Елдің мәдениетін өркендету үшін қолдан келетұн шаралардың ең маңыздысы басба сөз. Басба сөз ісі берекелі болу үшін, басба сөздің елге, жалпы бұқараға пайдасы тиетін болу үшін, оны бұқара түсініп оқи алатұн болуы шарт, - ол болмаса, жазылып шыққан кітеб, газет, жұрналдардың сөзіне ел түсінбейтұн болса: Басба сөзден түк пайда болмайды.
Қазақша кітеб, жорнал, газеттерді қазақ түсініп оқи алатұн болуы үшін: оның тілі қазақша болуы керек, - әуелі, сөздері қазақша болуы керек,екінші, қазақша сөздер тізіліп жазылуы крек.
Бұл екі шартқа келмей жазылған сөздерді қазақ түсіне алмайды; Сондықтан ондай сөз елдің мәдениетін өркендету түгіл ермегіне де жарамайды, Басба сөзіміз күшейіп, кітеб, жұрнал, газеттеріміздің саны көбейгенмен тілі түсінікті болмаса, - оның пайдасынан зияны артық болмақшы: Жүре бара қазақша кітеб тілі мен жалпы бұқараның тілі басқаланып, бірінің сөзіне бірі түсіне алмайтұн болып шықбақшы, -олай болатұн болса, басба сөзден, кәзір түгіл түбінде де пайда болуы мүмкін болмайды; Ол болмай бұқара басба сөздің былық тілін үйреніп алыб, жалпы бұқараның тілі кітеб тілінше былығы беретұн болса, - қазақтың тілі бұзылмақшы. Бұның қайсысы болғанда да жақсы болмайды.
Олай болмау үшін, - Кітеб тілі бұқараның тілінен басқаланып да кетбей, елдің тілі де бұзылмай, - басба сөз қызметін тійісінше атқарып, елге пайдалы болу үшін: Қазақша басылып шығатұн кітеб, газет, жорналдардың тілі қазақша болуын осы бастан аолдын ала ескеріп, қам қылу керек.
Сөздердің өзі де – тізілуі де қазақша болу шараларын істеу керек.
Сөзді қазақша тізу қолдан келмейтұн жұмыс емес: Ол үшін жазушы жат тілдің сөз тізіміне әуес болуды қойып, қазақша сөйлем жүйесінің тиісті ережесін жаттап алса, -қазақша сөйлемнің анықтауышы анықталатұн сөздің алдына, толықтауыш, пысықтауыштар өздерінің алдына келіп арасына басқа сөз салмай жалғаса тізіледі –деген жалғыз ережені жаттап алса болады.
Мәселенің қиыны. Сөздің түсінікті болуында, басба сөз үшін әсіресе пен кітебтері үшін пән сөздері керек. Ондай сөздер қазақтың өз тілінде бұрын болмаған; Оны жаңадан ойлап шығару керек. Басылып шыққан газет, жорналдарды қазақ оқи алатұн болуы үшін, -оның пән сөздері де қазаққа түсінікті болуы керек.
Бұрын естілмеген жаңа сөз елге бірден түсінікті бола қоймайды. Бірақ пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы азда болса тиісті ұғымды сездірерлік болса: оны түсіну қиын болмайды. Сондықтан пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек.
Пән сөзді қазақ тілінен алғанда түрлі түбірге (иа тұқылға) түрлі жұрнақтар жалғап алуға болады. Қазақ тіліндегі жұрнақтарды мағана жағынан тексеріп екі бөлуге болады: «лық», «шы», «шыл», «лы», «сыз», «уыш»-тар сықылды тұрлаулы жұрнақтар болады, -бұлар түбірге жалғанғанда әрқайсысы айрықша бір тұрлаулы мағынада айтылған сөз болып шығады; «қ», «н», «ақ» сықылды тұрлаусыз жұрнақтар бар,- бұлардың еш бірінде де тұрлаулы мағана жоқ: Мәселен: «қ» жұрнағын «тара» деген түбірге жалғасақ, «тарақ» болады, «тарақ» тарайтұн асбабтың аты, -мұндағы «қ»-«уыш»-тың орнында; сол жұрнақты «төсе» дейтұн түбірге жалғасақ «төсек» болады, -«төсек», -төсейтұн асбаб емес, төселетұн нәрсе, «н»-ді «сау» деген түбірге жалғасақ, «жұуын» болады; «сауын» - сауылатұн мал, -«жұуын» жұуылатұн бір-деме болуға керек деі, олай емес жұуғаннан қалған сұу; «кесек» пен («кес»+ «ек») «қонақ» («қон»+»ақ»)- тада сондай басқалық бар.
