген (соңғы сөздіктің 7- беті). Бұлардың бәрі – баяғы жазылуы дәстүрге айналған сөздер қатарына жатады. Содан өзгешелеу, шалағай болса да дұрыс бағытталған бір ережеде былай делінген: «Екі сөзден құралған өсімдік, жан-жануар атаулары, түрлі аң-жануар атаулары, түрлі ауру-індеттердің атаулары қосылып, бірге жазылады. Мысалы: аққу, ақиық, бірқазан, тауқұдірет, ақкіс, көксере (балық), қылтамақ» (7-бет). Үлкен сөздікте ән-күй аттарының біразының бірігіп жазылатыны да айтылады (7-б.). бұлар, әрине біріктіріліп жазылатын зат есімдер тобына жататын сөздер сол аталғандар ғана емес, санай берсе, олардың бастылары мыналар болып шығады.
1. Кісі, жер-су аттары және басқа жалқы есімдер.
2. Әр алуан ғылыми, саяси-әлеуметтік терминдер.
3. Белгілі ғылым саласында термин және жай тілдік өмірде жалпы ұғым ретінде жұмсалатын сөздер. Өсімдік, құс, аң (жан-жануар) құрт-құмырсқа, ауру-сырқау, дәрі-дәрмек, әдет-ғұрып, ән-күй, өнер, ойын-сауық, аспан әлемі, дене мүшелерінің аттары т.т..;
4. Киім-кешек, ыдыс-аяқ, төсек-орын; ер-тоқым,; құрал-сайман\, мал-мүлік аттары (Мысалы: желқом, жерағаш, аяқкиім, адалбақан);
5. Сана-сезім; іс-әрекет; тәлім-тәрбие; өнер- білім; мінез-құлық; қарым-қатынас т.б. атаулары;
6. Ру, тайпа, халық, ұлт, туыс, семья атаулары;
7. Сын-сапа, (мыс: жексұрын, желбас, арамтамақ, қалжыңбас) атаулары.
Қысқасы, қазақ тілі лексикалық қорынан халық өмірінің барлық түріне тән сөздер құрамында біріккен сөздер елеулі орын алады.\
Соларды басқа сөздерден айырып тани білу- оларды дұрыс жазудың негізі. Сөз атаулыға тән қасиет, әрине, біріккен сөздерге де тән, солай болатындықтан – біріккеннің де сөздік қасиеттері болыпр есептеледі. Ал басқа сөздерден ерекше қандай, белгілері бар екенін біз жоғарыда айттық. Орфографиялық сөздіктерде біріккендердің екі сыңарының « білдіретін мағынасына ұқсамайтын басқа бір заттың, ұғымның атауышы болып келсе, бір сөз ретінде біріктіріліп жазылады»[2,7], - дейді. Бұл айнакөз, Ақбозат, бақабас, есекжем, итмұрын сияқты бұрынғы лекситкалық мағыналарынан айырылған сөздерді қамтитын ереже болу керек. Бұлар – біріккен сөздердің кішкене бір тобы. Ал көпшілігі – өнеркәсіп, баспрасөз, өмірбаян, орынбасар, шетел, шекара, топырақтану сияқты құрамындағы сөздердің мағыналары сақталған сөздер. Сөйте тұра ондай екі ұғымның түсінуінен жаңа лексика-грамматикалық мағына пайда болған. Сондықтан олар біріктіріліп жазылады. Неліктен ?
Қос сөздер де күрделі сөздердің бір тобы. Екі сөздің арасына дефис қоямыз. Сол әбден нормаға айналған. Неліктен? Дефис арқылы сөздердің екі сыңарларын ұластырып, жеке екі сөзден тұтасқан бір сөз жасалғанын, оның қос екенін білдіреміз.
Сондай-ақ екі сөздің қосылуынан жасалған жаңа сөздің жаңа мәні, мағынасы бар екенін солай жасалған сөз байлықтарын шашыратпай сол тұтас қалпында сақтап, керегімізге жарату үшін оларды біріктіріп жазамыз. Бұның негізгі принципі – лексика-грамматикалық.
Сөздер біріккенде, олардың құрамындағы сөздердің түйісуінен қазақ тіліне тән фонетикалық өзгерістердің болып жатуы да заңды. Олар біріккен сөздерді айтуда жиі кездеседі. Жазуда сол өзгерістер сақтала ма, жоқ па? деген сұрақ баячғыда талас тудыратын. Жазу принциптеріміз онша айқындалмаған, фонетикалық принципті көбірек дәріптейтін кездерде (1930 ж.) біріккен сөздер арасындағы дыбыс өзгерістерін сақтап жазу әбден етек алған болатын. Бірақ онда да ала-құлалық күшті болды. Соны ескеріп 1930 жылдары-ақ екі сөздің түбір тұлғаларын сақтап жазуы ұтымды принцип деп танылған болатын...
