Орфографиялық сөздік

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған

Б

ба (шыл.), қалам ба, қағаз ба

баба, баба буын

бабажапырақ (өс.), бабажапырағы

бабай

бабаласу, бабаласса

бабалату

бабалау

бабалы, жүзін бабалы көру

бабалық

бабар, бабар қылмау

бабасал, бабасал әйел

бабаулау

баббит, баббитке, баббиті, баббит зауыты

бабғай (саят.)

бабез (вет.), бабезге, бабезі

бабизм (діни), бабизмге, бабизмі

бабуин (зоол.), бабуинге

бабұссалам (діни)

бабшылдар (діни)

бабында

бабындағы

бабыр

бавар (этнон.), баварлар

багерлі (тех.), багерлі сорғыш

багги (спорт), баггиге, баггиі

багет, багетке, багеті

багетші

багор (кәс.)

багорлы

баға, баға ауқымы (экон.), баға бәсекесі (экон.), баға белгілеу (экон.), баға беру, баға босатылу (экон.), баға деңгейі (экон.), баға жетпес, баға жетпеу, баға жоқ, баға кесу, баға қою (пед.), баға құрылымы, бағаның ырықсыздандырылуы, бағаны ырықтандыру, бағасы асу, бағасы кету, бағасын арттыру, бағасын көтеру