Қазақ тілінің орфографиялық электрондық базасы

Аббревиатура

С

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі

СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы

СО – сауда орталығы

СДУ – Сүлеймен Демирел атындағы университет

СМУ – Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СҚУ – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Санэпидсараптама – Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы

СЭС – санитарлық эпидемиологиялық станса

СЭС – су электр стансасы

СА – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

СӘБ – Сапаны әкімшілік басқару

СМЖ – сатылас маркетингілік жүйе

Сыртэкономбанк – Сыртқы экономикалық банк

ССТК – Сыртқы сауда төрелік комиссиясы

СЭБ – сыртқы экономикалық банк

СЭҚ – Сырткы экономикалық қызмет

СВК – сараланған валюталық коэффиценттер

СМ – Сәйкестік туралы мағлұмдама

СРБЕ – Стандарттарды ресімдеудің бірыңғай ережелері

СБЖ – Стандарттаудың бірыңғай жүйесі

СС БТН – сыртқы сауданың бірыңғай тауар номенклатурасы

СӨС – салауатты өмір салты

СКА – санитарлық күзет аймағы

САД – Стандарттардың ақпараттық деректері

САМИ – министрліктің салықтар мен алымдар жөніндегі инспекциясы

СТСН – салық төлеушінің сәйкестендірме нөмірі

СБ – сәйкестендіру белгісі

СБК – стандарттардың бақылау көшірмесі

СІМ – Сыртқы істер министрлігі

САБ – сала аралық баланс

СТХК – Сауда төрелігі жөніндегі халықаралық кеңес

СТМ – Спорт және туризм министрлігі

СЕӨ – Стандарттық емес өнім

СШФ – салық шот-фактурасы

СӨСҚҰО – салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы

СКБ – су кадастрының бөлімі

СЖТН – стандарттаудың жалпы техникалық нысандары

САҚТ – сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі

Сын. – сынама

СКМҰ – стандарт күшінің мерзімін ұзарту

САҰ – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым

СР – стандартты режим

САО – Солтүстік Атлантикалық одақ

СТҮ – санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар

СБҚ – сыртқы барлау қызметі

СИБ – Солтүстік инвестициялық банк

СӨ – стандартталған өнім

СӨЖ – студенттің өздік жұмысы

СЖ – стаңдарттау жүйесі

СӨҚ – стандартталған өлшем құралы

САСЖ – стратегиялық ақпаратты сканерлеу жүйесі

СКГ – сұйытылған көмірсутегі газы

СІС – санитарлық-індеттік станса

СХҰТК – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның техникалық комитеті

СӨП – сауда-өнеркәсіп палатасы

СӘ – сауда әріптестігі

ССКС – сыртқы сауданың кедендік статистикасы

СӘТК – сырттан әкелінетін тауарлардың есеп карточкасы

СӨСҚ – салауатты өмір салтын қалыптастыру

СТШҚ – Стандарттар мен техникалық шарттар қоры

СИТ – сандық интегралдық түрлендіргіш

СЭТ – Стандарттардың экономикалық тиімділігі