Жоғарыда айтылғандар негізінде, біріккен жалпы есімдерге тән болжамдар. Бұдан шығатын қорытындының бірі — ресми түрде қабылданған орфографиялық ережелердің ішіндегі біріккен сөздерге қатыстыларын қайта қарау керек дегенңің орнына: Жаңа лексика-грамматикалық мағына білдіретін тұтасқан күрделі сөздер біріктіріліп жазылады. Кіріккен сөздерден басқа біріккен жалпы есімдердің бастапқы түбір түлғалары сақталып жазылады деген дұрыс.
Осы айтылған ереженің екінші бөлегін (біріккендердің бастапқы түбір тұлғаларын сақтап жазуды) жалпы есімдерге де тән етуге болмайды. Болмайтын себебі — жалқы есімдердің, әсіресе кісі аттарының жұмсалу даралығында. Егер жалпы есімдердің нормаланған әдеби нұсқаларының жалпы халықтық (айтылуы, мағыналары, жазылуы жағынан) қасиеттері болса, кісі аттары жеке меншік субъективті болатындықтан, олардың айтылу, жазылуында да жеке-даралық күшті болады. Кісі атының құбылмалы болуы жалпыхалықтық атау болмай, жеке семьяда, жеке кісілердің өмірбаяны ауқымында қалыптасып, адамның қоғамдағы орны, лақабы документке, басқа да хат-қағазға түсуі мен т. б. жағдайлармен байланысты. Сондықтан бір аттың Сәтбаев –Сәтпаев, Қажыбай–Әжібай, Шекер–Секер, Пәтима –Батима –Фатима, Оспан – Құспан – Ғұсман, Мақамбет– Мұқамбет – Мәмбет – Мамыт... сияқты болып түрліше жазылуы – кісі аттарына тән кешірімді ауытқулар. Кейбір кісі аттарының ол бастағы нүсқалары түгел сақталмай, түрлі себептермен қысқартылып айтылады; мысалы: Сәкен, Жәкен, Қараш, Кәмал, Құрмаш, Жұмаш, Сәмет, Күлпан, Айтазин, Чурин, Мусин.
Кісі аттарының бірқатары екі сөзден құралғанда, ішінара дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бұрынғы түбірлері сақталмай, сол өзгерген күйінде жазу дәстүрге айналған. Мысалы: Құрманғазы, Бегәлі, Тоғжан, Нұрғожа, Бейімбет – Бегімбет, Қарагөз, Сатыбалды, Өмірзақ, Жанұзақов, Молдахметов.
Осылардай, негізгі ережеден ауытқып, бастапқы түбір тұлғалары өзгертіліп жазылып жүрген кісі аттары «бірен-саран» емес, өте жиі кездеседі. Соны байқау үшін «Социалистік Қазақстан» газетінде басылған бірқатар мақала авторларының аты-жөніне көз жіберейікші: И. Жарылғаев, Қ. Тойшабаев (1979, 17 декабрь),C. Бәсібеков, С. Байменшин, Т. Дәулетияров, Қ. Ғабдешев (1979, 15 май).
Кісі аттарының түбір тұлғасын сақтап жазайық деген негізгі қағидаға бағынбайтын атгар да, ат иелері де көп. Мысалы, Сәдуақастан – Сәду, Сәкен болып, Жәлеллитдиннен – Жәлел, Жәкен, Үмітбайдан – Үміт, Үміткен, Үмкен, Абрамнан– Ыбырай, Ибрагим, Ибрайым сияқты болып құбылып өзгеріліп жатса, не солардың әрқайсысы әр түрлі адамның аты болса, оның алдамшы «түбірі» әркімнің документтеріне жазылған аттары болады. Мен білетін Кәкен, Сәкен, Әбді, Ғани, Темір (Темірбек), Жұмаш (Жұмагүл), Қараш (Қарабай) сияқтылардың бала кезіндегі аттарының толық түрін бұл күнде іздеп тауып жазып жатпаймыз.
Осындай дәлелдерге қарағанда, кісі аттарының түбір түлғалары сақталып жазылады деген қағидамыз қағаз бетіндегі жалпы тілек сияқты да, баспасөзде олар басқаша өмір сүріп жатқаны байқалады.
