Мәтінге орфоэпиялық транскрипция жасаудың мәселелері

Қазақ тілі – әуезді тіл. Ал әуездің өзі сөздің немесе сөз тіркесінің, тұтас бір тілдік бірліктің айтылу әуеніне жақындығын ғалымдар ашып беріп отыр. Бұл, әсіресе, оның өлең-жырларының дұрыс айтылу нормасында анық байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті дәл осы әуезділіктің дұрыс қолданылуынан келіп шығады.

Тыңдаушыға әсер ететін жағдаят тек өлеңнің мазмұны ғана емес, оны оқып көпшілікке жеткізетін адамның тілдік дағдылары. Қазіргі кезде тәжірибеде байқалып отырғандай олар әр түрлі болып келеді. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер сезімге беріліп оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп кідіріс жасап оқиды, біреулер мәнерлеп оқиды, енді біреулер сөзбен сөздің арасына жік салмай сірестіріп оқиды. Тіл мәдениеті туралы алғаш хабар беретін мектеп қабырғасында нормалар туралы азды-кемді түсінік беріледі, жалпы мәнерлеп оқумен таныс болсақ та, оны әркімнің әр қилы дәрежеде меңгеру деңгейін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын. Тек анығы нормалар туралы, оның ішінде орфоэпиялық нормалар туралы әркімнің таным-түсінігі әрқалай. Қазіргі кезде кім болса да өлеңмен немесе мәтінмен жұмыс істегенде оны мәнерлеп оқып тұрмыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп, өлеңді нақышына келтіріп оқу дегеніміздің өзі не? Көпшілік мұның өзі белгілі бір заңдылық жүйесінен және соған бағынары даусыз екенін іштей сезеді.

Мәнерлеп оқудың алғышарттарына тыныс белгілердің тек қағазда көрініс табуы ғана емес, солардың сөз ағымында да өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама заңдардың сақталуы жатуы тиіс. Осы тұрғыда «Қазақ грамматикасы» «Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның интонациясына байланысты. Егер оның интонациясын өзгертіп, яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын жылжытса, оның стилистикалық реңі ғана емес, сөздердің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін» [1,105] деп ескертеді.

Интонацияның кейбір компоненттерін жазба тілде сызықша, үтір және нүктелермен және т.б. тыныс белгілерімен беру дәстүрі бар. Дегенмен, мәтінді нақышына келтіріп оқу үшін аталған шартты белгілердің сөз ағымындағы мәні жеткіліксіз болатынын бүгінгі күн талабы көрсетіп отыр. Ал арнайы орфоэпиялық жағынан транскрипциялаған мәтіндерде басқа да шартты белгілерді енгізу арқылы және сол белгілердің мән-мағынасын сөз ағымында сақтаудың нәтижесінде біршама дәрежеде интонациялық жағынан нормаланған мәтінге қол жеткізуге болады. Ол үшін орфоэпиялық нормалардың жүзеге асу қағидаларын толыққанды тілші дәрежесінде меңгеру қажет немесе қағидаларды қарапайым деңгейде түсіндіруге қажетті материалдар мен анықтағыштардың болғаны дұрыс.

Қазіргі кезде орта және орталау білім ордаларында өтетін мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылардың қандай қағидаға сүйенетіні белгісіздеу. Өйткені олардың қандай ұстанымдарды басшылыққа алатыны туралы нақты дерек жоқ. Көп жағдайда өлең мен мәтіннің мәнері емес, мазмұны мен ұйқасына, көркемдігі мен оқушының дауыс әдемілігіне байланысты басымдылықтар беріліп жатады. Сол себепті мәнерлеп оқу сайыстарында қандай ұстанымдар басшылыққа алынуы керек және шамамен алғанда орфоэпиялық жағынан өрнектелген мәтін қандай болуы қажет, олар үшін қандай шартты белгілердің қолданылуы дұрыс екенін көрсетуді жөн санаймыз.