Қазақша жұрнақтар дыбыс жүйесі жағынан тағы екі түрлі болып бөлінеді: Түбірмен үндесіп жалғанатұн жұрнақтар бар; («лық», «лік», «ақ», «ек», «шы», «ші» сықылды жұрнақтар) үндестік заңына келмейтұн жұрнақтар бар («кер», «қор», «дікі»).
Қазақ тілінің жұрнақтары жете тексерілген емес. Тұрлаусыз жұрнақтардың да түбір сөздің мағанасына дыбыстарына қарай; Айрықша бір мәнісі болуы мүмкін, сондықтан түбірге тұрлаусыз мүше жалғағанда аса сақ болу керек. Қазақша түбір сөзге жұрнақ жалғап жаңа сөз шығарғанда – қолдан келгенше тұрлаулы жұрнақпен шығару керек; тұрлаусыз жұрнақтарды жалғап жаңа сөз шығару үшін; әуелі ондай жұрнақтарды тексеріп сырын біліп алу керек. Үндестік заңына бағынбайтұн жұрнақтардың көбі қазақ тіліне сіңіп кеткен жат жұрнақтар; олармен мәндес түбірмен үндесіп жалғанатұн қазақтың өз жұрнақтары бар. Жаңа сөзді, түбірге жат жұрнақ жалғап шығарғаннан өз жұрнағымызбен шығарған артық.
Пән сөзі өз тілімізден таба алмаған күнде, иаурыпа қолданған латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, -оны тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек. Өйткені, жат сөздің асыл түрін бұзбай алсақ: Ондай сөзге қазақтың тілі келмейтүн болады; Жаңа қазақ тілінің заңына келмеген сөзді, оған қазақша жұрнақ, жалғаулар жалғап өзгертуге де болмайды. Ондай сөз қазақ тіліне қазақтың өз сөзіндей болып сіңісе де алмайды,- бір түрлі ерсі сөз болып қалады. Жат сөз қазақ тіліне сіңіп түбкілікті қазақ сөзі болып шығу үшін, -мағанасы түсінікті болмаса да, айтуға жеңіл, құлаққа ерсі болмауы керек. Бұл шартқа келмеген сөз қазақ сөзі бола алмайды, тек кітеб тілі ел тілінен басқаланып шығады, -кітебтің елге пайдасы болмайды. Жаңа: Тілдің заңына келмейтұн жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, -тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады.
Олай болғанда да жақсы болмайды.
Жат сөз қазақтың өз сөзіне ұсап қазақ тіліне сіңіп кететұн болуы үшін, -оны қазақ тілінің мынадай заңдарына келтіріп алу керек.
1. Қазақ тілінде үндестік заңы бар. Қазақ тілінде үндестік заңына келмейтұн сөздер де жоқ емес; Соны айтып үндестік заңына қарсы болып жүреген азаматтарымыз да бар. Үндестік заңына келмейтұн сөздердің бәрі де қазақтың өз сөзі емес, қазақ тіліне кіріп кеткен жат сөздер. Үндестік заңына келмейтұн қазақша сөз түрі жалғыз ақ «нікі» («дікі», «тікі») мен жалғанып айтылатұн түр.
Қазақ тілінде үндестік заңы бар екеніне осы «нікі» ден басқа қарсы дәлел жоқ. Дұрысында ешбір тілде де тастай қатқан тұрлаулы заң болмайды: Бір заңның күшімен екінші заңға бағынбай кететұн сөз түрлері болмай қалмайды. Ондай заңға келмейтұн бірен-саран сөз түрлерінен ол заңды жоққа шығару, - я ол заң жоғалуға бет алған деп жору – қата.
