Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.
Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және "Қазақ" радиоларында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.