Ең алдымен өлеңнің әрбір тармағы бунаққа бөлінетіні әркімге аян. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі бүкіл ырғақ бунақпен үндес келеді. Іс жүзінде байқалғандай көп жағдайда өлеңді мәнерлеп оқушылар бунаққа мүлдем көңіл бөлмей жатады. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақтың ара жігіне кідіріс жасасақ, өлең мүлдем түрленіп өзгеше шырайға енеді. Бір жағынан айтылатын ой шұбалаңқы болмай, түйдек-түйдек тіркестердің нәтижесінде айтылатын ойды тез аңғарылады. Бұл туралы мектеп қабырғасында мағлұмат берілгенмен, тәжірибеде қатаң сақтала бермейді және оны өлең оқуға құштар көпшіліктен талап та етілмейді деуге болады.  Сонда өлең мәнері жайлы пікірлердің бірізді болмағанына не себеп?

Белгілі әдебиеттанушы З.Ахметов бунақ мәселесіне былайша жауап іздейді: «Шығармада қолданылатын өлшемді, оның құрылыс кестесіне сәйкес туатын өлең ырғағын өлең сөздегі сан құбылып туатын дауыс толқынының негізгі арқауы ғана деп қарау керек. Белгілі өлшеммен жазылған өлеңінің өзіндік ырғағы, әуендік сипаты болғанмен, ол дауыстың, үннің мазмұн-мағына, сезім, әсер байлағына сай түрленіп, еркін өзгеріп отырады.

Қай елдің поэзиясында болсын өлең деп ырғақты туғызатын – өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын – өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектері». [2,125]. Мұндай буын саны тұрақты бунақтар мен бунақтардың сөз ағымында ара жігін айырудың басты белгісі кідіріс жасау. Мәтін терімінде соңғы кездері бунақтар мен ырғақтық топтардың ара жігін, жалпы кідірістерді /, //, /// – белгілері арқылы көрсету тәжірибесі байқалып отыр [3,67]. Мәселе орта білім беру мекемесіне арналған оқулықтардан бұлар көрініс таппай отырғандығында.

Кідірістің атқаратын қызметі өлең сөзде бунақтар ара жігін ажырату болса, мәтінде сөз түйдегі арасындағы, не сөйлем араларындағы толасты көрсетеді. Мәнерлеп оқуда не көркем әңгімелеуде кідіріс жасаудың өзіндік маңызы бар. Мәтінді оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркіліс жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол – әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Кідірістің мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Негізінен үшке бөлуге болады. Қысқа кідірістер ырғақтық топтардың ара жігін көрсетеді. Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде /- белгісімен беруге болады. Шартты түрде қысқа кідірістер деп аталып отырмыз, себебі бұл таңба тұрған сөйлем бөліктері кідіріссіз айтылғанмен олардың ара жігінде әуен өзгерісі байқалуы мүмкін.

Орташа кідірістер сөйлемдегі сөз дестелерін (тактілерді, фразаларды) бөліп тұрады. Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде //- белгісімен беруге болады. Сөйлемде бұлар қабыса байланысқан сөз тіркестерін, үйірлі мүшелерді, тіпті сөйлемнің күрделі мүшелерін басқа топтардан оқшаулап тұрады. Түптеп келгенде бұл таңба синтагмалар ара жігі мен синтагмааралық кідірістің таңбасы. Арасында осы таңба тұрған сөйлем бөліктері бір-бірінен дауыс кідірісі арқылы бөлініп, әрқайсысы жеке-жеке әуен өрнегімен айтылады. Өлең мәтінінде бұл белгі бунақтар ара жігін ашу үшін қолданысса, мәтінде ырғақтық топтарды арашалап тұрады. Өлеңде буын санымен байланысты болса, мәтінде синтагмаларға тәуелді болады.

Ұзақ кідіріс немесе толас, кейде логикалық кідіріс деп те аталады. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді. Сөйлем арқылы айтылған пікірге сымбаттылық әр кіргізеді. Басқаша айтқанда айтылған пікірді аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүкіл мәтіннің бір бөлімінен екінші бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді.  Мұны мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде ///- белгісімен беруге болады. Жазба тілде мұндай таңба тұрған орындар сөйлем мен сөйлемнің ара жігін көрсетсе, кейде мәтіннің мұндай бөліктерін азат жолдан бастайды. Кейбір жағдайларда ұзақ толас психологиялық кідіріске айналып кетеді. Ал ол өз кезігінде көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ретінде сөз мағынасын күшейді. Әрине бұл жерде көркем мәтінді мәнерлеп оқушыдан мәтінде айтылатын ойды жетік білуі де талап етіледі.