Қазақ тілінде үндестік заңы бар екені рас болса: Қазақ тіліне кіргізген жат сөздердің бәрін де сол заңға келтіріп алу керек,- сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрін де біріңғай жіңішкертіп, я бәрін де жуандатып алу керек.
2. Қазақ тілінде жұмсақ «ә» сөздің бас буынынан басқа буындарында болмайды, әсіресе сөздің соңғы буындарында жұмсақ «ә» болмайды.
Бұл: Үндестік заңының салдарымен болған, қазақ тілінің айрықша бір қасиеті. Қазақ тілінде «Мәріиә», «Кәміилә» сықылды, соңғы буындарында жұмсақ «ә» сөздер де жоқ емес; Бірақ ол сөздер арабша оқыған молдалардың зорлап кіргізген сөздері, мұндай сөздің ерсі жері – бұларға жалғау қосып өзгерткенде, - бұлар қазақ тілінің сөз жүйесінше өзгере алмайды «Кәміилә»-ның өзі жұмсақ болғанмен, мәселен барыс жалғауы, қазақша сөз жүйесінше «Кәміилаға» болады. Қазақ тілінің мұндай сөздің бас буыннан басқа жеріне жұмсақ «ә»-ні сыйдырмайтұн қасиеті болған соң: Бас буыннан басқа буындарында жұмсақ «ә»-сі бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, «ә»-ні өзгертіп я «е», я жуан «а» қылып алу керек («адабыиат» - «әдебиет»).
3. Қазақша сөздерде «о», «ұ» дыбыстары бас буындарда ғана болады. Басқа буындарында «о», «ұ» дыбысы бар, «бейнетқор», «қамқор» сықылды сөздер – оның аяғында «қор» деген жат жұрнақ болғаннан ғана болып тұр. Тіліміздің ымырасынша «о», «ұ» дыбыстары бас буыннан басқа жерде тұра алмайтұн болған соң: Бас буыннан басқа буындарында «о», «ұ»-сы бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде «о», «ұ»-ларды басқа бір дауысты дыбысқа айналдырып алу керек. (Покров-боқырау).
4. Қазақша сөздің аяғы «ғ», «г», «д» болып тынбайды, - «қ», «к», «т» болады. Ондай сөздерге дауысты дыбыспен басталатын жұрнақ жалғаулар (жіктеулер) қосылып «қ», «к» лер («т» емес) екі дауысты дыбыстың арасына түссе олардың алдындағы дыбыстары да дауысты болса, -«ғ», «г», «д»-ларын «қ», «к», «т» қылып алу керек; Бұл дыбыстардың алдындағы дыбыстары дауысты дыбыс болғанда, артынан жаңа дауысты дыбыс жалғанса: «қ», «к»-лер «ғ», «г» болып өзгеретұн болып, «т» - өзгермей сол күйінде қалатұн болуы керек; ондай сөздің аяғындағы «қ», «к»-лердің алдындағы дыбыс дауысты болмаса, -ол сөздерге дауысты дыбыспен басталатұн жалғау, жұрнақтар жалғанғанда да «қ», «к»-лер өзгермейтұн болуы керек. Я болмаса сөз аяғындағы «ғ», «г», «д»-ларды мүлде жоғалтып жіберу керек. (Оренбург – «Орынбор»)
5. Қазақ тілінің үздіксіздік заңы бар. Қазақша сөздің ішіндегі дауысты дыбыс алдындағы дауыссыз дыбыстан айрылып (онан кейінгі буынға) шыға алмайды («қарағай», «қар-ағай» болып үзіліп буындала алмайды), - «мәселе» сықылды үзіліп буындалатұн сөздер қазақ тілінде болмайды. Жана: Бір сөздің ішінде арасына дауыссыз я жарты дауысты дыбыс салмай, екі дауысты дыбыс қатарынан келмейді. Үздіксіздік заңына келмейтұн жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, өзгертіп үздіксіз қылып алу керек. (мәсле-«мәселе», «мұмін» - момын).
6. Қазақша сөздің екбіні соңғы буынында болады.
