"Сондықтанда", "сондықтан да" қайбірінің жазылуы дұрыс? Сөйлем басында, ортасында үтір қойыла ма?

Сондықтан да  болып бөлек жазылады. Себебі сондықтан сөзі де, да сөзі де - шылау. 

Сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қою үшін, оның синтаксистік ерекшелігімен қатар, сол сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына да назар аудару қажет. Өйткені бүтіндей бір сөйлемнің немесе ондағы кейбір жеке сөздердің мағынасы белгілі бір тыныс белгіні қоюды керек етеді. Ал сонымен бірге, сондай-ақ, сонымен қатар деген сөздерден кейін үтір қойылмайды.  Себебі үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөз тізбектері, қыстырма сөздер, сөйлемдегі одағайлар бөлінеді. Ал бұл сөздер қыстырма да, одағай да емес. Сондықтан бұл жерге үтірдің қажеті жоқ.