Енді жоғарыда айтылған шартты таңбалар арқылы берілген кідірістің мәнін нақты мысалдар арқылы өлеңнен жеке-жеке талдап байқап көруге болады. Алдымен өлең жолдарына көз салайық:

Алда мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып.

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. (Абай)

Берілген өлең жолдарын орфоэпиялық айтылу нормасы бойынша өрнектейтін болсақ төмендегідей болып шығады:

АлдаÇмықты4 // жаратқан3 // сегізÇбатыр4 (11)

Байағыдан4 // соғысып3 // әліÇжатыр4 (11)

КезекÇкезек4 // жығысып3 // жатыпÇтұрұп4 (11)

КімÇжығары4 // белгісіз3 // түбүнд¢Çақыр4 (11)

Байқап отырғанымыздай әрбір бунақ аз дегенде 3, ал көп болғанда 4 буыннан тұратынын көріп отырмыз. Оны түсінікті болу үшін әрбір бунақтың соңғы жағына жоғары регистрмен көрсетіп отырғанды жөн санаймыз. Әрбір тармақ 11 буынды қара өлең өлшеміне сәйкес келеді. Ал бір бунақ ішіне енген сөздердің тұтасып бірге айтылуын Ç– белгісі арқылы беруге болады. Жылысу құбылысы арқылы жүзеге асқан дауысты дыбыстардың түсіп қалуын  ¢ – белгісімен таңбаланған жөн деп табамыз.

Кей жағдайларда өлеңдегі айтылатын ойдың ерекшелігіне байланысты шартты белгілердің басқа түрлері де қолданылуы мүмкін. Оған төмендегі өлең мысал бола алады.

Жазылымы:  Арақ – ақыл, мастық – ой, жар – хақиқат,

Жан – нәпсі, шатақ – иман, дін – қиянат.

Маскүнем, әйелсүйгіш, дінсіз ғой деп,

Сырым білмей сыртымнан қылма ғайбат. (Шәкәрім)

Айтылымы: Арағ/ақыл4 //  мастығ/ой3 // жар/ғақыйқат4, (11)

Жан/нәпсі3 //  шатағ/ыйман4 // дің/ғыйанат4. (11)

Маскүнөм3 // әйелÇсүйгүш4 // дінсізÇғойÇдеп4, (11)

СырымÇбілмей4 // сыртымнан3 // қылмаÇғайбат4.(11)

  Өлең сөзінде қысқа кідіріс сызықшаның айтылымында қандай өзгеріс болатынын нұсқап тұр. Мұнда кідіріс анық байқалмайды, бірақ айтылым әуенінде аздаған өзгерістің болатыны байқалады.

  Өлеңдегі жолдарындағы кідірістер өлеңге ерекше ырғақ беріп, оларды тармақ деңгейінде қиыстырып тұрар болса, мәтін деңгейінде ой түйдектерін анық аңғару үшін, яғни мағына ажыратушылық қасиетке де ие. «Сонымен бірге пауза бірыңғай мүшелердің, құрмалас (күрделі) сөйлем құрамындағы компоненттердің (жай сөйлемдердің) ара жігін ажыратады. Мысалы, Үйдің алдында ағаш төсек, тас мүсін тұр деген сөйлемді кідіріс жасау арқылы түрліше айтып, түсінуге болады: 1)  Үйдің алдында ағаш // төсек // тас //  мүсін тұр; 2)  Үйдің алдында ағаш  төсек // тас  мүсін тұр. Бірінші сөйлемде пауза 4 бірыңғай мүшелердің ара жігін бөлсе, екінші сөйлемде екі бірыңғай мүше ажыратылған. Демек кідірісті сөйлем мазмұнына қарай дұрыс қою – маңызды» [3,62] деп қорытындылауға болады.

  Кідірістің мәнін сөйлем деңгейінде тексеріп көрейік.

Жазылымы:

Бір күні Қожанасыр досының үйіне келсе ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан:

- Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрапты.

