Артқа

Сызықша

 

§ 1Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады.

§ 2. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.

§ 3Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады.

§ 4. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады.

§ 5. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады.

§ 6. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады.

§ 7. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады:

Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен. (С.Мұқанов).

§ 8Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады.

§ 9Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады.

§ 10Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып, жолдың жартысына келіп қалды.

Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш – болжалды сан есім).

 

 
 

Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, - 532 б. ISBN: 9965-06-023-1
ZERO.kz