Тіпті сол ережені негізгі принцип деп таныған күннің өзінде кісі аттарының бәрі болмағанмен, қазақ тілі сөздерінің түбірлер мен қосымшалар арасында еленетін дыбыс өзгерістерін біріккен сөздерден болған кісі аттарына да тән ету керек:
1. Алты-алтау, жеті-жетеу, тоқы-тоқу... сияқты сөздерде бір дауыстының түсіп қалуы қандай заңды болса, Өмірзақ, Дәметкен, Жанұзақ... сияқтыларда да сондай занды. Сонымен байланысты ережелер жинағына мынадай ереже енгізу керек:
Екі сөзден құралған кісі аттарының аралығындағы екі дауысты дыбыстың бірі (алғашқы) түсіріліп айтылуы бойынша жазылсын: Мысалы: Дәметкен, Жылқайдар, Молдахмет, Торайғыров, Жанұзақов (Бұл қағида Ережелер жинағында жоқ, 1963 жылғы «Орфографиялық сөздіктің» соңында берілген).
2. Сөз аяғында -к өзгеріп -г, -қ өзгеріп -г болатыны – түбір мен дауысты дыбыстардан басталатын қосымшаларды жымдастыратын фонетикалық заң; мысалы: түк – түгі, бек – бегім, жақ–жағы, оқ –оғы. Осы бір қатал да, үйреншікті заңдылық біріккен сөздер арасында да кездесіп жатса, неге олардан бойды аулақ саламыз? Біріккен кісі аттары да Бегәлі, Бегімбет, Жұмагелді, Төрегелді, Қазанғап, Құрманғазы, Қарагөз, Телғожа, Мұсағожа т. б. түрінде жазылып жүрген жоқ па? Егер осылай жазылуын сақтауға мәжбүр болатын болсак, мынадай да ереже қабылдау керек болмас па екен?
Екі сөзден біріккен кісі аттарының аралығында қ, кдыбыстары дауыстылардың әсерімен өзгеріліп г, г болып айтылса, ондай кісі аттары сол өзгерілген қалпында айтылуы бойынша жазылады: мысалы: Жанғазы, Мұсағожа, Тоғжан, Қарагөз, Ботагөз, Амангелді, Төрегелді, Бегалин. Кісі аттарын осылай өзгерген қалпында жазу керектігі 1985 жылғы орфография ережелерін қайта қарауда дұрыс шешілген.
Қазақ тілінің дыбыс заңдарына негізделген осы екі ережеден тысқары екі сөз аралығындағы дыбыс өзгерістері онша елеулі болмағандықтан, олардың түбір тұлғаларын сақтап жазайық деу әбден орынды болады. Оны негізгі ереже етіп былай уағыздауға болады:
Екі сөзден құралған кісі аттары (жоғарыда аталғандардан басқалары) алғашқы түбір тұлғалары сақталып жазылады; мысалы: Қарабай, Досжан, Құрманғали, Ұлбосын, Мергенбай, Есенжан, Тұрманжан.
Кісі аттарының жазылуы сөз болған осы тұста ескерілуге тиісті мәселенің бірі — кісінің фамилиясын білдіретін қосымшалардың түбірге жалғану ерекшеліктері. Оны ережеге айналдырып тұжырымдап айтқанда, былай болмақ:
Кісінің фамилиясын білдіретін қосымшалар и, й, ш және дауысты дыбыстарға аяқталған түбір сөзге (кейде и, й түсіріліп - ев, ева түрінде, олардан басқа дыбыстарға аяқталған сөздерден кейін –ов, -ова түрінде жалғанады; мысалы: Ғалиев, Есенәлиева, Бегалиева, Тұрсынбаева, Қаратаев; Төреғожаева, Қарашаев, Төлешева, Есенжанов, Жұмабеков, Әуезов, Елеуов. -ов, -ев жалғанған фамилиялардан кейін жалғанатын басқа қосымшалар түбір сөздің соңғы буынын ( -ов, -ев -тердің емес) жуан болуына қарай – жуан, жіңішке болса – жіңішке қалпында жалғанады. Ал, -ова, -ева жалғанған фамилияларға қосымшалар соңғы а-ның әсерімен әр уақытта жуан күйінде жалғанады; а) Жұмабеков-тің, Жұманаза- ров-тың, Әуезов-ке, Әміржанов-қа; Бегалиев-тен, Бекбосынов-тан; Жақсыбаева-дан, Өмірәлиева-дан.
Пайдаланылған әдебиет
1. Орфография тюрских литературных языков СССР. М., 1973. С. 126
Балақаев М. Б.
«Қазақ әдеби тілі»- Алматы, 2007.- 251- 265 б.