- Ә, Қожа екенсің ғой! Мына ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім, - дейді досы.

- Қой, достым! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенмен ішіндегі асыл сөзі ескірмейді, - депті Қожа.

Айтылымы:

Бір9гүнү // Қожанасыр / досұнұңÇүйүнө9гелсе // ол // үйүн / тазалаб8жатырÇекен /// Қожа / одан ///

- Е /// достұм /// НеÇістеб8жатырсың? //  депÇсұрапты ///

- Ә /// Қож¢ÇекенсіңÇғой /// Мына / ескіргеңDгійім / қағаз / кітап // бәрінÇөртөйүнÇдеб8жатырÇедім // дейдіÇдосұ ///

- Қой /// достұм /// КійімÇескіргенмен // кітаб8ескірмейді /// КітаптыңÇсырты / ескіргенмен // ішіндег¢ÇасылÇсөзү / ескірмейді // депті9Ғожа ///

Синтагмаларда жүзеге асатын дыбыстық игерулерді таңбалау үшін келесі таңбаларды ұсынған дұрыс деп табамыз. Дыбыстар бірін- бірі айтылымы (акустикалық) және жасалымы (артикуляциялық) жағынан игереді, сирек жағдайда бұлар қоса қабат жүзеге асады. Орта білім беру оқулықтарын бұларды ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал түрінде оқытады.  Дыбыстардың бірін- бірі акустикалық жақтан игеруін таңбалау үшін 9 және белгілерін пайдалануға болады. Мұндағы бағыттаманың нұсқауына қарап қай дыбыстың қай дыбысқа әсер етіп тұрғанын аңғару қиын емес. Осы жүйені негізге ала отырып дыбыстардың бірін- бірі артикуляциялық жақтан игергенін көрсету үшін ; және :белгілерін пайдаланамыз. Игерудің осы екі түрі қоса жүзеге асса D белгісін қолдануға болады. Айтып отырған тәсілдерің тәжірибелік маңызы зор. Ықпалдардың түрлерін шартты белгілермен өрнектеу үлгілерін белгілі фонетист ғалым С.Мырзабеков ұсынған болатын [4.141]. Мұны компьютерлік мәтін терім жұмысына лайықтап ұсынып отырмыз.  Аталған шартты белгілер пайдаланылып өрнектелген мәтіндегі дыбыстық игерулерді сақтай отырып мәнерлеп оқу арқылы белгілі дәрежеде тіл мәдениетіне қол жеткізуге болады. 

  Интонацияның маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылатын құбылыстың бірі әуен. Егер кең көлемде алатын болсақ бір ырғақтық топ, синтагмалар өзінше әуенге еніп айтылады. «Қазақ тілінде әуен:

1)  Сөз ағымындағы синтагмаларды ажырату, яғни  сөз ағымын мағынасы жағынан қандай да бір ақпарат бөлігін жеткізетін топтарға жіктеу;

2)   Коммуникативтік (хабарлы, сұраулы, лепті) мақсатын ажырату;

3)  Сөйлемнің аяқталған- аяқталмағанын белгілеу;

4)  Синтагмалар арасындағы қатынас түрлерін (санамалау, қарсылықты және т.б.) анықтайды» [3.57] деп айтуымызға болады. Әуеннің бір қалыпты болуына, жоғарылауы немесе төмендеуіне байланысты оларды синтагмалардың жоғарғы жағынан  белгілері арқылы белгілеу тәжірибесі бар. Әр таңбаның сырты бейнесі әуеннің мәніне сәйкес келеді.

Біріншіден, ырғақтық топтарды жіктеу, яғни мағыналық топтарды жіктеу тек әуен арқылы жүзеге аспайды. Мұнда кідірістің қызметі де жоғары. Яғни бунақтар бір-бірінен кідіріс арқылы бөлінеді де, өзіндік әуен өрнегімен ерекшеленеді. Оған төмендегі мысалды үлгі ретінде ұсынамыз

Мысалы:

   

Қазақ тілінмеңгеріп жүр екен  /// және Қазақ // тілін үйреніп /// деген екі сөйлем екі түрлі айтылған. Алғашқы сөйлемде бір, соңғы сөйлемде – екі бунақ бар. Кідіріс пен әуенді өзгерту арқылы бұл сөйлемдерді екі түрлі оқып, екі түрді мағынада түсінуге болады. 