Сондықтан екбіні соңғы буынынан басқа буындарында болған жат сөздерді қазақшаландыруында тілін соңғы буынға келтіріп алу керек. (Самара – (Самар», Пуховыий – «Бокебай»)
7. Қазақша сөзде бір дыбыс қосарланып келмейді. Сондықтан дыбыс қосарланған жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде қатарынан екі қама айтылатұн дыбыстың біреуін я мүлде жоғалтып жіберу керек те, я болмаса орнына басқа бір дыбыс кіргізіп алу керек. («Макка» - «Меке», «Алла», «Алда»)
8. Қазақ тілінде өзінде жоқ дыбыстардан тізілген сөздер болмаса керек.
Тілінде жат дыбыстары бар жат сөздерді пән сөз қылып алғанда, оның жат дыбыстарын шығарып тастап орнына қазақша дыбыс кіргізіп алу керек. Жат дыбыстардың әрқайсысына алдын ала қазақ дыбысын арнап көрсетуге болмайды; Іретіне қарай мәселен ерсмі «у», «п», «б» болып өзгеруі мүмкін; «х» дыбысы қазақша кейде «к», кейде «қ» болып өзгеріп, кейде мүлде жоғалып кетуі мүмкен.
9. Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде алынып, қазақ тілінің заңдарынша өзгеретұн болуға тиіс.
Жат сөзді жат жұрнағымен алуға болмайды; жұрнағымен кірген сөз болса, - оның сол жұрнақты түрін түбірге балаб алу керек.
Пән сөзі тақырыбты негізгі жолымыз: Оның қазаққа,-жалпы бұқараға түсінікті болуы, қала берді: Тіліне жеңіл болып, құлағына ерсі болмауы. Пән сөзін әуелі, прансұздан іздейміз, -деген сықылды, жер жүзіндегі тілдердің бәрін бағалаб, алдын ала реттеп қойуы мүмкін емес.Қазақ тілінің заңынша өзгертіп, жалғау, жұрнақтар жалғауға келетұн тілге жеңіл, құлаққа жайлы қытай сөзін салыстырып таңдайтұн болсақ,-меніңше: Қазақ тілінің заңына келетұн қытай сөзін алу керек.
Қазақ тіліне жаңа сөздер кіргізгенде, ең әуелі ол жаңа сөздің қазаққа жат болмау, бұқараның тіліне ауыр болмау, құлағына сөз: Түрік сөзі болса да, қытай сөзі болса да,-қазақша сөз болуға жарамайды.
Біздің бұл білімпаздар сиезі сықылды сиездің тексерген мәселелері жалпы, негізгі түрде ғана тексерілуге тиіс. Сондықтан байандама да жалпы түрде жасалды. Қай жұрттың тілі бірінші орында, қайсынікі екінші орында болуға тиіс екендігі айтылған жоқ.
Сөйтсе де, сиезде: қазақ тілінен табылмаған сөзді әуелі басқа түріктерден іздеу керек деген жоба көп айтылды. Бұл жоба тақырыбты менің айтатұным: Басқа түріктерден, - олардың жазылған кітебтерін түсіне алмастай болып, - алыстап кету жарамайды; сондықтан басқа түріктерде бар сөзді шеттен іздемеу керек деген жоба қыйсынды; бірақ түрік қалықтарының бәрінің пән сөзі бір емес: Өзбек, бұқаралық сықылды елдердің тіліндегі сөздердің көбі парсы сөзі, азырбайжан, оспан түріктерінің пән сөздері көбіне арабтан алынған, ноғай тілінде араб, парсы, орыс сөздері – бәрі де бар, сондықтан басқа түріктердің сөзі дегенді: Түрік қалықтарының бәріне ортақ жалпы түрік сөзі болмас, - түрік қалықтарының кез келген біреуінде бар сөзді жақын көрудің қыйсыны болмайды. Қазақта жоқ сөзді басқа түріктерден іздеу керек – деген жобаны: түрік қалықтарының бәріне ортақ сөздерден іздеу керек – деп түсіну керек.
Барлық қалықтарға ортақ сөздерді жатырқамау керек – деген дұрыс, бірақ жат сөздерді жалпыға бірдей деп, жат түрінде алуға болмайды, - қазақ тілінің заңдарына келтіріп, қазақтың өз сөзіне ұсатып алу керек.