Екіншіден, әуенді өзгерту арқылы сөйлемнің айтылу мақсатын айқындауға болады. Мұны былайша өрнектеуге болады.


Мысалы:   –  Не / сұрайт?

–  Сүйүншү.

–  Сүйүншү?

[img width="230" height="14" src="file://localhost/Users/imektep01/Library/Caches/TemporaryItems/msoclip/0/clip_image009.gif" v:shapes="_x0000_s1035">ÇжаңалығыÇбарÇсыйақты деген диалогта сүйінші сөзі әуеннің құбылуына байланысты бірде хабарлау, бірде сұрау мақсатын білдіріп тұр.

  Үшіншіден, айтылған ойдың немесе сөйлемнің тиянақталуын шартты белгілер арқылы өрнектеп жеткізуге болады.


Мысалы: ОнұңÇайтыпÇкеткендері / осұ. Сызбасынан көріп отырғанымыздай сөйлемнің соңғы жағы бәсең әуенмен аяқталады. Ал егер мұны ары қарай жалғастырып «Оның айтып кеткендері осы күні расқа айналды» дейтін болсақ, тиянақсыз әуенмен екіге бөлінеді. Сызбасы:

 

ОнұңÇайтыпÇкеткендері // осұ9гүнү // расқ¢Çайналды.

Осыған қарап әуеннің өзгеруіне байланысты бірде тиянақты, бірде тиянақсыз ойдың пайда болатынын аңғару қиын емес.

Төртіншіден, әуен сөйлем құрамындағы мүшелердің бір біріне қандай қатынаста тұрғанын көрсете алады. Ойдың санамалап айтылуын немесе қарсылықты мәнде тұрғанын да осы әуен арқылы көрсетуге болады.

 

Мысалы, СенÇбілмесең // менÇбілем – деген сөйлемнен әуеннің құбылу деңгейіне қарап қарсылықты қатынаста тұрғанын ажыратымыз. Анықтауыштық немесе предикативтік қатынаста тұрған мүшелерді де осылай ажыратуға болады:

 
   

Мысалы,Отүз // алтыға /  қалдықсызÇбөлүнөдү.

[img width="95" height="12" src="file://localhost/Users/imektep01/Library/Caches/TemporaryItems/msoclip/0/clip_image020.gif" v:shapes="_x0000_s1049">

[img width="138" height="13" src="file://localhost/Users/imektep01/Library/Caches/TemporaryItems/msoclip/0/clip_image021.gif" v:shapes="_x0000_s1050">ОтүзÇалтыға //  қалдықсызÇбөлүнөдү.

  Алғашқы сөйлем толымды болып, предикаттық қатынас көрініп тұрса, екінші сөйлемнің бастаушы жасырын болып мағынасы мүлдем басқа сөйлемге айналған. Мұны жүзеге асырып тұрған интонацияның құрамдас бөлігі әуен екеніне көз жеткіземіз.

Қорыта келгенде, мәтінді орфоэпиялық жағынан өрнектегенде түре шартты белгілердің қолданылуы маңызды. Орфоэпиялық жағынан түрленетін ең кіші бөлшек бунақ немесе синтагма болып шығады. Синтагмааралық шекте ешқандай фонетикалық құбылыстар жүзеге аспайды.  

Жоғарыда аталған үлгілер түрлі нұсқада жоғары оқу орындарында да оқытылып жатыр. Ендігі кезекте бұларды тұрақтандырып, ортақ бір үлгіге қол жеткізетін уақыт келді деуге болады. Біздің ұсынып отырған үлгімізді басшылыққа алудың ұтымды тұстары компьютерлік мәтін терім жұмысына оңтайлы болуында. Мұның өзі орта және орталау білім ортасына арналған әдістемелік құралдарды ұсынуға мүмкіндік береді.

1.  Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –784 б.

2.  Ахметов З. –Алматы, Мектеп. –125 б.

3.  Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. –Арыс, 2004. –200 б.

4.  Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы: оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. –277 б.

comments powered by HyperComments

Қосымша материалдар